1994 жыл 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. 1994 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге жалға берілді. Осы жылдың шілде айында ғарышқа екінші қазақ - Талғат Мұсабаев ұшты. Ғарышта 126 күн болған.
1995 жыл 1995 жылдың 30 тамызында қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды. 1995 жылы 29 сәуірде Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4 пайызы өкілеттігін ұзартуды қолдады.