Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі мен әдебиеті



бет6/22
Дата13.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#100243
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ОШ СОр Қазақ тілі Т2 7кл

Ойлау дағдыларының

деңгейі Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма

Ұсыныс түрінде берілген мәтінді түсініп оқып, тілдік ерекшелігін анықтаңыз, талдау жасаңыз.
Бос уақытта қандай іспен айналысса болады?

Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз», - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады?



  • Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады.

  • Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.

  • Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б.

  • Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз.

  • Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз.

  • Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, жаттығулар жасаңыз.



2-тапсырма

Д.Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасы бойынша мәліметтерді жинақтап, «Робинзонның 1 күні» тақырыбында презентация жасаңыз. Шырай түрлерін (салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы) қолданыңыз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет