Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Алгебра
8-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Содержание
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 7
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 19
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Квадрат түбір және иррационал өрнек»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
|
Тақырып
|
Нақты сандар
Квадрат түбір
Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
функциясы, оның графигі және қасиеттері
|
Оқу мақсаты
|
8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру
8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау
8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту
8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау
8.4.1.1 функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы:
Иррационал сандарды анықтайды
Квадрат түбірдің мәнін бағалайды
Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылады
Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің мәндерін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады
функциясының қасиеттері мен графигін қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
25 минут
|
Тапсырма
1. Иррационал сандарды теріп жазыңыз:
19; ; ; 5,639; ; 2; ; 4,(3)
[1]
2. Аралығында мына сандар болатын қатарлас екі бүтін санды жазыңыз:
a) b)
[2]
3. Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылып, өрнекті ықшамдаңыз:
[3]
4. Өрнектің мәнін табыңыз:
[3]
5. функциясы берілген.
функцияның графигін сызыңыз;
функцияның анықталу облысын;
болғандағы функцияның мәнін;
у = -3 болғандағы х-тің мәнін табыңыз.
[4]
|
Бағалау критерийлері
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Иррационал сандарды анықтайды.
|
1
|
иррационал сандарды көрсетеді
|
1
|
Квадрат түбірдің мәнін бағалайды
|
2
|
бірінші иррационал сан үшін көршілес бүтін сандарды анықтайды
|
1
|
екінші иррационал сан үшін көршілес бүтін санды анықтайды
|
1
|
Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылады
|
3
|
бөлшектің алымын да бөлімін де бөлімінің түйіндесіне көбейтеді
|
1
|
түрлендірудің әдісін таңдайды
|
1
|
дұрыс жауап көрсетеді
|
1
|
Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің мәнін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.
|
4
|
жақшаларды ашады
|
1
|
ұқсас мүшелерді біріктіреді
|
1
|
жауабын жазады
|
1
|
функциясының қасиеттері мен графигін қолданады.
|
5
|
функциясының графигін салады
|
1
|
анықталу облысын жазады
|
1
|
аргументтің мәні бойынша функция мәнін табады
|
1
|
функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады
|
1
|
Жалпы балл:
|
13
|
«Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні: ___________________________________________
Бағалау критерийлері
|
Оқу жетістіктерінің деңгейлері
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Иррационал сандарды анықтайды.
|
Иррационал сандарды анықтауда қиналады.
|
Иррационал сандарды анықтауда, қателіктер жібереді.
|
Иррационал сандарды дұрыс анықтайды.
|
Квадрат түбірдің мәнін бағалайды.
|
Квадрат түбірдің мәнін бағалауда қиналады.
|
Квадрат түбір астындағы санның мәнін бағалауда қателіктер жібереді.
|
Квадрат түбірдің мәнін дұрыс бағалайды.
|
Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылады.
|
Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылу амалын орындауда қиналады.
|
Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылу әдісін қолданады, өрнекті түрлендіруде қателіктер жібереді.
|
Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан дұрыс арылады.
|
Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің мәнін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.
|
Өрнектің мәнін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін қолдануда қиналады.
|
Квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады, қысқартуда / есептеуде қателіктер жібереді.
|
Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің мәнін есептеуде квадрат түбірдің қасиеттерін дұрыс қолданады.
|
функциясының қасиеттері мен графигін қолданады.
|
Функцияның графигін салуда және қасиеттерін қолдануда қиналады.
|
Функцияның графигін салады, қасиеттерін қолданып анықталу облысын табуда / функцияның аргументтің мәнін анықтауда қателіктер жібереді.
|
Функцияның графигін дұрыс салады және қасиеттерін дұрыс қолданады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |