Ғаламдықмәселелер XX ғасырдың соңғы он жылы дүние жүзі халықтары алдына көптеген шиеленіскен және күрделі проблемаларды қойды. Олар ғаламдық проблемалар деген атқа ие болды.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз – бүкіл адамзатқа қатысты проблемалар. Олар дүниежүзілік қоғамдастық елдердің арасындағы қарым қатынастарды, қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарды, ресурстармен қамтамасыз етуді бірлесіп шешу мәселелерін қамтиды. Ғаламдық сұрақтар мен ғаламдық жауаптардың болуын, оларды шешу үшін кең көлемді халықаралық ынтымақтастық болуын қамтамасыз етеді. Ғаламдық проблемалар өзінің бір бірімен әрекеттесуінде өзінше мынандай үшбұрыш құрайды: халықтық әлеуметтік және экономикалық дамуы, айналадағы ортаға ықпалы.
Ғаламдық проблемалардың түрлері: қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің сақталуы, экологиялық, демографиялық, энергетика және шикізат, азық- түлік проблемасы, дүниежүзілік мұхит, ғарышты бейбіт мақсатта игеру проблемасы.