Байланысты: osh sor kazahskiy-jazyk emn 10-klass kaz
Экологиялық проблема. Экологиялық проблема дегеніміз – қоғам мен табиғаттың қарым қатынасының айналадағы ортаны сақтаудың проблемасы. XX ғасырдың екінші жартысында айналадағы ортаға түсетін салмақ ерекше күрт өсті. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым қатынаста сапалық өзгеріс байқалады. Бұл халық санағының күрт өсуімен түсіндіріледі. Планетаның интенсивті түрде индустриялануы мен урбандалуы нәтижесінде шаруашылық салмақ жер- жердің бәріне экологиялық жүйелердің өздігінен тазару және қалпына келу қабілетінен асып түсе бастады. Ормандардың құртылуы қатерлі шекке жетті. Жыл сайын 11 млн тропиктік орман ғайып болды. Шөлге айналу процесі жүріп жатыр. Соңғы жылдары стратосфераның озон қабатының бұзылу қаупі анықталды. Бұл әсіресе
24
Антарктида үстінде анық байқалып отыр. Шешу жолдары: қалдықсыз технологияны қолдану, дамушы елдерде энергетика проблемасын шешу, ормандар салу, қорықша және қорықтар сияқты территориялардың салынуын ұйымдастыру.