Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Мәтінді мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Әңгімеле.
Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді. Қасынан өтіп бара жатқан бір қария:
Әй, балам, Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой, - деді. Қарияның сөзіне таң қалған Бейбіт:
Менің анам үйде, аты Зейнеп, - деді.
Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, - деп кете берді қария. Бейбіт ештеңе түсінбей қалды. Ол ....
Сұрақтарға жауап бер.
Анасы Бейбітке не айтады деп ойлайсың?
Жерді қорлау дегенді қалай түсінесің?
Адамдар жерді неліктен анаға теңейді?
Мәтіннен өзіңе қандай сабақ алдың?
[5]
Достарыңызбен бөлісу: |