Жиынтық бағалаудың тест спецификациясы


  Емтихан жұмысының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата29.03.2023
өлшемі1,44 Mb.
#173248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
TS KAZ G11 KZSL

3. 
Емтихан жұмысының сипаттамасы 
Барлық оқушылар 2 емтихан жұмысын орындайды.
1-емтихан жұмысы оқылған мәтінді түсіну мен жазу дағдыларын бағалауды көздейді.
2-емтихан жұмысында эссе жазылып, оқушының жазылым жұмысын дәйекті және дәл 
жоспарлай алуы, идеясын нақты жеткізуі бағаланады.
 
3.1 
1-емтихан жұмысы: Оқылым мен жазылым 
 
Оқушыларға 60 балмен бағаланатын 5 сұраққа жауап беруге жалпы 1 сағат 45 минут 
беріледі. 5 сұрақ бөлімдерге бөлінген. Барлық бөлімдер міндетті болып есептеледі. Барлық 
сұрақтар қазақ тілінде, сондықтан жауаптар да қазақ тілінде болуы шарт. Оқушыларға өтілген 
материалдан 650 сөзден тұратын 2 мәтін үзіндісі беріледі. Оқушылар нақты және жалпы түсінікке 
арналған сұрақтарға жауап беріп, мәтінге байланысты сәйкестендіру мен қорытынды жасау 
тапсырмаларын орындаулары қажет. Берілген тапсырма оқушылардың тілді қолдану мен мәтінді 



түсіну дағдыларын (жалпы түсінуге арналған оқылым, нақты ақпаратты айқындауға арналған 
оқылым, жол арасынан оқу), қорытынды жасауы және өз ойы мен көзқарастарын нақты жеткізе 
білуін бағалайды. Жауап балл қою кестесіне сәйкес бағаланады. 
Бөлім Бағалау 
міндеттері
 
Балл 
Сипаттамасы 

1-БМ 
2-БМ 
3-БМ 
1-сұрақ - 5
2-сұрақ - 5
3-сұрақ -15 
(оның 
ішінде 10 
балл - 
мазмұны 
үшін, 5 
балл - тілі 
үшін) 
Барлығы= 
25 балл 
Бірінші бөлімде бір мәтінге үш сұрақ беріледі.
Бірінші сұрақта оқушылар мәтіннен сөздердің сәйкес 
мағыналарын табады. 
Екінші сұрақта оқушылар сөйлемді берілген сөздерден 
бастап, мағынасын сақтай отырып өз сөздерімен қайта 
жазады. 
1,2-сұрақтар бойынша сөздердің лексикалық мағынасын 
түсінуі мен грамматикалық дағдылары бағаланады.
3-сұрақ түсінікке бағытталған, яғни ашық сұрақтарға 
берген жауабы арқылы мәтіндерді түсінгені бағаланады.

1-БМ 
2-БМ 
3-БМ 
4-сұрақ 10 
(мазмұны) 
5 (тілі) 
Барлығы 
15 балл 
Екінші бөлім бір мәтін негізінде құрылған бірнеше 
сұрақтан тұрады. 
4-сұрақта оқушылардың нақты сұраққа жауап беру 
дағдысы және сұрақ бойынша жалпы түсінігі бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет