Сабақтың тақырыбы: «О» бақылау диктанты. 75-80 сөз. Сабақтың мақсаты: «Тіл туралы ойлар» мәтінін түсініп оқып, диктант жазу



Дата30.05.2017
өлшемі48,17 Kb.
#17280
түріСабақ
Казахский язык 8 класс
Информация о планах:
Бұл сабақ жоспары бір жылда 102 сағат, жетісіне үш сағат күнтізбелік жоспар бойынша құрылған. 10 - бақылау диктант, 4- бақылау жұмысы, 4- мазмұндама, 4- тест енгізілген. Жоспарда қолданылған технологиялар: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, Лысенкованың «Алдың ала оқыту», Караевтың саралап деңгейлеп оқыту (деңгейге қарап жеңілден ауырға қарай).

 


Образец разработки урока:

4 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «О» бақылау диктанты. 75-80 сөз.

Сабақтың мақсаты: «Тіл туралы ойлар» мәтінін түсініп оқып, диктант жазу.

Оқушылардың ұқыпты тындау, сауатты жазу, оқығанды түсіну,

ережелерді қолдана білу қабілеттерін тексеріп, білім-біліктерін анықтау.

Оқушылардың санасына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіру, туған тілді

құрметтеуге баулу.

Көрнекілік:

Сабақтың әдісі: практикалық

Сабақтың түрі: бақылау.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезені.

ІІ.Диктант жазуға дайындық.



Тіл туралы ойлар.

Адамзат баласы өз ғұмырында ғасырлар бойы жасап қалыптастырған рухани игіліктердің ішінде тілден көне әрі тілден жасаң, тілден асыл әрі тілден арзан, тілден күрделі әрі тілден қарапайым, күнделікті қажет мұраны тапқан емес. Ол – кешегі-бүгінгі тұрмыс айнасы, тарихтар куәсі ғана емес, белгілі бір халықтың белсенді қатынас құралы, кез келген ұлттың жан-жүрегі.

Тіл – мәңгілік құбылыс. Ұлттардың да даму барысында бірде ілгерілеп өрлеп, бірде баяулап, артта қалып отыратыны – тарихи заңдылық. Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ.

76 сөз.


2. Сөздік жұмыс: ілгерілеп өрлеп, баяулап артта қалып.

3. Тексерілетін ережелер. Тән дыбыс емлесі, жалғаулар, шылау сөздер, күрделі сөз т. б.

4. Диктантты дұрыс тындап, түсініп, қатесіз, таза, орфография заңына сай жазу.

ІІІ. Диктантты тексеріп тапсыру.

Үй жұмысы: 11 бет Мәтін «Қазақстан» түсініп оқу.

5,6 сабақ

Модуль. Туған жерім – мақтанышым.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: «Қазақстан» мәтінін түсініп оқып, жалғастыру. Сөйлемге түсінік беріп,

ажырата үйрету.

Оқу, оқығанды түсініп жалғастыру, қосымша мәлімет айту арқылы

сөйлеу дағдыларын дамыту, жай сөйлемді ажырата біліп, ережесін есіңе

сақтау.

Өз туған елі, жері туралы білімдерін кеңейтіп, сүйіспеншілік сезім тудыру.



Көрнекілік: Қазақстан картасы . Сөйлемдер, сандар жазылған плакаттар. Таблица.

Сабақтың әдісі:

Сабақтың түрі. Жаңа материалды үйрену.

Сабақтың барысы:

Сабақтың ұраны: Қазақ жері – ата-бабам бесігі,

Орман, дала, аса байлық несібең

Жыр –маржанның, сөз асылын арнаймын

Туған жерім мақтанышым өзімнің.

І.Ұйымдастыру кезені.

1.Лексикалық сәті. 227 – жаттығу. 17 бет. Өлең «Қазақстан». Мәнін түсініп мәнерлеп оқу.

Қазақсатан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ. Аманжолов)

ІІ. Үй жұмысын тексеру: 11 бет. Мәтін «Қазақстан» түсініп оқу.

Сөздік жұмысы. 2.1.3. – тапсырма. 12 бет.

Жеке жұмыс: «Қазақстан» сөзін септеу, тәуелдеу.

ІІІ. Жаңа тақырып. Плакатпен жұмыс. (грамматикалық жұмыс).

Қазақстан. Менің туып-өскен жерім. Тамаша ел! Қазақстан қай құрлықтағы ең үлкен мемлекеттердің бірі?

1. Сөйлемдерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Бұл сөйлемдердің өзгешілігі бар ма?

Нені білдіреді? Қалай айтылады? Бұл сөйлемдерді қандай сөйлем дейміз?

2. таблицамен жұмыс. 12-13 бет. Ережені оқып, есте сақтау.

3. Бекіту: 2.1.5. – тапсырма. 13 бет. Берілген материалдан жай сөйлемдерді теріп жазыңдар.

2.1.6.-тапсырма. 13 бет. Көп нүктенің орнына қажетті баяндауышты тауп жазып, сөйлемді аяқтаңдар. Қандай интонациямен айтылады? Неше сөзден тұрады?

2. Қазақстан (мәтінмен жұмыс)

А) Мәтінді түсініп оқып, жалғастыру.

Ә) Парталас достарыңмен сөйлесу 2.1.2. –тапсырма. 12 бет.

Б) 2.1.1. – тапсырма. 12 бет. Еліміз туралы қосымша мәлімет айтыңыз. Өз сөздеріңді төмендегі үлгілермен бастаңдар. (ауызша).

2.1.10.- тапсырма. 14 бет. Сызба бойынша әңгімелендер.

3.Сандарды сөйлет. 1 желтоқсан 1991 ж; 16 желтоқсан 1991 ж; 4 маусым 1992 ж; 15 қараша 1993 жыл.

Үй жұмысы: 1. Ереже 12-13 бет. Жаттау.

2. «Туған жер» шағын шығарма.

3. 2.2.7. – тапсырма. 17 бет. (жеке жұмыс) жаттау.
 
8-сынып. № 47.

Сабақтың тақырыбы. Ұлылар елі.. Сөйлем мүшелері.

Сабақтың мақсаты: «Ұлылар елі» деген мәтінді оқып,мағлұмат алып,мазмұнын айтып беру.

Түсініп оқу, мазмұнын айту арқылы тіл байлығын дамыту, сөз қорын

байыту. Сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне дұрыс сұрақ қойып, ажырату,

жазу, дағдыларын пысықтау.

Өз елінің тарихи орындарын білуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: таблица. «Сөйлем мүшелері»

Сабақтың әдісі:

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

Сабақтың ұраны: Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

Бұл манда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашанда,

Осы бір Отанда тұрғанда!

(М. Мақатаев.)

І. Ұйымдастыру кезені.

ІІ.Үй жұмысы: Өздері тұратын жердегі тарихи орындар туралы әңгімелеңдер.

Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов тұрған жерлер.

ІІІ. Сөздік диктант. Орысшадан қазақшаға аударып жазыңдар.

Древний, политический центр, мавзолей, будущее, тесно связан с историей, священное, святое место, удобное, регион.

2. Ұранды оқып, өз көзқарасын айту. Өз сөзімен айтып беріңдер.

3. Сөздікпен жұмыс. 71-72 бет. 553-тапсырма. 72 бет. Орысша баламасын тауып жазыңдар.

4. Мәтінді оқып аудару.

ІҮ. Бекіту. 551 – тапсырма. 72 бет.Сұрақтарға жауап беріңдер.

554-тапсырма. 72 бет. Пікірлерді дәлелдеңдер. Берілген сөйлемдерді жазып, сөйлем мүшелерінің астын сызып, тыныс белгісін түсіндіріңдер.

Абай, Шәкәрім, Мұхтар – кемеңгер ақын-жазушылар. Шыңғыстау – ұлылар мекені.

558 – тапсырма. Ақындардың өлеңдерін оқып, абай мен Шәкәрім қандай өсиет, ақыл, ой жазып кеткенін айтыңдар. Жаттаңдар.



Үй жұмысы: *557-тапсырма. 72 бет. Үш кемеңгер жайында хабарлама жасаңдар. (ш.д.)

558 – тапсырма. 72-73 бет жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет