«Геометрияның алғашқы мәліметтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше
|
Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома. Теорема
Фигуралар теңдігі
Теореманы дәлелдеу әдістері: тура дәлелдеу және «кері жору» әдісі
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері
|
Оқыту мақсаты
|
7.1.1.5 кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу
7.1.1.6 кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану
7.1.2.1 нүктелердің түзу мен жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы)
7.1.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы:
Сызба бойынша геометриялық фигураларды анықтайды
Мәтін есепті шығаруда кесінділерді өлшеу аксиомаларын қолданады
Есептер шығаруда сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Білу және түсіну
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
1.
1 – сурет
|
Суреттегі барлық сәулелерді жазыңыз:
_______________________________
Суреттегі барлық кесінділерді жазыңыз:
_______________________________
Суреттегі барлық түзулерді жазыңыз:
_______________________________
|
|