Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақстан тарихы
5-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар негізгі сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 3
«Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 3
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 8
«Ежелгі көшпелілер өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 8
«Сақтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 15
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 23
«Ғұндар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 23
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
|
Алғашқы адамдардың өмірі
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері
|
Оқу мақсаты
|
5.4.1.1 Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
5.2.2.1 Археологиялық ескерткіштерді сипаттау
5.2.2.2 Археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
1. Төменде берілген ұғымдарды тиісті қатардың біріне орналастырыңыз.
1. Бірнеше ондаған туыс адамдар топтасты.
2. Ұжым тұрақсыз болды.
3. Бірлесіп шаруашылық және қоғамдық істерді шешті.
4. Еңбек құралдары ортақ болды.
5. Жыртқыш аңдардан қорғану үшін топтасты.
6. Ортақ қалыптасқан тіл болмады.
7. Ортақ тіл мен дәстүр қалыптасты.
8. Кездейсоқ құрылым түрі.
2. Төмендегі кестені толтырыңыз.
Археологтар
|
Зерттеу аймақтары
|
К. Ақышев
|
|
Ә. Марғұлан
|
|
Х. Алпысбаев
|
|
3. Андронов мәдениетінің ең басты белгілерін берілген бөлімдер бойынша анықтаңыз. (Тірек-сызбаны толықтырыңыздар)
Қоғамдық бірлестіктері:
Шаруашылықтары:
Діни нанымдары:
Баспаналары:
Ерекшелігі:
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Алғашқы адамдардың ұжымдасуын, олардың еңбек түрлерін анықтайды
|
1
|
тобырға тән белгілерді ажыратады;
|
1
|
руға тән белгілерді ажыратады;
|
1
|
Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер мен археологтардың еңбектерін анықтайды
|
2
|
К. Ақышевтің зерттеген аймақтарын жазады;
|
1
|
Ә. Марғұланның зерттеген аймақтарын жазады;
|
1
|
Х. Алпысбаевтың зерттеген аймақтарын жазады;
|
1
|
Қазақстандағы қола дәуірінің ерекшеліктерін көрсетеді
|
3
|
Андрондықтардың қоғамдық бірлестігін көрсетеді;
|
1
|
Андрондықтардың шаруашылығын көрсетеді;
|
1
|
Андрондықтардың діни-нанымдарын көрсетеді;
|
1
|
Андрондықтардың баспана түрлерін сипаттайды;
|
1
|
Андрон мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді.
|
1
|
Жалпы балл
|
10
|
«Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Алғашқы адамдардың ұжымдасуын, олардың еңбек түрлерін анықтайды
|
Алғашқы адамдардың ұжымдасуын, олардың еңбек түрлерін сипаттауда қиналады
|
Алғашқы адамдардың ұжымдасуын, олардың еңбек түрлерін сипаттауда қателіктер жібереді
|
Алғашқы адамдардың ұжымдасуын, олардың еңбек түрлерін сипаттайды
|
Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер мен археологтардың еңбектерін анықтайды
|
Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер мен археологтардың (Ақышев, Марғұлан, Алпысбаев) еңбектерін анықтауда қиналады
|
Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер мен археологтардың (Ақышев, Марғұлан, Алпысбаев) еңбектерін анықтауда қателіктер жібереді
|
Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер мен археологтардың еңбектерін анықтайды
|
Қазақстандағы қола дәуірінің ерекшеліктерін көрсетеді
|
Қазақстандағы қола дәуірінің ерекшеліктерін анықтауда қиналады
|
Қазақстандағы қола дәуірінің ерекшеліктерін анықтауда қателіктер жібереді
|
Қазақстандағы қола дәуірінің ерекшеліктерін анықтайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |