Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі мен әдебиеті


«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



бет20/22
Дата30.12.2022
өлшемі2,6 Mb.
#164883
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
7 СОРы

«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау


















«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау


1-тапсырма
Екі мәтінді түсініп оқып, кесте бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз.
1-мәтін
Автоматты индустрия саласында адамсыз жүретін көліктер соңғы жаңалық болды. Өзі жүретін машиналар уақыт пен отынды үнемдеп, апаттардың алдын алып, автоматтандырылған тұрмыс-тіршілікте үлкен жетістік болып саналады. Осы көлікті ойлап тапқан жетекші компаниялардың бірі -Google.
Компания директоры Ларри Пейдж: «Өзі жүретін автомобильдің біздің тұрмыс- тіршілік пен қоршаған ортаны қалай өзгертетінін елестетіп көріңіздер. Жасыл желек көбейеді, көлік қоятын орындар кемиді, жүріп-тұру оңайлайды, апат азаяды, бос уақыт та көбейеді. Бұрынғыдай кептелісте көп уақыт жоғалтпайсың. Орташа есеппен бір америкалық шамамен жұмысына жету үшін күн сайын 50 минутын шығын қылады. Енді осы уақыттың бәрін басқа іске арнауға болады. Мамандар автомат көліктердің алғашқы нұсқаларын қазірдің өзінде сынақтан өткізіп жатыр. Бірақ олар бұл көліктер жалпы жұртқа жеткенше 10 жылдай уақыт керек», - дейді.
2-мәтін

Екі мәтіннің ұқсастығы




Айырмашылығы







Негізгі идеясы







Мақсатты аудиториясы






«Samsung» компаниясы жақында шығарған Galaxy смартфонындағы экран бетіне қолды тигізбей-ақ басқару технологиясын одан әрі жетілдіріп келеді. «Samsung» Техас университетінің ғалымдарымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға таптырмас құрал ойластыруда. Технология бас киім, Galaxy Note планшеті және арнайы қосымша көмегімен жүзеге асатын болады. Қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен плей-листтегі тректерді таңдауға болады. Жүйе мидағы бұйрықты сканерлеп, оны шын бұйрыққа айналдырады. Ғалымдардың сөзінше, технология әзірше шикі. Мысалы, арнайы бас киімді жөндеп орналастыру үшін 45 минут уақыт кетсе, электродтардың мидағы жұмысты қабылдауы үшін басқа арнайы гель жағуға тура келеді. Бірақ қазірдің өзінде жүйе 90% дәлдікпен жұмыс жасаптұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет