МАЗМҰНЫ
KІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 Жылдамдық және оның футболдағы орны......................................6
Жас футболшылар үшін жылдамдықтың маңызы.................................................7
Орта мектеп жасындағы балаларға футболмен айналысудың тигізетін әсері..................................................................................................................................10
ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.........................................................................................13
Орта мектеп жасындағы балалардың дене дайындығының ұйымдастырылуы....................................................................................................16
Орта мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктері мен жылдамдық қасиеттерінің зерттелуі...........................................................................................21
3 Оқу-жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаCИЕтін дамытудың әдістері .......................................36
3.1 12-15 жастағы футболшылардың жылдамдық қасиетін дамытудың әдістемесі.........................................................................................................................39
3.2 Жас футболшылардың техникалық және тактикалық дайындығы....................48
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................61
Кіріспе
Соңғы жылдары ірі футбол турнирлары футболшылардың ойын әрекетінің қарқынды дамыту мен техникалық әдістерді жылдам орындауға бағытталғандығын көрсетеді. Ойын кезінде оның жалғасу ұзақтығына және қарқындылығына қарай жаттығулар алмасып жүзеге асырылады. Қазіргі футбол үшін жылдамдық ойын қызметіне едәуір әсер етеді. Сонымен қатар жылдамдық–қазіргі футболда ойынның сапасына әсер ететін едәуір маңызды дене қасиеті болып табылады.
Қазіргі кезде футбол жарыстарында жылдамдықсыз жеңіске жету мүмкін емес. Ал, бұл мәселені шешу жаңа тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып осы қасиетті жүзеге асыру болып табылады. Жылдамдықты жасөспірімдік кезден, яғни 13-14 жастан бастап дамыту керек. Футболшылардың ойында көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз орындауы қазіргі футболдың даму үрдісі болып отыр. Сонымен қатар ойыншылардан жоғары жылдамдықпен допты меңгеру қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекеттер жасау талап етіледі. Сондай-ақ, футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 13-14 жас аралығы жылдамдықты дамытуға қолайлы кезең болып табылады [1, 48 б.].
Футболдың қазіргі даму деңгейі футболшылардың дене дайындығына жоғары талап қояды, соның бірі жылдамдық қасиеті мен арнайы төзімділік. Спорт түрлерінде, соның ішінде футболда жылдамдық қасиеттерін дамыту әдістемесі әлі де жүзеге асырылуы керек. Жас футболшылардың дайындығында жылдамдық қасиеттерін дамыту орта мектеп жасында қалыптасатындығына назар аудару керек. Себебі, орта мектеп жасы– барлық негізгі өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйелер мен олардың жүзеге асырылатын кезеңі. Осы жаста ағза белсенді түрде қалыптасады, қоршаған ортаға бейімделеді, жүйке жүйесі мен қозғалыс аппараты дамиды. Орта мектеп жасы балалардың дене қабілеттерін дамытуда қолайлы кезең болып табылады.
Оқу-жаттықтыру сабағында жас футболшылардың дене қасиеттерінің жүзеге асырылуы кезіндегі жеке даму ерекшеліктерін есепке алсақ, жаттығу тиімді болады. Әр түрлі жастағы футболмен айналысатын балалардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға арналған зерттеулер балалардың жылдамдық қасиеттерінің көрсеткіштерін толық бермейді. Сол себепті жас футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамыту әдістемесі дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінде маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |