2005 жыл 2005 жылдың 4 желтоқсанында кезекті Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 91,15 пайыз дауыспен үшінші мәрте Мемлекет басшысы болды. Мұнай саласында маңыздылығы зор «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын тарту құрылысының аяқталуы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын одан әрі ынтымақтастыра түсті.
2006 жыл Теңгенің жаңа үлгілері айналымға шығарылды және «Самұрық» мемлекеттік қоры құрылды. Кейін «Қазына» қорымен бірігіп, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ болды.
2007 жыл Бұл жыл еліміз үшін ғана емес бүкіл әлем үшін тарихтағы ең ірі қаржылық дағдарыспен есте қалды. Экономикалық дағдарыс Қазақстанды да шарпып өтті.