бет 24/42 Дата 30.01.2022 өлшемі 124,23 Kb. #116128
Байланысты:
ПРИЛОЖЕНИЯ НА КАЗ ЯЗЫКЕ ДЕТСАД (1) 3.5. Жұмыс беруш інің:
3.5.1. жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне ;
3.5.2. жұмыскерлермен еңбек шарттарын ҚР ЕК белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға , тоқтатуға және бұзуға;
3.5.3. өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға ;
3.5.4. өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
3.5.5. жұмыскерлерден еңбек , ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге ;
3.5.6. ҚР ЕК көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға , жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
3.5.7. еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге ;
3.5.8. еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
3.5.9. жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;
3.5.10. ҚР ЕК сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды , қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
3.5.11. ҚР ЕК сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге ;
3.5.12. жеке еңбек дауын шешу үшін ҚР ЕК көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: