Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттегі оқиғаға дейін не болды деп ойлайсың? Ары қарай не болуы мүмкін?
2-тапсырма
Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен суретті пайдаланып, «Араша» тақырыбына мәтін құрап айт.
Тірек сөздер: бақ іші, құстың ұясы, балапанның даусы, мысық, қуып жіберу, балапанды аяу, бас киім, ұяға салу, құстардың алғысы, өз ісіне риза болу.
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
Білім алушы
|
Балл
|
Суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын
болжайды
|
1
|
суреттің мазмұнына сәйкес болжам жасайды;
|
1
|
Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгіме құрастырады Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
|
2
|
тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
|
1
|
мәтіннің құрылымдық бөліктерін
сақтайды;
|
1
|
сөйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізеді;
|
1
|
тірек сөздерді орынды қолданады;
|
1
|
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
|
1
|
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
|
1
|
Жалпы балл
|
7
|
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды
Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгіме құрастырады Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
|
1-2
|
Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжауда, берілген тақырып бойынша мәтін құрастыруда қиналады.
|
Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжауда/тақырыпқа сәйкес мәтін құрастыруда/ мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтауда/тірек сөздерді қолдануда қателіктер жібереді.
|
Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжап айтады, берілген тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады.
| « Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық
Сөйлеу әрекетінің түрлері
|
Оқылым Жазылым
|
Оқу мақсаты
|
3.2.1.1 Тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.1.1 Жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Мәтіннің түрлерін ажыратады
Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді
Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Назым секіргіш жібін алып, аулаға шықты. Секіріп ойнай бастады. Жанына досы Шынар келіп, біраз қызықтап тұрды да:
Назым, екеуіміз кезек секіріп ойнайық, - деді.
Бұл менікі, керек болса өзіңдікін әкел де, секіре бер,- деді Назым.
Шынар ренжіп, кетіп қалды. Назым жалғыз өзі ойнап, жалықты. Ол қабағын түйіп, үйіне кірді.
Қызым, саған не болды? - деді анасы.
Ойын қызық емес, - деді Назым.
Шынар екеуің бірігіп ойнағанда қызық болар еді,- деді, манадан бері қызын терезеден бақылып тұрған анасы.
Назымға ойын неліктен қызықсыз болды? Белгіле ()
Ол қатты шаршады. Ол жалғыз өзі ойнады. Оған секіргіш жіп ұнамады.
Назымның анасының айтқанымен келісесің бе? Неліктен?
Мәтіннің түрін анықта.
2-тапсырма
Оқыған мәтіннен қандай ой түйдің? Көмекші сөздерді пайдаланып, ойыңды жаз.
Көмекші сөздер: менің ойымша, себебі, өйткені, сондықтан.
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәтіннің түрлерін ажыратады
Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді
|
1
|
мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа
жауап береді;
|
1
|
мәтіннің мазмұнына қатысты өз ойын
білдіреді;
|
1
|
мәтіннің түрін анықтайды;
|
1
|
Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін жазады
|
2
|
мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды
жасай отырып, пайымдау мәтінін жазады;
|
1
|
көмекші сөздерді орынды қолданады;
|
1
|
сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады;
|
1
|
сөйлем құрылымын сақтап жазады.
|
1
|
Жалпы балл
|
7
|
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
|
Тапсыр ма
№
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Мәтіннің түрлерін ажыратады
Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға жауап береді
|
1
|
Мәтіннің түрін анықтауда, мәтіннің мазмұнына қатысты көзқарасын айтуда қиналады.
|
Мәтіннің түрін анықтауда/ мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беруде қателеседі.
|
Мәтіннің түрін дұрыс анықтайды және мәтіннің мазмұнына қатысты көзқарасын айтады.
|
Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін жазады
|
2
|
Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, пайымдау мәтінін жазуда қиналады.
|
Мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасауда/ көмекші сөздерді қолдануда/ сөйлемдердің құрылымын сақтауда қателіктер жібереді.
|
Көмекші сөздерге сүйеніп, оқыған мәтін бойынша пайымдау мәтінін жазады.
|
9
Достарыңызбен бөлісу: |