Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес сыныптары үшін) пәні бойынша бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4 сыныптар
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 16
Айтылым бөлек тексеріледі
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |