Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Қазақ тіліндегі еліктеу сөздердің табиғаты



бет45/102
Дата14.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#172462
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102
Байланысты:
1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
РМ ОМ 1курсс каз. №10, Сөзжасам саласындағы туынды сөз бен туынды түбір, ҚАЗІРГІҚАЗАҚТІЛІНДЕГІҮСТЕУСӨЗТАБЫНЫҢСӨЗЖАСАМДЫҚЖҰРНАҚТАРЫ, Пр.р 7 (1), download, download, рефервт, тест (5)
25. Қазақ тіліндегі еліктеу сөздердің табиғаты
Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда, біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан кұбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарларды дыбыстау мүшелерінен шығатын әртүрлі әрекет қимылдарынан туатын, әр қилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сырткы сын-сипаты мен кимыл-әрекеттерінінде қилы-қилы көріністерінен пайда болатьін түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс, гурс, дурс, қорс, т. б.
Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалык мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстар- мен байланысты болса, екінші тобының семантикалык мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғи көрініс- тердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға белінеді, бір тобы еліктеуіш (елік- теме) сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш (бейнелеме) сездер деп аталады.
а) Еліктеуіш сездер
Еліктеуіш сөздер деп табиғатта үшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне кақтығысу- соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде калыптасқан сездерді айтамыз. Мысалы: Мылтық тарс етті; қарға қарқ етті
Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрінің екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыс қысаң дауысты еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сәл езгеріс туады Мысалы: Біреу есікті тарс-тарс үрды және біреу есікті тарс-түрс урды деген сөйлемдердің құрылысы мен кұрамдарында айырмашылык болмаса да, мағынала- рында (сәл болса да) айырмашылық бар; тарс-тарс үр- ды дегенде, адам есікті әрі қатты, әрі бірнеше рет ұрғаны мен бірқалыпты ұрғаны аңғарылады, ал тарс-тұрс үрды дегеннен есіктің қатты ұрылуы бірқалыпты емес, бірде қатты, бірде онан да каттырақ, я солғын болып алмасып отырғаны аңғарылады.
Басқа сөздер сияқты, мағына жағынан бір-біріне жакын, синонимдес, екі түрлі еліктеуіш сөз қосарлана бе- реді, мысалы: сатыр-күтір, салдыр-күлдір, бурқ-сарқ ■т. б. Бүл ерекшелік те — еліктеуіш сөздердің қосарла- нуьіна тән калыпты, занды құбылыс. Әдетте, су бурқ- бурқ қайнап жатыр деп те, су сарқ-сарқ қайнап жатыр деп те айтыла береді. Бұл сөйлемдердің де құрылыстары мен құрамдарында ешқандай айырмашылық жоқ, арасында азды-көпті мағыналық айырмашылық бар- бурқ- бурқ қайнауға қарағанда, сарқ-сарқ қайнау әлдеқайда күшті
Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашық, не кысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы, есік сарт етіп жабылды және есік сырт етіп жабылды деген сөйлемдерде құрылыс жағынан ещ- , қандай айырма жоқ бола турса да, мағына жағынан бір-бірінен, сәл де болса, ерекшеленіп тұр. Екінші сөзбен айтқанда, еліктеу сөздін, түбіріндегі дауысты дыбыс ашық болса, құлаққа келетін табиғат дыбысы да қатты естіледі — қысаң болса,— ақырын естіледі. Осыған сәйкес сол сөздің мағынасы да ажырайды (дифференцияланады).
Еліктеуіш сездер ауызекі тілде, ауыз әдебиетінде, көркем әдебиетте өте жиі қолданылады, мысалы: Социалистік индустрияның дөңгелегі зыр жүгірді (Мұстафин); Күн көрістің ескі тәсілдері, ескі салт-сана, әдет-ғүрып іиірік шүберектей дыр-дыр жыртылып жатты (бү да); Колхоздың қара сабалары күмп-күмп пісілді (бү да); Кешікпей тағы да мылтық даусы гүрс-гүрс шықты (Ғ. Сланов); Боз, күрең, жирен, ала, шүбар, Өтеді ауыз- дығын ңарш-ңарш шайнап (Жамбыл).
Сейтіп, еліктеуіш сөздер дегеніміз — өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты (формалық структурасы) бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріке де тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын (түрленбейтін), сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.
ә) Бейнелеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер есіту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің аттарын білдірсе, бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі емес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді.
Мысалы: Ырғалып қарға қарқ етті; ірімшік аузынан салп етті деген сөйлемдерді алайық.
Бейнелеуіш сөздер іс-әрекеттің тек сыртқы бейне-көрінісін ғана емес, әрі шапшаң (аса тез) болатынын да білдіреді. Бұл сөздерге де белгілі-белгілі көріністің, қимылдың бейнесі негіз болады. Мысалы: бірдеме елең етті; от жалт етті; жапалақ жалп етті дегендердегі елең, жалт, жалп деген сөздер белгілі көріністің бейнесін де, олардың тез болу ерекшелігін де білдіреді.
Еліктеуіш сөздер сиякты, бейнелеуіш сездер де косарланып қолданылады да, солар аркылы бейнеленетін кұбылыстардың бірнеше рет кайталанғанын білдіреді. Мысалы: елең-елең, жалп-жалп, жалт-жалт, жылт-жылт, қылт-қылт, лап-лап т. б.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де қайталанған екінші сыңарының ашық дауысты дыбысы кысаң дауысты еріндікке айналып, іс-қимылдьщ бейнесінің бірде олай, бірде бұлай болып алмасып отыратынын білдіреді, мысалы: жалт-жұлт, жалп-жұлп, қалт- құлт т. б.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сездердің де түбіріндегі дауысты дыбыстардың жуан я жінішке болуы олардың мағынасында айырмашылық болатынын анғартады, мысалы: жалп-жалп етеді деген мен желп- желп етеді дегеннің, осыдан туған жалпылдайды және желпілдейді деген сөздердің мағыналары тең емес. Алғашқы көріністен күшті, дерекі, епсіз бейне байқалса, сонғыда әрі нәзік, әрі майда бейне елестейді,
Еліктеуіш сездер сияқты, бейнелеуіш сездердің де бастапқы дара түбіріиеде, қосарланған түрлеріне де сөз байланыстыратын (кептік, септік, тәуелдік, жіктік) жал- ғаулар тікелей қосылмайды. Демек, еліктеуіш сөздер тә- різді, бұлар да — түрленбейтін сөздер. Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сездер де ешбір өзгеріссіз тікелей етістіктермен тіркесіп, я дара мүше (жалт қарады, жалт- жалт қарады) болады, я күрделі мүшенің кұрамына енеді (жалт етті, жалт-жалт етті).
а) Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері
Еліктеуіш сездердің дыбыстық ерекшеліктерін сез еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс: 1) дыбыстык құрамы, 2) буын жігі, 3) айтылу ырғағы.
Еліктеу сөздердің дыбыстық кұрамында, демек, олардын дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп калыптаскан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге бола- ды.
Бұл үлгілерде көрсетілген еліктеу сөздер, әрине, не-' гізгі түбір формалар. Бұлардан басқа да формалар бар. Мысалы алш, былш, қаліи; ыз, тыз, ыс; кіс, пыс, тыс тәрізді сан жағынан аз болғанымен де, көптеген туынды сездердің жасалуына негіз болган (мысалы: алшы, ал- шаң, ызың, ызыл; ысқыр, пысына, кісіне т. б.), сондай- ақ, әуелгі түбірлері туынды сөздермен біте қайнасып ажырамайтын болып кеткен формалар да көп. Мысалы салдыр-гүлдір, балдыр-былдыр, жымың-жымың. сопақ, тырбаң, ыржаң сияқтанған сездердің түбірлері қазіргі тілде жеке колданылмайды.
ә) Еліктеу сөздердің морфологиялық сипаты
Еліктеу сөздер, сыртқы морфологиялык құрылысына карай, жалаң да, күрделі де болады.
Жалан. еліктеу сөздер негізгі және туынды болып екі салаға белінеді.
Негізгі еліктеу сөздер деп айкаладағы табиғат кұбы- лыстарын құлақпен есту арқылы қабылданған дыбыс- тардан жэне көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсікіктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атау- лары есебінде қызмет етегін түбір сөздерді айтамыз.
'Мұндай негізгі еліктеу сөздер, практикалық тұрғыдан алғанда, казіргі кезде тиісті морфологиялық бөлшек- терге сараланбайтын бір тұтас тұлға сияқтанып келеді. Оларға жоғарыда көрсетілген 15 т-үрлі үлгіге тән формалар және олардан өзге де бір алуан формалар жа- тады. Мысалы. ар, ыр, арс, ырс, борс, бырс, бүлт, былк,, дүрс, дік, дүңк, күрс, күмп, кірт, елп, жалт, жарқ, зырқ, қалт, кілт, лып, лап, морт, мырс, мүлт, мыңқ, салп, саңқ, сыңқ, селк, солң, сарт, сырт, таңқ, тыңң, шалп, шылп, іиаңқ, шыж, ырс, ыңқ, тағы басқалар.
Туынды еліктеу сөздер деп негізгі (түбір) еліктеу сөздерден де және басқа атауыш (атаушы) сөздерден де тиісті жүрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз. Мысалы: алшаң, арбаң, арсалаң. агараң, бал- паң, болпаң, дікең, елпең, жалтаң, жортаң, жалпаң, жылмаң, ирелең, көлбең, кірбең, қалтаң, қолбаң, қор- жаң, қызараң, қылмаң, қьитың, салбаң, салтаң, сылтаң, тарбаң, тарбалаң. ырсаң, ыржаң т. б.
Сөйтіп, туынды еліктеу сездер түбір (негізгі) елік- ітеу сөздерден де (мысалы: жалт-аң, арс-алаң, балп-аң, ^олп-аң, елп-ең, жылт-ың, қалт-аң, сьілт-ың, ырс-алаң г. б.), өзге атауыш сөздерден де жасалады (мысалы: ағар-аң, қызар-аң, иір-елең, бұра-лақ, соз-алаң т б ).
Туынды еліктеуіш сөздер жасайтын жұрнақта-р мы- налар:
1. -ң, -ың, -ің, -аң, -ең жүрнағы. Бұл жұрнақ арқылы гуынды еліктеу сездер жасауға мынадай формалар не- гіз болады:
а) Негізгі (түбір) еліктеу сөздер. Бұлардан жасалған гуыкды формаларға мынадай еліктеуіш сездер жатады: йрс-аң, ырс-ың, борс-ың, борт-аң, бырт-ың, барп-аң, Ъолп-аң, елп-ең, жалт-аң, жымп-ың, томп-аң, быж-ың, ^ілт-ің, мырс-ьің, қалт-аң, қорс-аң, тарс-аң, корп-аң [. б.
ә) Кейбір атауыш сөздер (есімдер мен етістіктер). ^ларға, мысалы, мынадай туыиды еліктеу сездер жата- 5ьг. ала-ң, ағар-аң, былға-ң, дал-аң, домала-ң, жайқа-ң, 'иайна-ң, зкырт-ың, иір-ең, көлбе-ң, қара-ң, қызар-аң, ^рбе-ң, сыла-ң, шаңқа-ң т. б.
б) Кейбір жеке-дара қолданылмайтыи формалар. Ондай формалар бейнелеу етістіктеріне де және баска есімдерге де негіз болған. Ол формалар қазіргі кезде жеке- дара түбір есебінде қолданылмайды, бірақ бастапқы кездерде еліктеу (бейнелеуіш) сездердін түбір форма- лары болған деп жорамалдауға болады. Оларға, мыса-' лы, мынадай туынды еліктеу сөздердің түбірлері жатады: арб-аң (арбай), ерб-ең, (ерби), жарб-аң іжар- би), кірб-ең (кірби), қорб-аң (қорби), -адыр-аң (адырай, адырақ), ажыра-ң (ажырай), бадыра-ң (бадыран, ба- дырақ), бажыра-ң (бажырай), майм-аң, (майми, май- мақ), кірж-ің (кіржи, кіржік)
2. -лаң, -лең, -алаң, -елең жұрнақтары кейбір етістік- терге жалғанып, туынды еліктеу сөздер жасайды, Мыса- лы: бур-алаң, иір-елең, соз-алаң, шұба-лаң, ора-лаң т. б.
Күрделі еліктеу сөздер деп жалац еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы, не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз.
Күрделі еліктеу сөздер компоненттерінің формалары- на қарай оларды мынадай негізгі төрт топқа бөлуге бо- лады:
1) арс-арс, борт-борт, быж-быж, гүр-гүр, дур-дур^ дір-дір, жарқ-жарқ, жалт-жалт, елп-елп, зыр зыр, зырқ- зырқ, лап-лап, лып-лып, маң-маң, күмп-күмп, күрс-курс, селк-селк, тарп-тарп т. б.
2) арс-урс, баж-буж, жарқ-жұрқ, шап-шуп, шалп- шулп т. б.
3) арбаң-арбаң, алшаң-алшаң, ағараң-ағараң, далаң- далаң, елең-елең, елбең-елбең, ербең-ербең, балпаң-бал- паң, бортаң-бортаң, бүрсең-бүрсең, жалаң-жалан, жал- баң-жалбаң, жалтаң-жалтаң, қызараң-қызараң, көлбең- көлбең, қожаң-қожаң, қоқаң-қоқаң т. б.
4) Арбаң-ербең, арбаң-тарбаң, адыраң-едірең, Қиңаң-j қиқаң, олпаң-солпаң т. б.
Еліктеу сөздерден ©зге сөз таптарына тән баскд да жаңа сездер жасалады. Мысалы: тарсыл, дүрсіл, күрсіл, тырсыл, бажыл, шыжыл сияқты зат есімдер -ыл (-іл) жұрнағы арқылы тарс, дүрс, күрс, тырс, баж, шыж деген еліктеуіш сездерден жасалған. Сондай-ақ, жалтақ, бу*' тақ, шыжық, бурқақ сияқты есімдер де жалт, булт, шьЛ бурқ деген еліктеу сөздерден -ақ (-ық) жұрнағы аркыль1. туған. Еліктеу сөздерден басқа сөз таптарына тәи осындай туынды сөздер жасайтын басты-басты жұрнақтар мыналар:
1. -ыл -іл (ырыл, бажыл, дарыл, дүріл, гүріл, күрсіл, тарсыл, тырсыл, қорсыл, сыртыл, күжіл, іиыжыл, ыңқыл, сүңқыл, шүңкіл, сырыл, пысыл, бақыл, зуыл, суыл, гуіл, іиарыл. иіырыл, шіңкіл, дүңкіл т. б.).
2. -ыр, -ір (жалтыр, жылтыр, былбыр, сылбыр, та- қыр. тықыр іиақыр, иіықыр, сытыр, т. б.).
3 -ақ, -ек, -ық, -к (адырақ, елбек, бүлкек, бүлтсщ, ясалтақ, қаліақ, салпақ, бүрқақ, ыржақ. қылжақ, тар- баң, балпаң, жалпақ, қалпақ, қоқақ, тықақ т. б.).
4 -ғыр, -гір (даңғыр, дьщғыр, дүңгір, қаңғыр, мың- гыр, сыңғыр, иііңгір т. б.).
5. -кыр, -кір (бақыр, кекір, шақыр, жекір, өкір, түш- кір. пысқыр, осқыр, ысқыр, т. б.).
6 -ыра, -іре (балбыра, былбыра, елбіре, желбіре, салбыра, сылбыра, жылбыра, үлбіре, солбыра, қолбыра, бүрқыра, жарңыра, күркіре, дүркіре, эырқыра, сырқыра, маңыра, мөңіре, еңіре т. б.).
7 -ырай, -ірей (бақырай, бақшырай, шақырай, түкьі- рай, кскірей, кекшірей, бүкірей, тьщырай, шоқырай, қо- қырой, бажырай, күжірей т. б.)-
8. -ый, -ій (арби, ерби жарби, тарби, арси, ырси, тор- си, тырси, жылти, қылти, кілти, қылқи, кеңки, теңки, бырти. қоңңи, шоңқи, быржи, қоржи т. б.).
9. -й, -ай, -ей (арбай, адырай, едірей, ежірей, қоқай, шоқай, сбпай, қиқай, крңай, балпай, жалпай т. б.).
10. -да, -де'арбаңда, ербеңде, бураңда, ирелеңде, сүй- релеңдс, жалпаңда, адыраңда, қоқаңда т»б.).
Еліктеу сөздерден баска туынды сөздер тудыратын өзгеөнімсіз жұрнақтар да бар. Мысалы: кісіне, қужына, быжына, пысына етістіктерін алсақ, олар -ыка (-іне) кұрнағы арқылы кіс, қуж, быж, пыс деген еліктеу сөз- Дердеіі жасалған.
ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ
Еліктеу сөздердің синтаксиетік қызметін сөз еткенде, екі түрлі мәселе баяндалуға тиісті: оныц бірі — еліктеу сездсрдің өздерінен баска қандай сөздермен тіркесетіні, екіншісі — еліктеу сездердіи сөйлемде кандай мүше бо- лып қызмет атқаратыны. Ал бұл екі мәселе жайында антылатын қағидалар мынадай:
1. Еліктеу сөздін жалаң түрі мен күрделі (қосарлан- ган) түрінің қай-кайсысы болса да өздеріне тән атау фор- мада түрғанда бірен-сарандаған жағдайда ғана болмаса, тек етістіктермен тікелей тіркеседі. Бірақ еліктеу сездер етістік атаулының бәріне бірдей тіркесе бермейді. Онын жалан (дара) түрі де, қосарланған түрі де езге етістік- термен таңдап тіркессе де, ет көмекші етістігімеи еркін тіркесе береді. Мысалы: Жанып жатқан от майлы көбік тамғанда, пыс етіп, борс етіп сөне қалып, қайтадан тез лап етіп жанды (С. Сейфуллин);
2. Еліктеу сөздер толық мағыналы дербес етістіктер- дін бәрімен де бірдей тіркесе бермейді, олардың ішінен тек ездерінн. мағыналарына орайласатындарымен ғана еркін тіркеседі. Мысалы: Абай селк етіп жалт ңарады Щ. Әуезов); Машина кілт бүрылды (С. Шаймерденов); Цасым жалт ңарап жалтарып, Қалиқаға қосыла кетті (С. Ерубаев) т. б.
3. Еліктеу сездер етістіктерден езге сездермен некен- саяктап кана тіркеседі де, сын есім, үстеу, шылау сиякты сез таптарымен тіпті тіркеспейді. Мысалы- Қүңгірт сөй- леген шаңда-шұң дауыс шықты (С. Сейфуллин); Кым- қиғаиі қиқу, сарт-сүрттөбелес болды да қалды (С. Ке- 'беев).
4. Еліктеу сездердін сөйлемде қандай мүше қызыме- тін атқаруы олардың өздерінен баска қандай сөздерге тіркесуімен байланысты. Өйткені, жоғарыдағыдай, шаң- шүң дауыс іиықты (С. Сейфуллин); Сарт-сүрт төбе- лес болды да қалды (С. Көбеев) деген сөйлемдер- дегі елең етті тіркесі баяндауыш болса, қылаң етіп тір- кесі пысыктауыш болып тұр т. б.
Дербес мағыналары бар негізгі етістіктермен тіркес- №нде, еліктеу сөздер қимыл мен іс-әрекеттің сын-сипатын Йлдіреді де, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы Абай кілт бұрылып, жалт қарады (М. Әуезов);
3. Еліктеу сөздер субстантивтеніп, есім формаларында ^Ұмсалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет