Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі мен әдебиеті


Бөлім «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы»



бет21/22
Дата13.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#100243
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ОШ СОр Қазақ тілі Т2 7кл

Бөлім «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы»





Оқу мақсаты

7.3.4.1 Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау

7.4.4.1.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады

  • Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды, презентация ұсынады





Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма

Екі мәтінді түсініп оқып, кесте бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз.


1-мәтін

Автоматты индустрия саласында адамсыз жүретін көліктер соңғы жаңалық болды. Өзі жүретін машиналар уақыт пен отынды үнемдеп, апаттардың алдын алып, автоматтандырылған тұрмыс-тіршілікте үлкен жетістік болып саналады. Осы көлікті ойлап тапқан жетекші компаниялардың бірі - Google.

Компания директоры Ларри Пейдж: «Өзі жүретін автомобильдің біздің тұрмыс-тіршілік пен қоршаған ортаны қалай өзгертетінін елестетіп көріңіздер. Жасыл желек көбейеді, көлік қоятын орындар кемиді, жүріп-тұру оңайлайды, апат азаяды, бос уақыт та көбейеді. Бұрынғыдай кептелісте көп уақыт жоғалтпайсың. Орташа есеппен бір америкалық шамамен жұмысына жету үшін күн сайын 50 минутын шығын қылады. Енді осы уақыттың бәрін басқа іске арнауға болады. Мамандар автомат көліктердің алғашқы нұсқаларын қазірдің өзінде сынақтан өткізіп жатыр. Бірақ олар бұл көліктер жалпы жұртқа жеткенше 10 жылдай уақыт керек», - дейді.
2-мәтін

«Samsung» компаниясы жақында шығарған Galaxy смартфонындағы экран бетіне қолды тигізбей-ақ басқару технологиясын одан әрі жетілдіріп келеді. «Samsung» Техас университетінің ғалымдарымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға таптырмас құрал ойластыруда. Технология бас киім, Galaxy Note планшеті және арнайы қосымша көмегімен жүзеге асатын болады. Қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен плей-листтегі тректерді таңдауға болады. Жүйе мидағы бұйрықты сканерлеп, оны шын бұйрыққа айналдырады. Ғалымдардың сөзінше, технология әзірше шикі. Мысалы, арнайы бас киімді жөндеп орналастыру үшін 45 минут уақыт кетсе, электродтардың мидағы жұмысты қабылдауы үшін басқа арнайы гель жағуға тура келеді. Бірақ қазірдің өзінде жүйе 90% дәлдікпен жұмыс жасап тұр.



Екі мәтіннің ұқсастығы


Айырмашылығы





Негізгі идеясы





Мақсатты аудиториясы






2-тапсырма

«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» тақырыбында мәліметтер жинақтап, презентация жасаңыз. Берілген суреттерді қолданыңыз.


1-топ


Тірек сөздер: зиян, уақыт, денсаулық, қарым-қатынас, сөздік қор, мінез-құлық, тәуелділік

2-топ


Тірек сөздер: уақыт, байланыс, танысу, жұмыс, ойын, қарым-қатынас, мүмкіндік



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет