Сыпайы сөйлей білеміз бе? ток шоуы І ж: Армысыздар, құрметті қонақтар, армысыздар құрметті достар! Бүгінгі «Сыпайы сөйлей білеміз бе?»



Дата11.01.2017
өлшемі95,2 Kb.
#6862


Сыпайы сөйлей білеміз бе?

ток шоуы


І ж: Армысыздар, құрметті қонақтар, армысыздар құрметті достар!

Бүгінгі «Сыпайы сөйлей білеміз бе?» тақырыбындағы сырласарлық, ойдағыны ортаға саларлық алаңға қош келіпсіздер! Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз арамызда  сирек сақталады. Сондықтан да бүгінгі бұл тақырып маңызды деп білеміз.



Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары

ақыл мәдениетіне жете алмаймыз.

Орынды  — сөз абыройыңды асырады,

Құр сөз —  құтыңды қашырады.

ІІ ж: Тіл – жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз – бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.

І ж: Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.

ІІ ж: Тіл дедік, сөйлеу дедік, ал  енді сөйлеу әдебі дегеніміз не?

Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.

І ж: Сыпайылық ағыл. politeness – әңгімеге қатысушылардың Тілдік практикасының көрінісі; бір-біріне құрмет көрсетудің әдістері; мәселен, Сен-Сіз есімдіктерін, әңгімеге қатысушының лауазымын, атағына байланысты доктор, профессор, қазіргі кезде сөйлеу этикетінің (әдебінің) мәдениетін көрсететін ханым, мырза сөздерін, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін көрсететін шынайы қошемет сөздер мен сөз тіркестерін әңгіме барысында қосып отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады.



ІІ ж:  Сөйлеу мәдениеті – қызыл сөзден қуырдақ қуыру емес. Сөйлеу мәдениеті елге, елдік мұраттарға қызмет ету. 

сөз – қару, сөз – демеу, сөз – бағыт- бағдар, сөз – іс-қимыл

Десе де, қоғам сыпайы сөйлеп, бекзат қалыпқа еніп, дегдар деңгейге жеткен, біздер сыпайы сөйлеп, үнемі жақсы сөз айта аламыз дей алмаймыз. Оның үстіне әңгіме айтқанда да аспандай бермей, жерге түскен де дұрыс. Сонымен, жердегі әңгіме не дейді. Жердегілер не деуші еді. Бүйдейді де: Дұрыс дейді. Жақсы сөйлеу керек. Сыпайы реуіште жүру керек дейді. Содан соң айтады. Сөгу, былапыт сөйлеу күнә деп айтар сөздерін шегелей түседі. Қосыласың.   Өйткені өзің де солай ойлайсың. Бұл – ой-пікір, бәтуа жағы.

І ж: Ал өмірде, пәни тірлігімізде ше. Мынау бұрышта да, анау қалтарыста да өзімізше айтқанда, сол баяғы айтпау керек деген сөздердің қаптап айтылатыны. Былапыт, кесапат, кеще сөздер бұршақша жауады. Борандай борайды кей-кейде. Бұл не сонда? Іштей де, сырттай да қарсы болғанымызбен, етіміз, шіркін, көнбістік танытады. Келіседі. Өйткені әбден үйренген. Соған бола жағасынан аласың ба? Алайын десең, өзіңнің тілің де кейде сол сөздерді қайталап қалады. Жә, осымен тоқтаталық. Көпке топырақ шашпалық. Көптің ішінде көргенділері, жақсысы мен жайсаңдары көп-ақ. Көпшілік не дейді екен? Ендеше ортаға алғашқы қонағымызды шақырсақ.

Жақсы сөз – жарым ырыс сағынатын,


Қиыннан қиюласып табылатын.
Қымбат ол, аяулы ол нақ әулиедей,
Тек жүрек әміріне бағынатын.

Жақсы сөз айта алады Жақсы ғана,


Әр Жақсы – Алты Алашқа бақ сыбаға.
Жақсы сөз тыңдау үшін әр Жақсыға
Болудан арланбаймын атшы бала- дей келіп, ортаға «Жақсы сөз- жан семіртер» деген ұстанымдағы ________________қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық.

Қош келдіңіз. Құрметті _______________өз ұстанымыңыз жайлы таратып айтсаңыз.



Cұрақ: ( пікірін білдіріп болған соң) Жақсы сөз – жан семіртетіні, көңілге қуаныш, медеу сыйлайтыны анық. Десе де, кейде біздің ұстаздарымыз, аналарымыз жақсы сөзбен-ақ жанымызды шығарып алып жатады. Осы жайлы не айтасыз?

ІІ ж: Сыпайылық- ұяңдық, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсу, орынды сөзін айта алмас, «көп айтса көнді, жұрт айтса болды» емесі анық. Ортаға келесі қонағымызды шақыралық. «Еңкейгенге еңкей, ол адамның құлы емес, Шалқайғанға шалқай, ол Алланың ұлы емес» деген ұстанымдағы____________________ . Қошеметтеріңіз.



Сұрақ: Шалқаю, менің түсінігімше, көкірек керу, кісімсіну, сөзді жүре тыңдау, менсінбеу де, еңкею екінші бір адамға деген сый-құрмет болса керек. Адамдарға қалай еңкейесіз, қалай шалқаясыз, осы жөнінде таратып айта кетсеңіз.

Пікірін білдіріп болғаннан кейінгі сұрақ: Шалқаю мен еңкею екінші бір адамның сізге деген қарым-қатынасына байланысты екені түсінікті. Ал сіз өзіңізден үлкен немесе өзіңізден кіші жаннан дөрекі сөз естідіңіз делік. Сіздің жауабыңыз, сөзіңіз қандай болады деп ойлайсыз?

І ж: Пікіріңізге рахмет

Жақсы сөз – көпшік қойып мақтау емес,
Әдептен, ұяттан да аттау емес.
Жылуын жүрегіңнің ақ жарылған
Шым бүркеп, ішке бүгіп сақтау емес.

Жақсы сөз – аққу сезім балапаны,


Ып-ыстық ізгі ұғымның алақаны.
Көңілден көлеңкені қуып шығар –
Нұр шашар шұғылалы дала таңы.

ІІ ж: Сөз - адам мінезінің айнасы. «Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер» деген тағы бар. Келесі қонағымыз: «Мінез тағдыр дауылдарында сыналады», - дейді. Ортада ________________ . Қол соғып, қошеметтеп қойсақ.

Сұрақ: Жақсы сөйлеу мен дөрекі сөйлеу мінезге байланысты ма? Ашуы қатты, қатал адамдардың тілдік қолданысынан жақсы сөз шыға ма?

ІІ ж: Сөйлеу мәдениеті өзінен-өзі қалыптасып, өзінен-өзі нығаймайды. Ұлт мақтанышы, адамзаттың Әуезові: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деген. Демек, жастай бойға сіңірер тәрбиеде көп мән бар. Саналы ұрпақ тәрбиелеу –ұстаз міндеті. Мектеп психологі ретінде мына жас шыбық, елдің ертеңі, болашақтың егелеріне айтары бар, «Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі»,- деген ұстанымдағы Оразгелдиева Сандуғаш ханымды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырсақ.

Сұрақ: Қазіргі жастар отсапта (телефонда) көбіне жаргондатып, сөзді толық айтпай, қысқартып сөйлейді. Бұл жөнінде не дейсіз?

Тыңдармандарға сөз: Құрметті қонақтар, құрметті достар, көптеген пікір ортаға салынып талқыланды. Сіздер не айтасыздар? Өз пікірін біліремін дегендер болса, ортаға келіп сөз алса екен.

І ж: Сыпайылық – әдептілік. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық. Құндылықты жоғалту –құныңды жоғалту. Әдепті болу, мәдениетті болу, сыпайы сөйлеу, тіл мәдениетін сақтау - әрбір тұлғаның ұлттық борышы.

ІІ ж: Жалғандағы ең көркем нәрсе – сөз. Сөз-көңілдегі көркем ойды жеткізетін таптырмас құрал. Сөз-көңілдің бұлағы.

Тек қана көпті ұйытып,тебірентер ойлы да,

Салмақты жақсы сөзді айта білейік!

Сөздің нарқын бағалай білетін, тілімізді тоздырмай, қастерлей білетін достарымыз көбейсін!



Жақсы сөзде береке бар, ырыс бар,

Кесір сөзде талас пенен ұрыс бар.

Бір сөздердің түбі бұрыс болғанда,

Бір сөздердің астарында «дұрыс» бар.

І ж: Жақсы сөз – сара көңіл аңғарғаны,


Сүйсініп, мейірленіп таңғалғаны.
Емдейді ол жұлынды да, жүйкені де,
Жота, жон жадыратып бал бармағы.

Жақсы сөз із түсірсе зердеде ояу,


Қашанда көңілге дәз салмас қаяу.
Құлағын көп бұраймын зейілімнің,
Қалма деп парасаттан қара жаяу,- дей отырып, кеш қонақтарының қорытынды пікірлерін, түйінді сөздерін тыңдасақ. ( Қонақтарға « гүл, күн, тікен, тіл» сөздерін таратып беру)

ІІ ж: Түйінді ой, құнды пікірлеріңізге рахмет.

Құрметті достар, егемен еліміздің егелері, ұлтымыздың өркендері, біз айтқан нәрсе бос емес, әлі де болса кеш емес, ойланайық! Сыпайылықты болбырлыққа алмастырып алмайық! Ашық боламын деп, әдептіліктен қашық болмайық! Кеуде соғып, тасып- толмайық! Тілдің шырайын жоғалтып алмайық! Ойланайық! Айтылған сөздерді ойға алайық! Жақсы күндерде жақсы көңіл-күймен кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Дайындаған: Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№194 орта мектебінің



мұғалімі Кансейтова Шолпан


 1

Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер


2

Аяғы жаман төрді былғар,

Аузы жаман елді былғар


3

Сөйлей білмеген кісіден,

Үре білген ит артық


4

Ашуың келсе – қолың тарт,

Айтпас жерде – тілің тарт


5

Аз сөйлесең де

саз сөйле


6

Найзалассаң найзалас,

Тіл найзаңмен түйреме,

Тіл найзаңмен түйреп ап,

Олай-бұлай сүйреме


7

Байлауы жоқ шешеннен,

үндемеген есті артық.


8

Жыланның уы тісінде,

Адамның уы тілінде


9

Ойнап сөйлесең де,

Ойлап сөйле


10

Алдына келгеннін жеу – айуанның ісі.

Аузына келгенді сөйлеу – ақымақтың ісі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет