2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстырады
Автор берген мінездемені анықтайды
Мінездемедегі тілдік құралдардыталдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындаууақыты 15-20 минут
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді өзгелердің пікірімен салыстырыңыз. Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрамда жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынанда, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Солтұстағы аса ірі сауда орталығы Таразболды.Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған.Тараздың жүрегі–мешіттері,керуен сарайлары болса,базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. ЕртедеТараз қаласындағы сауда базарын көргендер«Таразбазары–әлемайнасы»дейтін.Себебі,бұл жақта кезкелген
дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.