Жылдамдық және оның футболдағы орны


Орта мектеп жасындағы балалардың дене дайындығының ұйымдастырылуы



бет8/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

2.1 Орта мектеп жасындағы балалардың дене дайындығының ұйымдастырылуы

Дене дайындығы–бұл дайындықтың барлық жағын жүзеге асыруға, дене қасиеттерін дамытуға бағытталған педагогикалық үрдіс. Дене дайындығы жалпы және арнайы дене дайындығы болып екіге бөлінеді.


Жалпы дене дайындығы дене қасиеттерінің, спортшының ағза жүйесінің жан-жақты дамуын сипаттайды. Спортшының ағзасына және тұлғасына жалпы ықпал ететін дене жаттығулары жалпы дене дайындығының құралдары болып табылады. Олардың қатарына жүгіру, шаңғымен жүру, жүзу, спорт ойындары және т.б. жатады. Жалпы дене дайындығы жылдық оқу-жаттықтыру сабағында жүргізілуі керек.
Арнайы дене жаттығуы таңдамалы спорт түрінде дене қабілеттерінің дамуын сипаттайды. Жарыс жаттығулары мен арнайы дайындық жаттығулары арнай дене дайындығының негізгі құралдары болып табылады.
Жас футболшылардың дене дайындығының көпжылдық үрдісі адамның дамуының жас ерекшеліктерін, оның дайындық деңгейін, дене дайындығының даму ерекшеліктерін және қозғалу қабілеттерінің қалыптасуын есепке алғанда ғана жетістікке жете алады.
Қазіргі уақытта жоғары спорттық жетістіктерге жету үшін қозғалу қабілеті мен дене дайындығының негіздерін өз уақытында, яғни бала жастан бастау керек. Түрлі саладағы мамандардың адам ағзасында пайда болатын өзгерістердің дамуын зерттеуі де кездейсоқтық емес. Балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығының жас ерекшеліктерін және түрлі спорт түрлеріндегі қозғалу қабілеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеген еңбектер де баршылық. Спорттық жаттығуларда дайындық ұғымы спортшының жарыстағы жүрісін дұрыс ойластыру және өзінің жеке ерекшеліктері, ішкі шарттарды болдыратын қарсыластардың мүмкіндіктері болып табылады.
Түрлі жас кезеңдерінде дене дайындығының өсу қарқыны біркелкі емес. Оқу-жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру кезінде, әдістемені таңдау барысында ойыншының дене жаттығуларын орындау барысында ағзасында болатын өзгерістерді есепке алған жөн.
Спортшылардың дайындық деңгейінің жоғары тиімділігінің басты шарты жас ерекшелігі мен жеке анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді қатаң есепке алумен байланысты болады [7, 20 б.].
Бұл дегеніміз жаттықтыру құралдарын және әдістерін, жаттықтыру жүктемелерін таңдау мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді.
Әрбір жас кезеңі өзіндік ерекшеліктерге ие. Адам ағзасының дамуы мен өсуі бірдей болмайды.Қаңқалық жетілуі немесе «сүйегінің» жасы биологиялық жастың басты белгілерінің бірі болып есептелінеді. Жоғары мектеп жасында толық даму кезеңіне дейін жалғасатын омыртқа жотасының едәуір өсетіндігі байқалады.
Дене шынықтыру теориясында кіші мектеп жасы (7-10 жас), орта немесе жасөспірімдік мектеп жасы (11-15 жас), сонымен қатар жоғары немесе жасөспірімдік жасы (16-18 жас) деп бөлу қарастырлған [7,92 б.].
Кіші мектеп жасындағы кезеңде сүйектер әлі жұмсақ және майысуға бейім болып келеді. Бұлшықеттер біркелкі дамымайды–басында дененің ірі бұлшықеттері, төменгі жақтағы және иық жақтағы, содан кейін ұсақ бұлшықеттер дами бастайды. 11 жастан бастап 15 жасқа дейін барлық органдар дамуын жалғастырады. Осыған байланысты барлық органдарда қайта түзілулер орын алады. Бұлшықет өскен сайын, күш те өсе түседі. 17-18 жаста тек қана бой ғана емес, сонымен қатар ұзын сүйектердің дамуы да тоқтайды. 15-16 жаста көкірек қуысы қарқынды дами бастайды, осы кезде жасөспірімдер жоғары жүктемелерге төзімді болады. Сүйектердің қатаюы өте ұзақ уақытқа жалғасады десек те болады, себебі ол 20-25 жасқа қарай тоқтайды [7, 30 б.].
Футболшының дене дайындығы оның жан-жақты дамуына бағытталған. Футбол ойынына жалпы физикалық дайындықпен қатар, мамандандырылған футболшыға тән арнайы қимыл қозғалыс қасиеттері тәрбиеленеді.
Дене жаттығуларымен және спортпен айналыcуға байланысты әрбір кезеңнің өз ерекшелігі болады.
14-15 жастағы жас футболшылардың тактикалық дайындығының басқа жастағы топтардан айырмашылығы болуы керек деген пікір де бар. Арнайы мүмкіндіктердің даму деңгейі осы кезеңде едәуір баяу болады және тіпті басқа жастағы топтардың көрсеткішіне қарағанда төмен де болуы мүмкін. Сондықтан осы дайындық кезеңін көбінесе тактикалық дайындыққа мақсатты түрде арнау керек. Алайда тактикалық дайындықта тактикалық бөліктерді игеру толықтай ақталады, себебі осы жаста тактикадағы білік пен дағдылар өсе түседі. Бағдарламадығы талаптарға сәйкес осы 14-15 жаста ойын бойынша спорттық мамандандырылу қарқынды түрде өтеді және жеке тактикамен салыстырғанда топтық тактикалық жаттығуларға үлкен талап қойылады.
11-14 жастағы жасөспірімдердің дене қасиеттерінің даму деңгейлері, қимыл-қозғалыс мүмкіншіліктері, психикалық қалыптары мен қасиеттері, ағзаларының физиологиялық даму деңгейлері әр түрлі болып келеді. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт бапкері осы ерекшеліктерді жақсы білуі, балалардың бойынан осы қасиеттерді көре, тани білулері қажет. Оқу-жаттықтырулар жүргізу барысындағы жаттығулар техникасын үйрету, жетілдіру, дене қасиеттерін дамыту кездерінде осы ерекшеліктерді ескере жұмыс жүргізу керек.
Ал, кейінгі жас кезеңі 15-16 жастағы жасөспірімдердің оқу-жаттықтыру сабағында ең алдымен күш, күш-жылдамдығы жаттығуларына, күш төзімділігіне, аэробты төзімділікке көп көңіл аудару қажет. Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін дамыту жаттығуларының арасынан қимыл-әрекетті тез, басқаша құра алу, тепе-теңдікті ұстап, бұлшық еттерді босаңсыта білу жаттығуларына назар аударған жөн.
Бұл жастағы жасөспірімдерге жаттығуларды ойын әдісімен орындаулар азайтылып, оқу-жаттықтыру сабағында көбінесе жарыс әдістері қолданылады. Осы жас кезеңінде олардың дене құрылымдарын, дене және техникалық дайындықтарын ескеріп, жеке тапсырма беру әдістерін көбірек қолданамыз. Қосымша жаттығулар беру арқылы олардың жаттығулар техникасын тез меңгерулеріне, дене қасиеттерін дұрыс деңгейде дамытуларына көмектесеміз.
В.Н. Платоновтың пікірінше, дене дайындығы спортшының жарысу қызметін қамтамасыз ететін және жылдамдық, күш, төзімділік және ептілік сияқты басты дене қасиеттерінің даму деңгейін қамтамасыз ететін ағзаның мүмкіндіктерімен сипатталады.
Ресейдің дене тәрбиесі мен спорт мамандары Л.Б. Кофман, В.А. Кабачков, А.Н.Тяпин, Л.А.Захаров, Ю.П. Пузырь 6-17 жастағы мектеп оқушыларынан жылына екі рет: қыркүйек, мамыр айларында алынатын, олардың дене дайындығы деңгейін көрсететін сынақ жаттығуларын зерттеп құрастырды. Осы көрсеткіштер бойынша оқушылардың дене қасиеттерінің даму деңгейін анықтап, келешек жұмыстарға өзгерістер енгізуге болады. Бұл стандарттық сынақ жаттығулары қарапайым және дене деңгейі туралы көп ақпараттар береді:
- 1000 м жүгіру. Сынақ жаттығуы төзімділік деңгейін анықтауға арналған;
- 10 м-ді 5 рет қайталап жүгіру. Спорт залда, алаңда 10 м өлшеніп, екі жақ шетіне кубиктер белгі ретінде қойылады. Оның биіктігі 15-20 см болады, жаттығушылар оны айналып жүгіреді. Оқушы мұғалімнің белгісімен 10 метрлік қашықтықты 5 рет жүгіріп өтеді. Сынақ жаттығуы жылдамдық және ептілікті бағалауға арналған;
- белтемірде тартылу. Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің күш төзімділігін бағалауға арналған:
- шалқалап жатқан қалыпта 30 сек бойы кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы кеудені көтеру бұлшық еттерінің күшін бағалауға арналған;
- отырған қалыптан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы омыртқа мен жамбас-сан буынының икемділігін өлшеуге арналған [8, 71 б.].
Жас футболшылармен жұмыс жасаудың алғашқы дайындығы кезеңінде мақсатты түрде жан-жақты дене дайындығын игеруге, денсаулықты жақсартуға және гармоналды дамуға, түрлі қабілет-дағдыларды игеруге бағытталған құралдарды және футболдың техникасы мен тактикасы негіздерін үйретуге бағытталған әдістерді пайдалану керек. Осы кезде дене дайындығының міндеті, ең алдымен жас футболшылардың қозғалыс жылдамдықтарының қалыптасуынан тұрады, яғни оның басты бөліктері күш, жылдамдық, төзімділік және ептілік, сонымен қатар уақыт жағынан өз қозғалыстарын басқара алу қабілеті жатады. Қозғалыс жылдамдықтарын дамытуға ерекше назар аудару керек, себебі бала және жасөспірім жасында осы маңызды дене қасиеттерін тәрбиелеу мүмкіндігі жоғары.
Футболшының арнайыдене дайындығының бірі ол доппен жаттығулар жасау.Дайындық негіздері тактикалық дайындықпен «байланыс» құруы керек. Бұл үшін оқу ойындары кіші көлемдегі алаңдарда ғана емес, сонымен қатар стандартты алаңдарда да өткізілуі қажет.Сонымен қатар барлық тактикалық тапсырмалар жарысқа қатысуға жақын болуы тиіс.
Спортшының дене дайындығы оның спорттық шеберлігімен тығыз байланысты. Спорттық шеберлік ең алдымен, жылдамдық мүмкіндіктерімен, содан кейін ұзақ жаттығуға төзімділікпен және түрлі дене қасиеттерін дамытумен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет