36
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Айтуар – ағаш шебері. Оның түрлі құралдары бар. Ол ағаштан кебеже жасады. Кебеже әдемі болып шықты.
Кебеженің ішіне кепкен ет, құрт, май, ірімшік салып қояды. Кебежеге салған тамақ бұзылмайды.
Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін 4 сөйлемді белгіле ().
Айтуар ағаштан кебеже жасады.
Айтуардың құрал-саймандары жоқ.
Кебежеге салынған тамақ бұзылмайды.
Кебеже әдемі болып шықты.
[4]
Кебеженің ішіне тамақ салады.
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
Айтуар ағаштан кебеже жасады.
|
1
|
Әр дұрыс белгілеуге 1 балл қойылады.
|
Кебежеге салынған тамақ бұзылмайды.
|
1
|
Кебеже әдемі болып шықты.
|
1
|
Кебеженің ішіне тамақ салады.
|
1
|
Жалпы балл
|
4
|
|
Айтылым
Жұптық жұмыс
«Музыкалық аспаптар» тақырыбында диалог құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: домбыра, қобыз, сазсырнай, баян, бубен, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар, ұлттық аспап, саз балшықтан, ағаштан, ән, күй, концерт, музыка.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
2
|
Білім алушының ықтимал жауабы:
Анар, мынау қандай аспап?
Бұл – домбыра .
Домбыра қандай аспап?
Ол қазақ халқының ұлттық аспабы. Домбыра ішекті аспаптарға жатады.
Оны қалай ойнайды?
Домбыраны шертіп ойнайды.
|
1
|
Тақырыпқа сәйкес болатын баламалы диалог қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды.
|
1
|
Сұрақтарға лайықты жауап береді.
|
1
|
Сөйлемдердің құрылымын сақтайды
|
1
|
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
|
Жалпы балл
|
4
|
|
Оқылым
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Бүгін – жексенбі, демалыс күн. Самал радиодан ән тыңдап отыр. Роза Рымбаева концерт беріп жатыр. Қазір Роза ән салып тұр. Розаны халық ұнатады. Ол – атақты әнші. Самал оны үнемі тыңдайды. Ол Розаны жақсы көреді.
Іс-әрекеті бойынша мәтіннің кейіпкерлерін анықта. Кейіпкердің атын жаз.
Ол ән салып тұр.
Ол ән тыңдап отыр.
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр.
Мәтін қай жанрда жазылған?
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
Роза/Роза Рымбаева
|
1
|
|
Самал
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Бүгін қай күн?/Самал не істеп отыр?/Кімнің концерті болып жатыр?/Роза Рымбаева кім?/...
|
1
|
Мәтіннің мазмұны бойынша баламалы сұрақтар қабылданады.
|
әңгіме
|
1
|
Жалпы балл
|
4
|
|
Жазылым
Оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: демалыс, радио, ән тыңдау, Роза Рымбаева, концерт, ұнату, атақты әнші, жақсы көру.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
4
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Бүгін демалыс. Самал радио тыңдап отыр. Роза Рымбаеваның концерті болып жатыр. Ол –атақты әнші.
Самал Розаны жақсы көреді. Оның әндерін үнемі тыңдап жүреді.
|
1
|
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтай отырып, мазмұнын жүйелі жазады.
|
1
|
Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
|
1
|
Тірек сөздерді орынды қолданады.
|
1
|
Орфографиялық нормаларды сақтайды (3 қатеден артық емес).
|
Жалпы балл
|
4
|
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |