Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Физика


-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет4/12
Дата04.04.2022
өлшемі5,61 Mb.
#137849
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
БЖБ Физика 7-сын қаз

2-ТОҚСАН

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Тығыздық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Оқу мақсаттары

7.2.2.12 - әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану


7.2.2.13 - тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру
7.2.2.15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мензуркамен сұйықтың көлемін өлшейді

  • Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын анықтайды

  • Заттың тығыздығын анықтайтын формуласын қолданып есептер шығарады

Ойлау дағдыларының
Деңгейлері



Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

20 минут



Тапсырма

  1. Мензуркаларға қарап тапсырманы орындаңыз.





  1. Қай мензуркаға ең көп сұйықтық құюға болады?____

  2. Қай мензуркамен сұйықтықтың көлемін ең аз қателікпен өлшеуге болады? ____

  3. Қай мензуркамен ыдыстағы кофе көлемін дәлірек өлшеуге болады?_______

  4. 1 литрлік ыдыстағы су көлемін қай мензурканың көмегімен тез өлшеуге болады? ___

  5. 1-ші мензуркадағы сұйықтықтың көлемін анықтаңыз_______

[5]
2. Блоктардың қайсысының тығыздығы үлкен? Өсу ретімен орналастырыңыз.

1

2

3

4

5

6





















[4]
3. Алюминий текше көлемі 550 см3 болғанда массасы 1100 г болады. Бұл текше тұтас па, әлде қуысы бар ма? Жауабыңызды негіздеңіз. (Алюминий тығыздығы 2700 кг/м3)
[2]

Жалпы: [11]





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мензуркамен сұйықтың көлемін өлшейді

1

сыйымдылығы үлкен мензурканы анықтайды

1

өлшеу қателігі аз мензурканы анықтайды

1

өлшеу дәлдігі жоғары мензурканы анықтайды

1

берілген су көлемін тез/жылдам өлшеуге болатын мензурканы анықтайды

1

мензуркадағы сұйықтың көлемін анықтайды

1

Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын анықтайды



2

заттың тығыздығын анықтайтын формуланы біледі

1

әр блоктың тығыздығын анықтайды

1

блоктардың көлемдерін анықтайды (ХБЖ – ға келтіреді)

1

блоктардың тығыздығын өсу ретімен орналастырады

1

Заттың тығыздығын анықтайтын формуласын қолданып есептер шығарады

3

шамаларды ХБЖ-не келтіреді

1

алынған нәтиже мен алюминийдің тығыздықтарын салыстыру арқылы жауабын табады

1

Жалпы балл

11


«Тығыздық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Мензуркамен сұйықтың көлемін өлшейді

Мензуркамен сұйықтың көлемін өлшеу қиындық туғызады




Сыйымдылығы үлкен/ өлшеу қателігі аз мензурканы/ өлшеу дәлдігі жоғары мензурканы/ берілген су көлемін тез өлшеуге болатын мензурканы / мензуркадағы сұйықтың көлемін анықтау кезінде қателіктер жібереді



Мензурканың көмегімен сұйықтың көлемін дұрыс өлшейді




Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын анықтайды



Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын анықтауда
қиындық туғызады



Блоктарды тығыздығына қарай ретпен орналастыру кезінде қателіктер жібереді

Денелердің көлемі мен массаларын біле отырып, заттардың тығыздығын дұрыс анықтайды



Заттың тығыздығын анықтайтын формуласын қолданып есептер шығарады

Заттың тығыздығын есептеу формуласын қолданып, есептер шығару қиындық туғызады

Дененің тығыздығын анықтайтын формуланы қолданады, алынған нәтижені алюминийдің тығыздығымен салыстыру кезінде қателіктер жібереді



Заттың тығыздығын есептеу формуласын дұрыс қолданып, есептер шығарады

«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау







Оқу мақсаттары

7.2.2.1 - инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру


7.2.2.10 - масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
7.2.2.3 - пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру
7.2.2.5 - Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
7.2.2.6 - тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау
7.2.2.9 - денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау













Бағалау критерийі

Білім алушы

  • «Инерция» құбылысын анықтайды

  • «Масса», «салмақ», «ауырлық күші» ұғымдарын ажыратады

  • «Пластикалық деформация» және «серпімді деформация» түсініктеріне мысалдар келтіреді

  • Гук заңын пайдаланып есептер шығарады

  • Үйкеліс түрлерін сипаттайды

  • Күштерді график арқылы көрсетіп, тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтайды







Ойлау дағдыларының
деңгейлері

Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары






Орындау уақыты

20 минут






Тапсырма



  1. Автобус солға бұрылды. Автобус ішіндегі жолаушылар оң жаққа шалқаяды. Бұл қандай құбылыс әсерінен болады? [1]




  1. Массасы 3 кг керосиннің салмағы қандай? [1]




  1. Ғарыш кемесіндегі ғарышкерге гравитация әсерінен ауырлық күші әсер етеді. Бұл күш Жер бетіндегіге қарағанда аз. Орбитаға шыққан кезде ғарышкер салмағы мен массасы Жер бетіндегімен салыстырғанда қалай өзгереді?

Орбитадағы массасы__________________________ [1]


Орбитадағы салмағы__________________________ [1]

  1. Суретте қандай деформация түрлері берілген? Кестеге толтырыңыз.







1 сурет




3 сурет




2 сурет




4 сурет




[4]

  1. Суретте серіппенің созылуға дейін және созылған түрі көрсетілген. Серіппенің қатаңдығы 200 Н/м.


a) Серіппенің созылуы дегеніміз не? [1]
b) Серіппенің бастапқы ұзындығын есептеңіз.
[3]

  1. С уретте көрсетілген үйкелістің түрлерін анықтаңыз.

________________________ ______________________ ________________________
[3]

  1. Денеге бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытта 800 Н және 100 Н күш әсер етеді. Тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтаңыз және күштерді график арқылы көрсетіңіз.

[2]

Жалпы: [17]






Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

«Инерция» құбылысын анықтай алады

1

инерция құбылысын анықтайды

1

«Масса», «салмақ», «ауырлық күші» ұғымдарын ажыратады



2

салмақты анықтайды

1

3

массаның өзгерісін анықтайды

1

салмақтың өзгерісін анықтайды

1

«Серпімді деформация» түсініктеріне мысалдар келтіреді және оларды ажыратады

4

1-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

2-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

3-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

4-суретте көрсетілген деформация түрін анықтайды

1

Гук заңын пайдаланып есептер шығарады

5

а) серіппенің созылуына анықтама береді

1

b) физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді

1

серіппеге түсірілген күшті анықтайды

1

Гук заңын қолданып серіппенің бастапқы ұзындығын есептейді

1

Үйкеліс түрлерін сипаттайды

6

тыныштық үйкелісін ажыратады

1

домалау үйкелісін ажыратады

1

сырғанау үйкелісін ажыратады

1

Күштерді график арқылы көрсетіп, тең әрекетті күштің модулі мен бағытын анықтайды

7

тең әрекетті күштің модулін табады

1

тең әрекетті күштің бағытын анықтайды

1

Жалпы балл

17


«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет