Жасөспірімдік кезең - бұл 10-11 жастан 15 жасқа дейінгі кезең, яғни V-IX сынып оқушыларының жасына әйкес келеді. Бұл кезең қарқынды даму кезеңі, яғни бойдың қарқынды өсуі байқалатын кезең. Ең алдымен 14- 15 жастағы ер балалардың бойы бірден өсуі байқалады. Осы жаста бұлшықет жүйелері жоғары қарқында өседі. 13-14 жаста әсіресе ер балаларда бұлшықет жүйелері қарқынды өседі.
Жүрек-қан тамырларының дамуында жасына сәйкессіздік байқалады. Жүрек көлемі жағынан едәуір өседі және күшейе түседі, мықты жұмыс істейді, ал қан тамырларының диаметрі дамуы жағынан артта қалады. Бұл қан айналымның кейбір уақытша бұзылуына апарады, қан қысымының күшеюіне және кейбір жасөспірімдерде байқалатын бас айналуға, бас ауруларына, әлсіздікке, тез шаршауға себепкер болады.