Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйеніп, оқиғаның
соңын болжайды
• Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Бұлақ көзі тазаланып, Мөлдір су сықылықтап күліп ақты. Тұнық судан ары-бері жүрген адамдар мен жануарлар бір сімірмей өтпейтін болды. Бұл Лай суға ұнамады. Ол Мөлдір суды лайламақ болып, өз арнасын бұрды. Мөлдір судың үстін бастыра ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан Мөлдір су өңін бұзбай, сол қалпында аға берді. Лай су жаман ойының іске аспағанына ыза болды.
Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек, - деп кеудесін қақты.
Онда Көлге барайық. Әділдікті сол айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды келісімге шақырды.
Екеуі Көлге келді.
Қате пікірді белгіле ().
Лай суға Мөлдір судың тазалығы ұнамады.
Лай суға Мөлдір судың күліп аққаны ұнамады.
Кейіпкерлерді сипаттайтын сөздерді анықтап, сәйкестендір.
өзімшіл, қызғаншақ, күншіл
Мөлдір су
әділ, сабырлы, ақылды
Лай су
адал, таза, тұнық, көңілді
Достарыңызбен бөлісу: |