деңгейіЖоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма 1. Қазаншұңқырлар негізінде көлдің түрлерін анықтаңыз. Көлдің пайда болу жолын түсіндіріңіз.
Құрлық суларының шаруашылықта қолданылу мақсатын сипаттаңыз.
Өзен сулары _______________________________________________________________
Көл сулары ________________________________________________________________
(с) Жер асты сулары ___________________________________________________________
Мұздықтар ________________________________________________________________
Мәтінмен танысыңыз.Қазақстанның ішкі суларына байланысты мәселелердің пайда болу себептерін анықтап, салдарын жазыңыз. Шешу жолдарын ұсыныңыз.
21
Қазақстандағы экологиялық проблемалар Елімізде қазіргі кезеңде шешімі табылмай отырған мәселелердің бірі –экологиялық мәселелер. Соның бірі Арал теңізі алабымен байланысты. Ұзақ уақыт бойы шаруашылыққа Әмудария мен Сырдария өзендерін тиімсіз пайдалану нәтижесінде теңіз суы таязданып, құрғай бастады, айналасындағы жерлер өмір сүруге қолайсыз сор шөлге айналды. Арал теңізінің түбіндегі тұздар ауаға таралып , адамның тыныс жолы ауруларының пайда болуына әсер тигізді. Еліміздің батысында орналасқан мұнай кен орындары бүгінгі таңда Каспий теңізінің экологиялық жағдайын нашарлатып жіберді. Мұнай кен орындарын бұрғылау және мұнайды тасымалдау кезінде пайда болған апатты жағдайлардың салдарынан мыңдаған тоннa мұнай теңізге құйылып, суда өмір сүріп жүрген балықтардың азаюы және суда жүзіп жүрген құстардың санының азаюына әсерін тигізді. Сонымен қатар, Іле және Қаратал өзендерін шаруашылықта қолдануына байланысты Балқаш көліне де қатер төндіруде, алдағы уақытта батысы құрғап, шығысы сор жерлерге айналуы мүмкін.