Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Әдебиеттік оқу
3-сынып
1
ЖОБА
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
ЖОБА
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 4
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 17
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 17
«Ғимараттар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 20
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 29
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 29
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 32
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 35
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 42
«Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 42
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 45
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 48
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Тірі табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Тыңдалым және айтылым
түрлері
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық
сұрақтар қою және жауап беру
3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар
бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай
мазмұндау/ сахналау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қойып,
жауап береді
• Мәтіннің мазмұнын өз сөзімен баяндайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен суреттегі жануарлар туралы қандай маңызды ақпарат алдың? Кестеге жаз.
Жануарлар – табиғаттың тамаша жаратылысы. Олар туралы таңқаларлық деректерге көптеген мысал келтіруге болады. Мысалы, құмырсқалар өзінің салмағынан 60 есе ауыр жүкті көтере алады. Оларды палуан құмырсқалар деп атайды. Қолтырауындар тас жейді. Осының арқасында асқорыту жүйесін күшейтеді, суда тепе-теңдікті ұстайды. Ал пілдердің сурет сала алатынын білесің бе? Пілдер - дүниедегі ең ақылды жануарлар. Оның миының салмағы - 5кг. Көбелектер гүлдердің иісін ондаған шақырым қашықтықтан сезе алады. Олар иісті қанаттарының көмегімен сезеді. Ғалымдар тотықұстардың сөйлей алғанымен қоса, үлкен мен кіші, ұқсас және бөлек заттарды ажырата алатындығын дәлелдеген. Жануарлар дүниесінде мұндай қызықты мәліметтер өте көп.
Мәтін бойынша маңызды ақпаратты анықтайтын 1сұрақ құрастыр.
_____________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |