Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия 8-сынып



бет21/26
Дата08.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#123862
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
!26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындалу уақыты

20 минут

Тапсырма


1. Суретте заттар ерігіштігінің температураға тәуелділік графигі көрсетілген. Графикті қолданып сұрақтарға жауап беріңіз.




  1. Суреттегі графикті қолданып қатты заттардың судағы ерігіштігінің температураға тәуелділігін түсіндіріңіз.



  1. 80ºС температурада мыс сульфаты кристаллогидратының (CuSO4 •5 H2O) ерігіштігін анықтаңыз.

  1. Cуреттегі мыс сульфаты кристаллогидратының (CuSO4•5H2O) температурасын 80ºС- дан 20ºС- қа салқындатқанда қанша тұз кристалданатындығын есептеңіз.




  1. 10ºС температурада калий нитратының (КNO3) 100 г суда 20г ериді. Температураны 50ºС арттырса калий нитратының (КNO3) 100г судағы ерігішітігін анықтаңыз.




  1. Тұздардың суда ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіріңіз.



2. Массасы 200 г 15%-дық ерітінді дайындау үшін қанша тұз және су алу керектігін есептеңіз.



3(a) Натрий гидроксидінің көлемі 2000 мл ерітіндісінде 16 г еріген зат болса, осы ерітіндінің молярлық концентрациясы қанша болатынын есептеңіз.



(b) Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы дегеніміз-


. Оның өлшем бірліктері
арқылы белгіленеді

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Заттың ерігіштігіне температураның әсерін сипаттайды

1(a, b)

графикті қолданып заттардың судағы
ерігіштігін түсіндіреді;

1

мыс сульфаты кристаллогидратының ерігіштігін анықтайды;

1

Заттың 100 г судағы ерігіштігін есептейді

1 (c, d, e)

мыс сульфаты кристаллогидратының салқындатқандағы ерігіштігін
анықтайды;

1

тұздардың суда ерігіштігіне
температураның әсерін сипаттайды;

1

Массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын анықтайды

2

ерітіндідегі еріген заттың массасын
табуға арналған формуланы қолданады;

1

еріген заттың массасын табады;

1

судың массасын табады;

1

Ерітіндідегі заттың пайыздық және молярлық концентрациясын анықтайды

3

молярлық концентрацияны есептеуге
арналған формуланы қолданады;

1

натрий гидроксидінің молекулалық
массасын есептейді;

1

натрий гидроксидінің зат мөлшерін
есептейді;

1

молярлық концентрациясын есептейді;

1

молярлық концентрацияның
анықтамасын жазады.

1

Барлығы

12

«Ерітінділер және ерігіштік» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Заттың ерігіштігіне температураның әсерін сипаттайды

Графикті қолданып заттардың суда ерігіштігін, (CuSO4 ˟5 H2O) ерігіштігін анықтауда қиналады

Графикті қолданып заттардың суда ерігіштігін / (CuSO4 ˟5 H2O) ерігіштігін анықтауда қателіктер жібереді

Графикті қолданып заттардың суда ерігіштігін, (CuSO4 ˟5 H2O) ерігіштігін анықтайды

Заттың 100 г судағы ерігіштігін есептейді

Затты салқындатқандағы ерігіштігін анықтауда, ерігіштікке температураның әсерін түсіндіруде қиналады

Затты салқындатқандағы ерігіштігін анықтауда / ерігіштікке температураның әсерін түсіндіруде қателіктер жібереді

Затты салқындатқандағы ерігіштігін анықтайды, ерігіштікке температураның әсерін түсіндіреді

Массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын анықтайды

Формуланы қолданып еріген заттың және судың массасын есептеуде қиналады

Формуланы қолдануда / еріген заттың /және судың массасын есептеуде қателіктер жібереді

Формуланы қолданып еріген заттың және судың массасын есептейді

Ерітіндідегі заттың пайыздық және молярлық концентрациясын анықтайды

Формуланы қолдануда NaOH молярлық массасы, зат мөлшерін, молярлық концентрациясын есептеуде, анықтамасын жазуда қиналады

Формуланы қолдануда/ NaOH молярлық массасы/ зат мөлшерін/ молярлық концентрациясын есептеуде/ анықтамасын жазуда қателіктер жібереді

Формуланы қолданып NaOH молярлық массасы, зат мөлшерін, молярлық концентрациясын есептейді, анықтамасын жазады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет