Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



Pdf көрінісі
Дата15.10.2019
өлшемі337,39 Kb.
#49950
Байланысты:
33 17-OSh SOr 1178 aza 1179 tili T1


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиынтық бағалауға арналған  

әдістемелік ұсыныстар 

 

Қазақ тілі  

(оқыту қазақ тілінде) 

 

7-

сынып 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОБА 

Әдістемелік  ұсыныстар  мұғалімге,  7-сынып  білім  алушыларына  «Қазақ  тіліі»  пәні 

бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде 

құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні 

бойынша  оқу  бағдарламасы  (орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясындағы)  мен  оқу 

жоспарының негізінде дайындалған.  

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім 

алушылардың  тоқсан  бойынша  жоспарланған  оқу  мақсаттарына  жету  деңгейін  анықтауға 

мүмкіндік береді.   

Әдістемелік  ұсыныстарда  бөлім  /  ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалауды 

өткізуге  арналған  бағалау  критерийлері  мен  дескрипторлары  бар  тапсырмалар  ұсынылған. 

Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) 

сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.  

Әдістемелік  ұсыныстар  мұғалімдерге,  мектеп  әкімшілігіне,  білім  беру  бөлімінің 

әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа 

да мүдделі тұлғаларға арналған. 

 

 

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді 



ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды. 

  

  



  

  

  



 

 

 

 

 

 



ЖОБА 

Мазмұны 

1-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ...................... 4 



«Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................... 4 

«Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ..... 7 

2-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .................... 11 



«Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................... 11 

«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................. 14 

3-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .................... 18 



«Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ..................................... 18 

«Қазақстандағы  ұлттар  достастығы»,  «Дұрыс  тамақтану.  Гендік  өзгеріске  ұшыраған  тағамдар» 

бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ................................................................................................ 21 

4-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .................... 24 



«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі  бойынша жиынтық бағалау ......................................... 24 

«Ғылыми фантастика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .............................................................. 27 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



ЖОБА 

1-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 

 

Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер»  

 

Оқу мақсаты 

7.1.5.1  

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен 

деректер келтіре отырып, дәлелді  жауап беру, өз жауабын 

өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау   

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

• 

Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді  



жауап береді 

• 

Өз  жауабын  өзгелердің  жауабымен  салыстырып, 



талқылайды 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Орындау уақыты  

 

Жоғары деңгей дағдылары 



 

 

15-20 



минут 

 

Тапсырма 

Мәтінді  мұқият  тыңдап,  негізгі  тірек  сөздерді  анықтаңыз.  Тірек  сөздерді  қатыстыра 

отырып,  2  проблемалық  сұрақ  құрастырыңыз.  Сұрақтарыңызды  жұбыңызбен 

алмастырыңыз.  Жұбыңыздың  сұрақтарына  деректер  келтіре  отырып,  дәлелді  жауап 

беріңіз.  Өзгенің  жауабын  өз  болжам  жауабыңызбен  салыстырыңыз.    Келісу,  келіспеу 

себептерін талқылаңыз. 



 

Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен 

алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. 

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым 

қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. 

«Жер  шоқтығы  –  Көкшетау»,  «Жер  жаннаты  –  Жетісу»  деп,  бабаларымыз  туған  жерге, 

табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.                                                              

Сондықтан  орман-тоғайларды  сақтап,  қоршаған  ортаның,  өзен  мен  көлдердің 

ластанбауына  ерекше  мән  берген.  «Су  ішкен  құдығыңа  түкірме»,  «Бұлақ  көрсең,  көзін 

аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.                                    

Табиғатта  үздіксіз  өзгерістер  болып  жатады.  Мысалы,  жанартаудың  атқылауы, 

найзағайдың  жарқылы,  судың  мұзға  айналуы  сияқты  құбылыстар  табиғаттағы 

өзгерістерді  көрсетеді.  Аспан  денелерінің  қозғалысы,  гүлдердің  шешек  атуы,  ағаштың 

жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы 

да  қоршаған  ортадағы  өзгерістер.  Әлемде  орын  алатын  сан  алуан  өзгерістер  табиғат 

құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды 

физика,  астрономия,  география,  геология,  биология,  химия  сияқты  ғылымдар  зерттейді. 

Әр  ғылымның  табиғатты  зерттеуде  өз  мақсаты  мен  міндеті  бар.  Мысалы,  физика, 

негізінен,  механикалық  қозғалысты,  жылу,  электр,  жарық  құбылыстарын  зерттейді. 

Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.                                                  

Астрономия  ғылымы  физика  заңдарына  сүйеніп,  бақылайтын  аспан  денелері  мен 

құбылыстарының  табиғатын  түсіндіреді.  Олардың  қасиеттері  мен  көрінісін  ұғындыруға, 

құбылыстардың  себеп-салдарын  ашуға  тырысады.  Мысалы,  физика  мен  астрономияға 

ортақ  құбылыстар  –  күн  мен  түннің  ауысуын  және  Күннің  тұтылуын  қарастырайық. 

Жарық  күн  мен  қараңғы  түннің  алма-кезек  ауысуының  себебі  Жердің  өз  осінің 

төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық 

бір  айналып  шығады.  Жердің  айналуы  барысында  оның  Күн  сәулесі  түскен  беті  жарық 



ЖОБА 

болады  да,  ал  қарсы  көлеңке  бетін  түн  басады.  Сөйтіп  күн  мен  түн  үнемі  алмасып 

отырады.                   

 

Бағалау  критерийі 



№  

тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Проблемалық 

сұрақтарға деректер 

арқылы дәлелді  

жауап береді. 

негізгі тірек сөздерді анықтайды; 



екі проблемалық сұрақ құрастырады; 

сұрақтарына деректер келтіре отырып, 

дәлелді жауап береді. 



Өзгелердің 

жауабымен 

салыстырады. 

өзгенің жауабын өз жауабымен 

салыстырады; 

келісу, келіспеу себептерін талқылайды. 

 



Барлығы  

 

                                                 



 



ЖОБА 

«

Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты  

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 

 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________ 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орташа 

Жоғары 

Проблемалық сұрақтарға 

деректер арқылы дәлелді  

жауап береді 

 

 

 



 

Негізгі тірек сөздерді 

анықтауда, проблемалық сұрақ 

құрастыруда, сұрақтарға 

деректер келтіре отырып, 

дәлелді жауап беруде қиналады 

Негізгі тірек сөздерді анықтауда, 

проблемалық сұрақ құрастыруда, 

сұрақтарға деректер келтіре 

отырып, дәлелді жауап беруде 

қателеседі 

Негізгі тірек сөздерді 

анықтайды, проблемалық 

сұрақтар  құрастырады, 

сұрақтарға деректер келтіре 

отырып, дәлелді жауап береді 

Өзгелердің жауабымен 

салыстырады 

Өзгенің жауабын өз жауабымен 

салыстыру,  келісу, келіспеу 

себептерін талқылау қиындық 

туғызады 

 

 

 



Өзгенің жауабын өз жауабымен 

салыстыру,  келісу, келіспеу 

себептерін талқылауда қателіктер 

жібереді 

 

Өзгенің жауабын өз жауабымен 



салыстырады, келісу, келіспеу 

себептерін талқылайды  



ЖОБА 

Бөлім «Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық»  

 

Оқу мақсаты 

7.2.2.1 


Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін  

қолданылған тілдік құралдар  арқылы тану 

7.3.2.1 

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай 

көркемдегіш құралдарды орынды  қолдана отырып, шағын 

мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

• 

Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін 



ажыратады 

• 

Тілдік құралдарды ажыратады 



• 

Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып 

жазады 

• 

Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік 



ерекшелігіне сай қолданады 

 

Ойлау дағдыларының 



деңгейі 

 

Орындау уақыты 

Білу және түсіну 

Қолдану 

 

15-20 



минут 

 

Тапсырма 

Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген кестені үлгі ретінде пайдаланып, өзіндік талдау 

жасаңыз. 

 

 

Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері 

    


Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласында скиф-

сақ  тайпалар  одағы  өмір  сүрді.  Ұшы-қиыры  жоқ  кең  даланы  игеріп,  әртүрлі 

патшалықтар  бірлестіктерін  құрып,  күшті  жауынгер   елге  айналды.  Оларды 

батыстағылар  (гректер)  скифтер  десе,  парсылықтар  (Иран,  парсы  патшалықтары) 

сақтар   деп  атады.  Бірақ  та  осы  екі  атау  да  Еуразия  даласын  жайлаған  халықтардың 

ортақ  аты  еді.  Скиф,  сақ  тарихын  тілге  тиек  етіп,  тереңірек  үңілетін  болсақ,  оларды 

құрайтын  бірнеше  тайпалар  көне  жазба  шежірелерде  жиі  кездесетінін  көреміз, 

сарматтар,  дайлар,  аландар,  массагеттер,  үйсіндер.  Кезінде  осы  тайпалар  бірлестіктері 

Қазақстан  территориясын  жайлаған,  қазақ  халқының  арғы  ата-бабалары  болып 

табылады.  Бұлардың  ішінде,  әсіресе,  массагеттер,  аландар,  үйсіндер  туралы  тарихи 

деректер  көбінесе  Иран,  парсы,  грек  жазбаларында  біршама  кездеседі.  Ал   аландар 

туралы  көне  қытай  жылнамаларында  дәйекті  де  айшықты  жазылған.  Ең  бір  көне 

деректер ежелгі парсылардың діни кітабы – Авестада көрініс береді. 

       


Сонымен  бірге  дайлармен  бірге  Иранның  шығысында  орын  тепкен  көшпелі  тайпа 

«

тұрларды» да атап өтеді. Ал осы «тұрларды» ежелгі гректер массагеттер деп атағанын 



айтсақ, кітаптан түркі тектес халықтардың, дәлірек негіздесек, қазақ халқының арғы ата-

бабаларының  географиялық  жайлап  жатқан  аймағын  танып  білеміз.  Массагеттер  мен 

тұрлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы 

атанған Геродот та жазып кеткен.  

      

Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі 



массагеттер,  аландар  болды.  Олар  әрдайым  көрші  патшалықтармен  қарым-қатынаста 

болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, 

ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық 

жасаған.  Жаулардың  ешқайсысына  да  берілмей,  қайта  өздеріне  айықпас  соққы  беріп 

отырған.  Скифтердің  әйелдері  де  батыр,  қайсарлықтарымен  тарихта  өз  аттарын 

қалдырып отырды. 



ЖОБА 

      


Соның  бірі,  әйгілі  әйел  патша  –  Томирис.  Массагеттер  патшасы  Томирис  өз 

кезегінде  ешкім  тоқтата  алмаған  парсы  патшасы  Кирге  қатты  соққы  беріп,  әскерін 

талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот өзінің әйгілі «Тарих» 

шығармасында (б.э.д. 440-430ж.ж.) мынадай дәйекті келтіреді: «Парсыларды жеңгеннен 

кейін  массагеттер   падишасы  Томирис  торсыққа  толтырып  қан  құйғызып:  «Сен  қанға 

құмартып едің, енді шөлің қансын!» - деп, оған Кирдің басын салдырған. 

 

Тақырыбы 



 

Мәтін не туралы екенін жазыңыз. 

Көзделген аудитория 

Мектеп оқушылары  

Жалпы оқырмандар 

Мақсаты 


 

Автор бұл мәтінді жазғанда қандай мақсатты көздеп отыр? 

Стилі 

Ресми тілді қолданып отыр, демек .... 



Тілі  

Лексика  

ғылыми, ресми лексикасы — терминдер   

кейбір жерде бағалау   

Ұсыныстары 

күрделі сөйлемдердің басымдылығы 

жазбаша тілдің сипаттамасы ретінде есімшелі тіркестері  

Мәтін  


анық құрылымы бар мәтін 

мәтін бөлімдерге бөлінген, әрбір бөлім өз идеясын дамытады 

мәтін логикамен құрылған, бірақ, кіріспесі болмауы мүмкін 

 

 

«Адамның денсаулығы – қоғам байлығы»  тақырыбында кеңес бере отырып, 

шағын мақала жазыңыз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



ЖОБА 

 

Бағалау  критерийі 

№ 

тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Публицистикалық және 

ресми стиль 

ерекшеліктерін 

ажыратады. 

мәтіннің тақырыбын, көзделген 



аудиториясын, мақсатын жазады; 

мәтіннің стилін анықтап, дәлелдейді; 





Тілдік құралдарды 

ажыратады. 

 

мәтіндегі сандық мәліметтерді табады; 



 

жалпы, жалқы есімдерді ажыратады; 



ресми лексиканы табады; 

Шағын мақала, 



нұсқаулық, әңгіме 

құрастырып жазады. 

оқырманға кеңес береді; 



шағын мақала жазады; 



Көркемдегіш 

құралдарды мәтіннің 

стильдік ерекшелігіне 

сай қолданады. 

көркемдегіш құралдарды 



қолданады. 

Барлығы 



10 



ЖОБА 

«Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық – зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты  

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 

 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________ 

 

 

 

 

Бағалау критерийі 

Оқу  жетістігі деңгейі 

Жоғары 

Орта 

Төмен 

Публицистикалық және 

ресми стиль 

ерекшеліктерін біледі 

Мәтіннің тақырыбын, көзделген 

аудиториясын, мақсатын 

мәтіннің стилін анықтап, 

дәлелдеуде қиналады           

Мәтіннің тақырыбын, көзделген 

аудиториясын, мақсатын 

мәтіннің стилін анықтап, 

дәлелдеуде қателеседі   

                    

Мәтіннің тақырыбын, көзделген 

аудиториясын, мақсатын жазады, 

мәтіннің стилін анықтап, 

дәлелдейді 

Тілдік құралдарды ажырата 

алады 

Мәтіндегі сандық мәліметтерді, 



жалпы, жалқы есімдерді,  

ресми лексиканы табу қиындық 

туғызады                                  

Мәтіндегі сандық мәліметтерді, 

жалпы, жалқы есімдерді,  

ресми лексиканы табуда  қателеседі 

 

 

Мәтіндегі сандық мәліметтерді 



табады, жалпы, жалқы есімдерді 

ажыратады, ресми лексиканы таба 

алады 

Шағын мақала, нұсқаулық, 



әңгіме құрастырып жазады 

Мақала жазуда оқырманға кеңес 

беруге қиналады 

 

Мақала жазуда оқырманға кеңес 



беруде қателеседі 

 

Оқырманға кеңес береді, шағын 



мақала жазады 

 

Көркемдегіш құралдарды 



мәтіннің стильдік 

ерекшелігіне сай 

қолданады 

Көркемдегіш құралдарды қолдану 

қиындық туғызады 

                                                 

                                                 

Көркемдегіш құралдарды 

қолдануда  қателеседі 

 

Көркемдегіш құралдарды 



қолданады 

 

10 



ЖОБА 

 

2-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 

 

Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық»  

 

Оқу мақсаты 

7.1.3.1 

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған 

ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу  

7.4.3.1 


Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды 

мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану   

 

Бағалау критерийі 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Орындау уақыты  

 

Білім алушы 

• 

Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады 



• 

Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік 

ерекшеліктерін ажыратады 

• 

Сөйлемде тиімді қолданады 



    

Білу және түсіну 

Қолдану 

 

15-20 



минут 

1-

тапсырма 

Мәтінді  мұқият  тыңдап,  мазмұндаңыз,  ондағы  тірек  сөздерді,  негізгі  және  қосымша 

ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз. 

 

Екі дос

 

Ертеде,  ел  арасында  жаугершілік  жиі  болған  кезде  қазақтың  екі  жауынгері  төс 



қағысып, дос болады. 

        


Бірде  әскерлер  бір  өзеннің  бойына  шатыр  тігіп  дамылдайды.  Сонда  тұтқиылдан 

жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға 

түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. 

     


Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр 

күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау  жатқан жағаға келеді. Анталаған 

жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. 

Алып барған соң, ол жаудың қолбасына: 

      - 

Мен  қолдарыңа  түскен  бір  жауынгерге  құн  төлеп,  сатып  алуға  келдім.  Менің  оған 

айырбасқа  берер  мал-мүлкім  жоқ.  Бір-ақ  нәрсе  беремін.  Ол  -  өзімнің  өмірім.  Досымды 

босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді. 

     

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: 



     - 

Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін 

ғана берсең болды, - дейді. 

     - 


Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт. 

     - 


Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. 

     - 


Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей 

өтеді. 


     

Әлгі  жауынгер  тұтқыннан  босанған  досының  иығына  қолын  артып,  зағип  күйі  қуана 

күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты 

тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға 

соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. 

 

 



 

11 


ЖОБА 

Негізгі ақпарат 

Қосымша ақпарат 

Көзқарас 

 

 

1. 



 

 

2. 



 

 

 



3. 

 

 



 

 

1. 



 

 

2. 



 

 

 



3. 

 

 



 

 

1. 



 

 

2. 



 

 

 



3. 

 

 



 

 

 



2- 

тапсырма 

«

Жігітті  жолдасына  қарап  бағала»  дегенді  қалай  түсінесіз?  Фразеологизм,  мақал-



мәтелдерді  қолдана  отырып,  қысқаша  әңгіме  құрыңыз.  Әңгіменің  құрылымын  сақтаңыз 

/кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім.  

                           

 

Бағалау  критерийі 



№  

тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Мәтіндегі негізгі ақпарат 

пен көзқарасты табады. 

мәтіннің мазмұнын ашады; 



тірек сөздерді жазады; 



негізгі ақпараттарды анықтайды; 

қосымша ақпараттарды анықтайды;  

көзқарастарды теріп жазады; 



Фразеологизм, мақал-

мәтелдердің көркемдік 

ерекшеліктерін 

ажыратады. 

тақырыпты ашады; 



әңгіме құрады; 

әңгіме құрылымын сақтайды; 

фразеологизм, мақал-мәтелдерді 

қолданады; 





Сөйлемде тиімді 

қолданады. 

көркемдегіш құралдарды тиімді 

қолданады. 

Барлығы  



10 

 

12 


ЖОБА 

«

Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты  

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________ 

 

 

 

 

 

Бағалау  критерийі 

Оқу  жетістігі деңгейі 

Жоғары 

Орта 

Төмен 

Мәтіндегі негізгі ақпарат пен 

көзқарасты табады 

Негізгі, қосымша ақпараттарды, 

көзқарастарды анықтауда қиналады 

 

Негізгі, қосымша ақпараттарды, 



көзқарастарды анықтауда 

қателеседі 

Негізгі ақпараттарды, қосымша 

ақпараттарды анықтайды, 

көзқарастарды теріп жазады 

 

Фразеологизм, мақал-



мәтелдердің көркемдік 

ерекшеліктерін ажыратады 

Тақырыпты түсіну, әңгіме құру, 

әңгіме құрылымын сақтау, 

фразеологизм, мақал-мәтелдерді 

қолдану қиындық туғызады 

Тақырыпты түсінуде, әңгіме 

құруда, 


әңгіме құрылымын сақтауда, 

фразеологизм, мақал-мәтелдерді 

қолдануда қателер жібереді 

 

Тақырыпты түсінеді, әңгіме құрады, 



әңгіме құрылымын сақтайды, 

фразеологизм, мақал-мәтелдерді 

қолданады 

 

Сөйлемде тиімді қолданады  Көркемдегіш құралдарды тиімді 



қолдану қиынға соғады 

Көркемдегіш құралдарды тиімді 

қолдануда қателеседі 

 

 



Көркемдегіш құралдарды тиімді 

қолданады 

 

13 


ЖОБА 

Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы»  

 

Оқу мақсаты 

7.2.4.1 

Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем  

әдебиет стиліндегі  мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, 

мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін  салыстыра 

талдау  

7.3.5.1 


Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша 

тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  синонимдік  қатармен 

ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу     

 

Бағалау критерийі 



 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі 

 

Орындау уақыты 

 

Білім алушы 

• 

Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, 



құрылымы мен аудиториясын ажыратады 

• 

Тілдік ерекшелігін  салыстырады 



• 

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге 

ауыстырады 

• 

Синонимдік қатарды орынды  қолданып, мәтін 



жазады 

 

Жоғары деңгей дағдылары 



 

15-20 


минут 

1-

тапсырма 

Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз. 



 

А мәтіні 



Домбыра туралы аңыз 

       


Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек 

«Күй шежіре»  еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс 

Қазақстан  облысы  Күршім  ауданынан  Арғынбек  Қилыбаев  ақсақалдың  баяндауындағы 

«Қос ішек» күйінің аңызы.  

      

Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір 



аңшы  жігіт  болады.  Бірде  жолы  болып,  биік  таудың  қиын  қиясынан  теңбіл  марал  атып 

алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар 

өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге 

соқса,  құлағына  бір  ызыңдаған  дауыс  естіледі.  Барлап  қараса,  өткенде  атқан  маралдың 

ішегін  қарға-құзғын  іліп  ұшқан  болу  керек,  қарағайдың  бұтағына  қос  тін  болып  керіліп 

қалғанын  көреді.  Ызыңдаған  дыбыстың  сол  ішектен  шығып  тұрғанын  аңғарады. 

Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы 

дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы 

жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін 

деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос 

ішекті  тағады.  Содан  тартып  көрсе,  шынында  да  қос  ішекке  тіл  біткендей  сұңқылдап  қоя 

береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. 

Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.  

 

 



 

 

Ә мәтіні 



 

14 


ЖОБА 

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары 

 

          

Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-

бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, 

мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-

күй  аспаптарын  жасаған.  Еліміздің  әртүрлі  музейлерінің  қорларында  400-ден  астам  көне 

музыкалық аспаптар сақтаулы. 

      


Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп төмендегідей топтарға бөлуге болады: 

1. Үрмелі аспаптар - үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бөлуге болады: 

Үрмелі  (флейталы)  -  сыбызғы,  қурай-ысқырғыш,  үшпелек,  саз  сырнай,  үскірік,  тастауық, 

ысқыруық, ұран. 

Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай. 

Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней. 

2.  Шертпелі  аспаптар  -  ішекті  аспаптар.  Оған  шертіп  ойналатын  -  жетіген  (7  ішекті,  21 

ішекті), шертер, домбыра (бас домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, 

қалақ  домбыра, Абай домбыра), адырна, шіңкілдек, ортеке, үш ішекті домбыра. 

3.  Ұрмалы  аспаптар  -  аты  айтып  тұрғандай  ұрып  ойналатын  аспаптар:  даңғыра,  кепшік, 

дабыл, дулыға, дауылпаз, шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың. 

4. Сым тілшелі: шаңқобыз. 

5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, 

қоңырау, сақпан, зырылдауық. 

6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас 

қобыз, альт қобыз, прима қобыз), сазген. 

       

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып 



табылады. Домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз 

қазақ  -  домбыра»  деп.  Себебі,  домбыраны  тартып,  оның  дауысын  ұнатпайтын  қазақ  жоқ 

десе  де  болады.  Жалпы,  домбыра  атауының  шығу  тарихы  жайлы  таластар  көп.  Солардың 

бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі 

шығыс  елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел  адамның 

есімін  беру  үрдісі  бар.  Пішіні  домбыраға  ұқсас,  төрт  ішекті  шертпелі  аспап  үнді 

халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. 

Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз. 

        

Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата 

заманынан келе жатыр. 

         

Қазіргі  күні  ұлттық  музыкалық  аспаптарға  деген  сұраныс  артып  келеді.  Жастардың 

көбі  қазір домбыра  мен  қобыздан басқа  да  ұлттық  аспаптар  бар  екенін  біліп  келеді.  Оған 

дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

15 


ЖОБА 

Екі мәтіннің ұқсастығы 

 

 

Екі мәтіннің айырмашылығы 



 

 

Түрі 



 

 

Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы) 



 

 

 



Мақсаты 

 

 



 

Мазмұны 


 

 

 



Стилі 

 

 



 

 

Тілі 



 

 

  



2-

тапсырма 

Ә  мәтінін  оқып  шығып,  тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  синоним  сөздерге  ауыстырып, 

мәтінді ықшамдаңыз. 

_____________________________________________________________________________  



 

Бағалау  критерийі 

№ 

тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Мәтіндердің стилін, 

тақырыбын анықтайды, 

құрылымы мен аудиториясын 

ажыратады. 

мәтіндердің мазмұнын ашады; 



 

көзделген аудиториясын, түрін 



мақсатын табады; 

 



стилін анықтайды. 

Тілдік ерекшелігін  



салыстырады. 

көркемдегіш құралдарды ажыратады; 

термин сөздерді анықтайды; 



тілдік ерекшелігін тұжырымдайды. 

Тірек сөздер мен сөз 



тіркестерін синоним сөздерге 

ауыстырады. 

тірек сөздерді жазады; 



 

негізгі ақпараттарды табады; 



Синонимдік қатарды орынды  

қолданып, мәтін жазады. 

синонимдік қатарларды анықтайды; 

мәтінді ықшамдап, қайта жазады.  



 



Барлығы 



10 

16 


 

«

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты  

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________ 

 

 



Бағалау  критерийі 

Оқу  жетістігі деңгейі 

Жоғары 

Орта 

Төмен 

Мәтіндердің стилін, тақырыбын 

анықтайды, құрылымы мен 

аудиториясын ажыратады 

Мәтіндерді түсініп оқуда, мазмұнын 

түсінуде, көзделген аудиториясын, 

түрін, мақсатын табуда, стилін 

анықтауда қиналады 

 

 

Мәтіндерді түсініп оқуда, 



мазмұнын түсінуде, көзделген 

аудиториясын, түрін, мақсатын 

табуда, стилін анықтауда 

қателеседі 

Мәтіндерді түсініп оқиды, 

мазмұнын түсінеді, көзделген 

аудиториясын, түрін мақсатын 

табады, стилін анықтайды 

Тілдік ерекшелігін  салыстырады 

Көркемдегіш құралдарды, термин 

сөздерді табу, тілдік ерекшелігін 

тұжырымдау қиындық туғызады 

 

 

Көркемдегіш құралдарды, термин 



сөздерді табуда, тілдік 

ерекшелігін тұжырымдауда  

қателеседі 

Көркемдегіш құралдарды, термин 

сөздерді табады, тілдік 

ерекшелігін тұжырымдайды 

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін 

синоним сөздерге ауыстырады 

Тірек  сөздерді  жазуда,  негізгі 

ақпараттарды табуда қиналады 

Тірек  сөздерді  жазуда,  негізгі 

ақпараттарды табуда қателеседі 

 

 

Тірек  сөздерді  жазады,  негізгі 



ақпараттарды табады 

Синонимдік қатарды орынды  

қолданып, мәтін жазады 

Синонимдік  қатарларды  табуда, 

мәтінді ықшамдауда қиналады 

Синонимдік  қатарларды  табуда, 

мәтінді ықшамдауда  қателеседі 

Сининимдік  қатарларды  біледі, 

мәтінді ықшамдап қайта жазады 

 

 



17 

 

3-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 

 

Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер»  

 

Оқу мақсаты 

7.2.1.1 


Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, 

шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау 

7.3.3.1 

Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет 

беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып,  графиктік 

мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген 

процесті сипаттап жазу 

 

Бағалау критерийі 



 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Орындау уақыты 

 

Білім алушы 

• 

Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады 



• 

Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды 

• 

Мәтін құрылымын сақтайды 



• 

Графиктік мәтінді сипаттап жазады 

 

Қолдану 


Жоғары деңгей дағдылары 

 

15-20 



минут 

1-

тапсырма  

Берілген сызбамен танысыңыз. Сызбаға  тақырып  қойыңыз. Сызба бойынша нақты 3-4 

мәліметті іріктеңіз.   

 

 

 

2-



тапсырма  

Берілген  сызбадағы  ақпараттарды  пайдаланып,  мәтін  құрыңыз.  Мәтіннің  құрылымын 

төмендегі ретпен жазыңыз.  

 

Кіріспе  бөлім 



18 

 

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________  

 

Негізгі бөлім 



______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________  

 

Қорытынды бөлім 



______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________  

 

Бағалау  критерийі 

№ 

тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Мәтіндік және графиктік 

ақпаратты ажыратады. 

 

 



берілген сызбаны анықтайды; 

сызбаға  тақырып  қояды; 



нақты 3-4 мәліметті іріктейді. 

Ақпараттар бойынша 



өзіндік тұжырым 

жасайды. 

ақпараттарды қорытындылайды.   

Мәтін  құрылымын 



сақтайды. 

 

 



мәтін құрады; 

кіріспе, негізгі, қорытынды 



бөлімдерін жазады; 

 



сипаттап жазады; 

Графиктік  мәтінді 



сипаттап жазады. 

сызбаны толық сипаттайды. 

 



Барлығы



 



 

19 


 

«

Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты 

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 

 

       

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Мәтіндік және графиктік 

ақпаратты ажыратады 

Берілген сызбаны түсінуде, 

сызбаға  тақырып  қоюда, 

нақты мәліметтерді іріктеуде 

қиналады 

 

Берілген сызбаны түсінуде, сызбаға  



тақырып  қоюда, нақты мәліметтерді 

іріктеуде қателеседі 

Берілген сызбаны түсінеді, 

сызбаға  тақырып  қояды, нақты 

3-

4 мәліметті іріктейді 



Ақпараттар бойынша 

өзіндік тұжырым 

жасайды 

Ақпараттарды 

қорытындылауда қиналады 

 

 



Ақпараттарды қорытындылауда 

қателеседі 

Ақпараттарды 

қорытындылайды  

Мәтін  құрылымын 

сақтайды 

Мәтін құру, кіріспе, негізгі, 

қорытынды бөлімдерін жазу, 

сөз санын сақтау қиындық 

туғызады 

 

Мәтін құруда, кіріспе, негізгі, 



қорытынды бөлімдерін жазуда, сөз 

санын сақтауда қателеседі 

Мәтін құрады, кіріспе, негізгі, 

қорытынды бөлімдерін жазады, 

сөз санын сақтайды 

Графиктік  мәтінді 

сипаттап жазады 

Сызбаны толық сипаттау 

қиындық туғызады 

 

 



Сызбаны толық сипаттауда 

қателеседі 

 

Сызбаны толық сипаттайды 



 

    

20 


 

Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске 

ұшыраған тағамдар»  

 

Оқу мақсаты 

7.1.6.1 


Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, 

эмоционалды-экспрессивті  сөздерді  және  мақал-мәтелдер 

мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, 

пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу 

 7.4.2.1 

Сөйлеу  тіліндегі  интонация,  кідіріс,  логикалық 

екпіннің мәнін түсініп қолдану 

 

Бағалау критерийі 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Орындау уақыты  

Білім алушы 

• 

Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті 



сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді 

қолданады 

• 

Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды 



• 

Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық 

екпіннің мәнін ашады 

• 

Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық 



екпін орындарын анықтайды 

  

Білу және түсіну 



Қолдану 

 

15-20 



минут 

 

1-

тапсырма  

Мәтінді  мұқият  тыңдап,  тақырыпқа  қатысты  мақал-мәтелдер  мен  тұрақты  тіркестерді 

табыңыз. 

 

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол 

 

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университетінің  Жастар  ісі 



жөніндегі комитетінің белсенділері  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігіне  орай  ұлттық 

жәрмеңке өткізді.  

          

Қазақстан  аумағында  тұратын белгілі бір  ұлттың  асханасы  мен  мәдениетіне  арқау 

болатын  жәрмеңке  әр  екі  апта  сайын  өтетін  болады.  Ал  бүгінгі  фестивальдің  ашылуы 

қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.  

         

Қонақтар  жастар  ісі  жөніндегі  комитет  белсенділерінің  өз  қолдарымен  даярлаған 

қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта 

орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.  

       – 

Әрбір  ұлттың  өзінің  ерекшелігі  бар,  –  дейді  Жастар  ісі  жөніндегі  комитеттің 

төрайымы  Ақбота  Сарыбай.  –  Тәуелсіз  еліміз  ізгі  дәстүрлер  мен  ерекше  ұлттық 

тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола 

алады. 

 

Мақал-мәтелдер  



Тұрақты тіркестер 

 

 

 

 

 

 



 

 

21 



 

2-

тапсырма 

Көтерілген  басты  мәселені  анықтау  мақсатында  жұбыңызға  сұрақ  қойыңыз.  Өз 

көзқарасыңызды  жан-жақты  тұжырымдап,  мысалдар  арқылы  дамытып,  дәлелдеңіз. 

Ойыңызды білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасаңыз. 



 

 

Бағалау  критерийі 



№ 

тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Көркем бейнелеуіш, 

эмоционалды-экспрессивті 

сөздерді қолданады 

көңіл күйге байланысты сөздерді 



анықтайды; 

көркемдегіш құралдарды қолданады; 

 



Мақал-мәтелдер мен 

тұрақты тіркестерді еркін 

қолданады 

тақырыпқа қатысты мақал-

мәтелдерді анықтайды; 

тұрақты тіркестерді анықтайды. 

 



Пікірталаста тез және 

дұрыс шешім қабылдайды 

көтерілген мәселе бойынша сұрақ 



қояды; 

өз көзқарасын дәлелдейді; 

қорытынды шығарады; 



Сөйлеу тілінде интонация, 

кідіріс, логикалық екпіннің 

мәнін ашады 

интонация,  кідіріс,  екпіннің  мәнін 

ашады; 


Тілдік қолданыста 

интонация, кідіріс, 

логикалық екпін 

орындарын  анықтайды 

ойын білдіру кезінде интонация; 

кідіріс, екпінге ықпал жасайды. 

 





Барлығы  

10 

 

22 


 

«Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар»  бөлімдері бойынша жиынтық 

бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға  

арналған ақпарат (рубрика) 

Білім алушының аты-жөні ____________________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Көркем бейнелеуіш, 

эмоционалды-экспрессивті 

сөздерді қолданады 

 

 

Көңіл күйге байланысты сөздерді 



анықтауда, көркемдегіш 

құралдарды қолдануда қиналады 

 

Көңіл күйге байланысты сөздерді 



анықтауда, көркемдегіш 

құралдарды қолдануда қателеседі 

Көңіл күйге байланысты сөздерді 

анықтай алады. Көркемдегіш 

құралдарды қолданады 

Мақал-мәтелдер мен тұрақты 

тіркестерді еркін қолданады 

Тақырыпқа қатысты мақал-

мәтелдерді, тұрақты тіркестерді 

анықтауда қиналады 

Тақырыпқа қатысты мақал-

мәтелдерді, тұрақты тіркестерді 

анықтауда қателеседі 

Тақырыпқа қатысты мақал-

мәтелдерді анықтайды, тұрақты 

тіркестерді анықтайды 

Пікірталаста тез және дұрыс 

шешім қабылдайды 

 

Көтерілген мәселе бойынша 



сұрақ қояда, өз көзқарасын 

дәлелдеуде, қорытынды 

шығаруда қиналады 

 

Көтерілген мәселе бойынша сұрақ 



қояда, өз көзқарасын дәлелдеуде, 

қорытынды шығаруда қателеседі  

Көтерілген мәселе бойынша сұрақ 

қояды, өз көзқарасын дәлелдейді, 

қорытынды шығарады 

Сөйлеу тілінде интонация, 

кідіріс, логикалық екпіннің 

мәнін ашады 

 

Интонация, кідіріс, екпіннің 



мәнін түсіну қиындық туғызады 

Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін 

түсінуде қателеседі 

 

Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін 



түсінеді 

Тілдік қолданыста интонация, 

кідіріс, логикалық екпін 

орындарын анықтайды 

Ойын білдіру кезінде интонация, 

кідіріс,  екпінге  ықпал  жасауда 

қиналады 

 

 



Ойын білдіру кезінде интонация, 

кідіріс, екпінге ықпал жасауда 

қателеседі 

Ойын  білдіру  кезінде  интонация, 

кідіріс, екпінге ықпал жасайды 

 

 

23 


 

4-

тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 

 

Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым»  

 

Оқу мақсаты 

7.1.2.1 


Әлеуметтік-қоғамдық, оқу - еңбек тақырыптарына 

байланысты  диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, 

пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан  

үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау 



Бағалау критерийі 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

 

Орындау уақыты  

Білім алушы 

• 

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды 



• 

Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді 

• 

Диалогке қатысады 



 

Жоғары деңгей дағдылары 

 

15-20 


минут 

 

Тапсырма 

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың көзқарасын ажыратып, өз 

пікіріңізді диалогке қатысу арқылы білдіріңіз. 

 

Бал ашамын деп бәлеге қалған… 

Дастарқан  басында  соғыс  жайында  әңгіме  қозғалды.  Әркім  әртүрлі  естіген 

оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал: 

– 

Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл 



өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым  еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың 

аяқталғанына  да  пәленбай  жыл  өтті  ғой.  Сондықтан  бізді  ешкім  тергеп,  қудалай 

қоймас… 

…Бұрынғы  Ворошилов  колхозынан  бес  жігіт  бірге  әскерге  аттандық.  Алдымен 

ауданға,  сонан  соң  облысқа  апарды.  Облыс  орталығынан  эшелонға  отырғызып  батыс 

жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода 

көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. 

Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. 

Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. 

Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке: 

– 

Сен  бал  ашшы,  совет  жеңе  ме  екен,  неміс  жеңе  ме  екен?  –  дедік.  Әбдібек 



құмалақты шашып кеп жіберіп: 

– 

Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді. 



Кешке  бәрімізді  вагон-штабқа  шақырды.  Болған  оқиғаны  айна-қатесіз  біреу 

жеткізіпті.  «Мұны  сендерге  кім  үйретті?  Неге  совет  әскерінің  жеңетініне  күдік 

келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?»  - деп, ал тергеудің астына 

алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. 

«Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не 

керек,  «Совет  елінің  неміс  фашистерін  жеңетініне  күмән  келтіріп,  жауынгерлердің 

арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. 

Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. 

Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол 

күйі қайтпады.    

 

 

24 



 

 

Бағалау  критерийі 



№ 

тапсырма 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Мәтіндегі көтерілген 

мәселені анықтайды. 

мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды; 



Автордың 

көзқарасына өз 

пікірін білдіреді. 

автордың көзқарасын ажыратады; 

өз пікірін білдіреді; 

 



Диалогке қатысады. 

диалогке еркін қатысады. 



Барлығы  



 

 

25 


 

«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты 

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 

 

Білім алушының аты-жөні _____________________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Мәтіндердің стилін, 

тақырыбын анықтайды 

 

 



Мәтіндердің стилін анықтауда, 

тақырыбын түсінуде қиналады  

Мәтіндердің стилін анықтауда, 

тақырыбын түсінуде қателеседі 

Мәтіндердің стилін анықтайды, 

тақырыбын түсінеді 

Құрылымы мен 

аудиториясын ажыратады 

 

 

Мәтіннің құрылымын, 



аудиториясын анықтауда 

қиналады 

Мәтіннің құрылымын, 

аудиториясын анықтауда 

қателеседі 

Мәтіннің құрылымын біледі, 

аудиториясын анықтайды 

Тілдік ерекшелігін  

салыстырады 

Көркемдегі құралдарды 

ажыратуда, ресми стиль 

ерекшеліктерін анықтауда, 

экспрессивті-эмоционалды 

сөздер мен сөз тіркестерін 

ажыратуда қиналады 

 

Көркемдегі құралдарды 



ажыратуда, ресми стиль 

ерекшеліктерін анықтауда, 

экспрессивті-эмоционалды сөздер 

мен сөз тіркестерін ажыратуда 

қателеседі 

 

 



Көркемдегі құралдарды 

ажыратады, ресми стиль 

ерекшеліктерін анықтайды, 

экспрессивті-эмоционалды сөздер 

мен сөз тіркестерін ажыратады 

 

 

26 


 

Бөлім «Ғылыми фантастика»  

 

Оқу мақсаты 

7.3.2.1


.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай 

көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын 

мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 

7.2.2.1 


Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін  

қолданылған тілдік құралдар  арқылы тану  

7.4.4.5 

Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу 

 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

• 

Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып 



жазады 

• 

Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік 



ерекшелігіне сай қолданады 

• 

Оқшау сөздердің қызметін ажыратады 



• 

Әңгіме құрастыруда оқшау сөздерді орынды 

қолданады 

 

Ойлау дағдыларының            Қолдану 

деңгейі                                        Жоғары деңгей дағдылары 

 

Орындау уақыты                    15-20 минут 

 

Тапсырма 

Оқшау  сөздерді  қолдана  отырып,  ғылыми  фантастикалық  әңгіме  құрыңыз.  Стильдік 

айырмашылығына көңіл бөліңіз.  

 

      



Ғылыми  фантастика  –  ауқымы  кең  жанр.  Онда  айтылған  ғылыми  идеялардың 

орындалу мерзiмiнiң келешек үлесiнде екенi баршамызға аян. Өйткенi жазушы-фантаст 

қаламынан  туған  ой-арманды  арқалайтын  шығармалар  уақыт  пен  кеңiстiктiң  қай 

қиылысында  да  бола  алады,  соған  сай  ғылымның  дамуы  мен  адами  құндылықтар  – 

табиғатты көздiң қарашығындай қорғаудың небiр көкейкестi мәселелерiн қозғайды.   

Бағалау  критерийі 

№ 

тапсырма 

Дескриптор 

Балл   

 

 

 

 

Білім алушы 

 

 

 

 

 

Шағын мақала, нұсқаулық, 

әңгіме құрастырып жазады. 

 



әңгіме  құрылымын сақтап жазады 

(кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды); 

 

 



 

 

 



 

әңгімені тақырыпқа сай жазады; 

 

 



 

 

 



мәтінді  біртұтас мазмұнға сәйкес 

құрады. 


 

 



 

 

 



Көркемдегіш құралдарды 

мәтіннің стильдік 

ерекшелігіне сай қолданады. 

әңгіменің  жанрлық және стильдік 

ерекшеліктерін  сақтайды; 

 



 

 

 



 

 

көркемдегіш құралдарды 



қолданады. 

 



 

 

 



 

Оқшау сөздердің қызметін 

ажыратады. 

оқшау сөздердің қызметін 

ажыратады. 

 



 

 

 



 

Әңгіме құрастыруда оқшау 

сөздерді орынды қолданады. 

оқшау сөздерді орынды қолданады. 

 

 



 

 

 



Барлығы 

 

 

 

 



 

 

 



 

27 


 

 

«Ғылыми фантастика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты 

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) 

 

Білім алушының аты-жөні __________________________________________ 

 

Бағалау критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Шағын мақала, нұсқаулық, 

әңгіме құрастырып жазады 

 

Әңгіме  құрылымын сақтап 



(кіріспе, негізгі бөлім 

қорытынды),  тақырыпқа сай 

жазуға, мәтінді  біртұтас мазмұнға 

айналдыруда қиналады 

Әңгіме  құрылымын сақтап (кіріспе, 

негізгі бөлім қорытынды),  тақырыпқа 

сай жазуда, мәтінді  біртұтас мазмұнға 

айналдыруда қателеседі 

Әңгіме  құрылымын сақтап   

(кіріспе, негізгі бөлім 

қорытынды), әңгімені тақырыпқа 

сай жазады, мәтінді  біртұтас 

мазмұнға сәйкес құрады 

Көркемдегіш құралдарды 

мәтіннің стильдік 

ерекшелігіне сай қолданады 

Әңгіменің  жанрлық және стильдік 

ерекшеліктерін  сақтау, 

көркемдегіш құралдарды қолдану 

қиындық туғызады 

 

 

Әңгіменің  жанрлық және стильдік 



ерекшеліктерін  сақтауда, көркемдегіш 

құралдарды қолдануда қателеседі 

Әңгіменің  жанрлық және 

стильдік ерекшеліктерін  

сақтайды, көркемдегіш 

құралдарды қолданады 

Оқшау сөздердің қызметін 

ажыратады 

 

Оқшау сөздердің қызметін 



түсінуде қиналады 

 

 



Оқшау сөздердің қызметін түсінуде 

қателеседі 

Оқшау сөздердің қызметін 

ажыратады 

Әңгіме құрастыруда оқшау 

сөздерді орынды қолданады 

Оқшау сөздерді орынды 

қолдануда қиналады 

 

 

Оқшау сөздерді орынды қолдануда 



қателеседі 

Оқшау сөздерді орынды 

қолданады 

28 


 

 

 

 

 

 

 

29 

Document Outline

  • 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
    • Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер»
    • Бөлім «Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық»
  • 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
    • Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық»
    • Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы»
  • 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
    • Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер»
    • Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар»
  • 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
    • Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым»
    • Бөлім «Ғылыми фантастика»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет