Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия 8-сынып



бет26/26
Дата08.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#123862
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
!26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындалу уақыты

20 минут

Тапсырма


1. Көміртектің қосылыстарда төрт байланыс түзетінін атом құрылысы бойынша сипаттауға болады. Суретте көміртек атомының қалыпты күйдегі электрондарының энергетикалық деңгейде орналасуы көрсетілген. Қозған күйдегі электрондардың орналасуын сызып көрсетіңіз.




  1. Көміртек атомының төрт байланыс түзетінін метанның (СН4) мысалында көрсетіңіз.




  1. Метанның (СН4) молекуласындағы байланыс типін анықтаңыз.

    1. Төмендегі кестедегі көміртек аллотроптарының: кристалл торының пішінін, қасиеттерін, қолданылуын сәйкестендіріңіз.




Көміртектің аллотропты
түр өзгерістері

Кристалдық торының
пішіні

Қасиеттері

Қолданылуы

І. Алмаз





1. Қатты, қара түсті кристалды, қиын балқиды

1.Электротехникада жаңа материалдар алуда

ІІ. Графит

2.


2. Өте қатты, бірақ морт, мөлдір, электр тогын өткізбейді

2.Фотоэлементтерде қолданылады

ІІІ. Карбин

3.




3. Металдық жылтыры бар, майлы сезіледі, электр тогын өткізеді

3. Қатты тау жыныстарын бұрғылайтын құралдың ұшын қайрауда

IV. Фуллерен

4.






4. Қара түсті ұсақ кристалды ұнтақ, жартылай өткізгіш

4. Отқа төзімді ыдыстарды жасауда, электродтарды өндіруде

І. ІІ. ІІІ.
IV.



    1. Көміртек оксидтері: СО және СО2 мына заттардың қайсысымен NaOH, H2O, Na2O, О2, CuO әрекеттесетіндігін көрсетіңіз.




СО

СО2

1.
2.
3.

1.
2.
3.


    1. Көміртекті отындар шала жанған кезде иіс газы түзіледі. Иіс газының адам ағзасына тигізетін физиологиялық әсеріне 2 мысал келтіріңіз.

  1. 1-мысал

  2. 2- мысал


    1. Суретте көмірқышқыл газын алуға арналған қондырғы көрсетілген.

  1. Қатысатын реагенттердің атауын бос ұяшықтарға толықтырыңыз.



  1. Көмірқышқыл газының жиналғандығын дәлелдеңіз.



(с) Көмірқышқыл газына әк суымен жүргізілетін сапалық реакция теңдеуін жазыңыз.


(d) Жинақталған көмірқышқыл газын дистилденген суда ерітіп, көк лакмус тамызатын болсақ түсі қалай өзгереді?



Бағалау критерийі

Тапсы
рма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көміртек көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін сипаттайды

1

көміртек атомының қозған күйдегі электрондарының орналасуын сызады;

1

метанның құрылысын сызады;

1

метан молекуласындағы байланыс
типін анықтайды;

1

Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстырады

2

алмаздың кристалл торын,
қасиеттерін, қолданылуын сәйкестендіреді;

1

графиттің кристалл торын,
қасиеттерін, қолданылуын сәйкестендіреді;

1

карбиннің кристалл торын, қасиеттерін, қолданылуын
сәйкестендіреді;

1

фуллереннің кристалл торын, қасиеттерін, қолданылуын
сәйкестендіреді;

1

Көміртек жанған кезде түзілген көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің қасиеттерін салыстырады, иіс газының физиологиялық әсерін сипаттайды

3, 4

көміртек монооксиді әрекеттесе
алатын заттарды көрсетеді;

1

көміртек диоксиді әрекеттесе алатын
заттарды көрсетеді;

1

иіс газының адам ағзасына тигізетін
әсеріне 1-мысал келтіреді;

1

иіс газының адам ағзасына тигізетін
әсеріне 2-мысал келтіреді;

1

Зертханада көмірқышқыл газын алып, оны анықтайды және қасиеттерін зерттеп жазады

5

реагенттердің атауын жазады;

1

жинақталған көмірқышқыл газын
тексеру жолын ұсынады;

1

көмірқышқыл газының әк суымен
реакциясын жазады;

1

көмірқышқыл газының судағы
ерітіндісінің ортасын анықтайды.

1

Барлығы

15

«Көміртек және оның қосылыстары» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Көміртек көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін сипаттайды

Көміртек қосылыстарында төрт байланыс түзетінін метан молекуласы мысалында сызып көрсетуде қиналады

Метанның қозған күйдегі злектрондарының орналасуын
/метан молекуласының құрылысын/ байланыс типін анықтауда қателіктер жібереді

Көміртек қосылыстарында төрт байланыс түзетінін метан молекуласы мысалында сызып көрсетеді

Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстырады

Аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін, қолданылуын сәйкестендіруде қиналады

Алмаз/ графит/ карбин/ фуллеренннің құрылысын және қасиеттерін, қолданылу аймағын сәйкестендіруде қателіктер жібереді

Аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін, қолданылуын сәйкестендіреді

Көміртек жанған кезде түзілген көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің қасиеттерін салыстырады, иіс газының физиологиялық әсерін сипаттайды

Көміртек оксидтері әрекеттесе алатын заттарды көрсетуде қиналады

Көміртек монооксиді/ диоксиді/ әрекеттесе алатын заттарды көрсетуде қателіктер жібереді

Көміртек оксидтері әрекеттесе алатын заттарды көрсетеді

Зертханада көмірқышқыл газын алып, оны анықтайды және қасиеттерін зерттеп жазады

СО газының адам ағзасына әсерін сипаттауда, зертханада көмірқышқыл газын алуда, сапалық реакция теңдеуін жазуда қиналады

СО газының адам ағзасына әсерін сипаттауда / зертханада көмірқышқыл газын алуда/сапалық реакция теңдеуін жазуда қателіктер жібереді

СО газының адам ағзасына әсерін сипаттайды, зертханада көмірқышқыл газын алады, сапалық реакция теңдеуін жазады

8.4C «Су» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаты

        1. Судың табиғаттағы айналымын түсіндіру

        2. Судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру

        3. Судың «кермектігін» анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру

        4. Суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Судың табиғаттағы айналымын түсіндіреді

  • Судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтайды, суды тазарту әдістерін ұсынады

  • Судың «кермектігін» ажыратады, кермектілікті жою тәсілдерін сипаттайды

  • Суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындалу уақыты

20 минут

Тапсырма




1(a) Ауыз суының құрамында ерімейтін заттар, ауру тудыратын бактериялар болмауы керек. Ауыз суын тазарту жолдарын ұсыныңыз.









(b) Жер бетіндегі суды ластаушы көздерді атаңыз.









2. Жерасты, теңіз сулары кермек болып келеді. Суретте табиғатта кермек судың түзілуі көрсетілген.
(a) Кермек су дегеніміз не?

(b) Кестені толтырыңыз.



Кермектіліктің түрлері

Су кермектілігін туғызатын катиондар

Су кермектілігін туғызатын аиондар

Қыздырған кезде кермектіліктің қай түрі жойылады
(қажет бөлімге ˅ белгісін қойыңыз)




























  1. Сусыз мыс сульфатына су тамызғанда түсі өзгереді:

  1. көкшіл

  2. жасыл

  3. қызыл

  4. сары




  1. Суретте табиғаттағы су айналымы көрсетілген.

(а) Осы суреттегі:
1-процесті атаңыз 2-процесті атаңыз


(b) Табиғатта су айналымының бір процесін алып тастайтын болсақ, қоршаған ортада қандай өзгерістер байқалатындығын өз ойыңызбен жеткізіңіз.



Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтайды, суды тазарту әдістерін ұсынады

1

суды тазартудың бірінші жолын
ұсынады;

1

суды тазартудың екінші жолын
ұсынады;

1

суды тазартудың үшінші жолын
ұсынады;

1

бірінші ластаушы көзді жазады;

1

екінші ластаушы көзді жазады;

1

үшінші ластаушы көзді жазады;

1

Судың «кермектігін» ажыратады, кермектілікті жою тәсілдерін сипаттайды

2

судың кермектелігіне анықтама жазады;

1

су кермектілігінің түрлерін жазады;

1

су кермектілігін тудыратын
катиондарды жазады;

1

су кермектілігін тудыратын аниондарды
жазады;

1

қайнатқанда жойылатын кермектілік
түрін анықтайды;

1

Суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып
анықтайды

3

мыс сульфаты түсінің өзгеруін анықтайды;

1

Судың табиғаттағы айналымын түсіндіреді

4

су айналымы процестерін жазады;

1

табиғаттағы су айналымының біртұтас
процесс екендігін түсіндіреді.

1

Барлығы

14

«Су» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтайды

Мыс (ІІ) сульфатының суды сіңіріп көк түске айналатынын сипаттауда қиналады

Мыс (ІІ) сульфатының суды сіңіріп көк түске айналатынын сипаттауда қателіктер жібереді

Мыс (ІІ) сульфатының суды сіңіріп көк түске айналатынын сипаттайды

Судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтайды, суды тазарту әдістерін ұсынады

Ауыз суын тазарту жолдарын ұсыныуда, суды ластаушы көздерді атауда қиналады

Ауыз суын тазарту жолдарын 1/2/3 ұсыныуда, суды ластаушы көздерді 1/2/3 атауда қателіктер жібереді

Ауыз суын тазарту жолдарын ұсынады, суды ластаушы көздерді атайды

Судың «кермектігін» ажыратады, кермектілікті жою тәсілдерін сипаттайды

Судың кермектелігіне анықтама жазуда, су кермектілігінің түрлерін жазуда, су кермектілігін тудыратын катиондарды жазуда, су кермектілігін тудыратын аниондарды жазуда, қайнатқанда жойылатын кермектілік түрін анықтауда қиналады

Судың кермектелігіне анықтама жазуда/ су кермектілігінің түрлерін жазуда/ су кермектілігін тудыратын катиондарды жазуда/су кермектілігін тудыратын аниондарды жазуда/қайнатқанда жойылатын кермектілік түрін анықтауда қателіктер жібереді

Судың кермектелігіне анықтама жазады, су кермектілігінің түрлерін жазады, су кермектілігін тудыратын катиондарды жазады, су кермектілігін тудыратын аниондарды жазады, қайнатқанда жойылатын кермектілік түрін анықтайды

Судың табиғаттағы айналымын түсіндіреді

Табиғаттағы су айналымы процестерін жазуда, табиғаттағы су айналымының біртұтас процесс екендігін түсіндіруде қиналады

Табиғаттағы су айналымы процестерін 1/2 жазуда, табиғаттағы су айналымының біртұтас процесс екендігін түсіндіруде қателіктер жібереді

Табиғаттағы су айналымы процестерін жазады, табиғаттағы су айналымының біртұтас процесс екендігін түсіндіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет