Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ әдебиеті



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі1,83 Mb.
#90629
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ОШ СОр Әдебиет 5-сынып

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білім алушы

  • Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды

  • Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды

Жоғары деңгей дағдылары









Орындау уақыты

15-20 минут



1-тапсырма
Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың бейнесін (негізгі ойын, көзқарасын) анықтаңыз.



Асан қайғының (автор бейнесі) жерге айтқан сыны арқылы жердің қандай қасиеттері туралы айтқанын анықтаңыз.

Асан қайғының сыны

Қандай қасиеттер туралы айтады?

Автор қандай адам?

Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала бола алмас», - деген екен.







Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.




Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», - депті.




Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» - депті.




Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар, жұртың ашықпас!» - деп жүріп кетіпті.






2-тапсырма
«Қобыланды батыр» жырындағы батыр бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз.



«Қобыланды батыр»
жырындағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері

Ортақ
белгілері
(ұқсастықтары)



Қазіргі замандағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері
















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет