Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 3-сынып



бет13/22
Дата18.10.2022
өлшемі0,78 Mb.
#153738
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
3 сынып 2 токсан соч

Жалпы балл

7




ЖОБА


«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға


арналған рубрика



Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Тапсырма


Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннің түрін және жанрын анықтайды Мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап береді

1


Мәтіннің түрі мен жанрын анықтауда, мәтін бойынша сұрақ қоюда қиналады.




Мәтіннің түрін/ жанрын анықтауда, мәтін бойынша сұрақ қоюда/сұраулы сөйлемнің құрылымы мен тыныс белгісін сақтауда қателеседі.

Мәтіннің түрі мен жанрын анықтайды, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады.


Жалғауларды орынды қолданады

2


Тәуелдік, септік, жіктік жалғауларын қолдануда қиналады.




Тәуелдік/ септік/жіктік жалғауларын қолдануда қателіктер жібереді.




Тәуелдік, септік, жіктік жалғауларын орынды қолданады.




34


ЖОБА

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ





  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4 сыныптар


  1. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу





    1. Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны – 16 балл


    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
35

ЖОБА






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет