Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар география



бет1/8
Дата13.03.2020
өлшемі9,97 Mb.
#60082
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
8-osh bzhb geografiya 8-syn az

ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК

ҰСЫНЫСТАР
ГЕОГРАФИЯ
8-СЫНЫП

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «География» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар негізгі сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

МАЗМҰНЫ




1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 4

«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Картография және географиялық деректер базасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 8

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 16

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 21

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 24

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 29

«Әлеуметтік география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 32

«Экономикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 35

4 - ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ 39

«Экономикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 39

«Елтану және саяси география негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 44



1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

География ғылымының салалары. Географиялық зерттеу

әдістерінің түрлері. Географиялық деректерді өңдеу және

талдау.


Оқу мақсаты

8.1.1.2 География ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтайды

8.1.1.3 Далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады

8.1.1.4 Сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды.


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • География ғылымы салаларындағы зерттеулердің маңыздылығын сипаттайды

  • Зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіреді

  • Сандық және сапалық деректерді өңдейді




Ойлау деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма
1(а) Сурет бойынша географиялық зерттеу әдісін анықтаңыз.






Зерттеу әдісі ______________________________________

(b) Осы зерттеу әдісінің қазіргі кездегі географиядағы маңыздылығын түсіндіріңіз.



____________________________________________________________________


2. Географиялық зерттеу әдістеріне интеллек-карта құрастырыңыз.

Зерттеу әдістері
Далалық Картографиялық



?




?

Теориялық



?

3. Берілген деректерді пайдаланып, график құрыңыз және талдаңыз.


Айлар

Қ

А

Н

С

М

М

Ш

Т

Қ

Қ

Қ

Ж

Температура ºС

-15

-10

-7

+10

+17

+26

+32

+37

+28

+15

+1

-9




  1. (a) Температурасы төмен болған мезгілді көрсетіңіз. _______________________________________________________________________________

  2. (b) Температурасы жоғары болған мезгілді көрсетіңіз. _______________________________________________________________________________

  3. (c) Температурасы төмен және жоғары болу себептерін анықтаңыз. _______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

  1. (d) Температураның өзгерісінің жергілікті жерге әсерін түсіндіріңіз. ______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

География ғылымы салаларындағы зерттеулердің маңыздылығын сипаттайды.

1


географиялық зерттеу әдісін анықтайды;

1


зерттеу әдісінің қазіргі кездегі географиядағы маңыздылығын түсіндіреді;

1

Зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіреді.




2


далалық әдістің қолданылу мүмкіндігін сипаттайды;

1

картографиялық әдістің қолданылу мүмкіндігін сипаттайды;,

1

теориялық әдістің қолданылу мүмкіндігін сипаттайды;

1

Сандық және сапалық деректерді өңдейді.



3


деректерге сәйкес график құрады;

1

температурасы төмен мезгілді көрсетеді;

1

температурасы жоғары мезгілді көрсетеді;

1

температураның өзгеру себептерін анықтайды;

1

өзгерістің жергілікті жерге әсерін түсіндіреді.

1

Жалпы балл

10

«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні ___________________________________________



Бағалау критерийі

Төмен

Орта

Жоғары

География ғылымы салаларындағы зерттеулердің маңыздылығын сипаттайды.

Географиялық зерттеудің әдісі мен маңыздылығын түсіндіруде қиналады.

Географиялық зерттеу әдісін /зерттеудің маңыздылығын сипаттауда қателеседі.

Географиялық зерттеулерді анықтап, география ғылымының қазіргі кездегі маңыздылығын сипаттайды.


Зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіреді.


Зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіруде қиналады.

Далалық / картографиялық / теориялық әдістің қолданылу мүмкіндігін сипаттауда қателіктер жібереді.

Зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіреді.

Сандық және сапалық деректерді өңдейді.

Сандық және сапалық деректерді талдауда қиналады.

Деректер негізінде график құруда /температурасы төмен / температурасы жоғары мезгілді көрсетуде/ өзгерістің жергілікті жерге әсерін түсіндіруде қателіктер жібереді.

Сандық және сапалық деректерді өңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет