Егер жиынтық жүздік және мыңдық бірліктерден құрылса, бұл тәсілмен нәтижелі белгінің есептеуіш мәндерін есептемей детерминация коэффицентін анықтауға болады.
Егер жиынтық үлкен болмаса, жиынтық регрессия теңдеуінде қарастырылған факторлық және нәтижелік белгілер арасындағы байланыстың адекваттылығын анықтау үшін, сызықты емес корреляциядағыдай корреляция индексін қолдануға болады:
[kgl]
Жалпы регрессия термині құлдырау мағынасын береді, әр түрлі себептерден фактордың сандық мәнінің құлдырауы регрессияны көрсетеді. Бірақ экономикалық көрсеткіштер уақыт периодында әр түрлі себептерден бірде өсіп, бірде кемуі мүмкін. Басқаша айтқанда, экономикада бір фактордың сандық мәнінің өзгеруі, екінші фактордың сандық мәнінің өзгеруіне әкеледі. Осындай бір жақты кездейсоқ шамалардың арасындағы сандық тәуелділікті регрессия деп қабылдаймыз. Ал регрессия аналитикалық түрде функцияның көмегімен айқындалады.
Регрессия бір факторлы (жұп) және көпфакторлы (көптік) болуы мүмкін. Регрессия және корреляция түрлері.
Регрессияның түрлерін атайық.
1.Регрессия факторлар санына қатысты жұп және көптік болады: жұп регрессия – нәтижелік фактор (у) және жәй фактор (х) арасында; көптік регрессия – нәтижелік фактор (у) және бірнеше жәй факторлер (х1,х2 ….хm) арасында.
2. Регрессия тәуелділік формасына қатысты сызықты және сызықты емес болады: сызықты регрессия, сызықты функциямен өрнектеледі; сызықты емес регрессия сызықты емес функциямен өрнектеледі.
3. Регрессияның тәуелділік бағытына қатысты тура (оң) және кері (теріс) болады: тура регрессияда факторлар бірыңғай өседі немесе кемиді; кері регрессияда қарама қарсы өзгереді.
Регрессия корреляциямен тығыз байланысты. Корреляция факторлар арасындағы байланыс тығыздығын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |