Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
Есімдік – лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде есімдікті орынбасар сөз табы деп те атайды.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні.
Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды
Н.Оралбай бойынша: Есімдік сөз таптарына тән жалпы грамматикалық ұғымдардың жеке біреуіне де, бәріне де қатысты сөз табы емес. Алайда, сөз таптарының жалпы грамматикалықұғымдардың үш түріне қатысы бар: заттық ұғым, белгі ұғымы және саңдық ұғым.
Осымен байланысты есімдіктер үш топқа бөлінеді: 1)заттық есімдіктер, 2) белгі есімдіктері, 3) сандық есімдіктер.
Заттық есімдіктер қолданыста зат есімнің жалпы грамматикалық мағынасы- заттық ұғым мағынасында зат есім сөздерінің орнына қолданылып, оның мағынасына сілтейді, сөйлемде зат есім атқаратын синтаксистік қызметті атқарады. Яғни көбіне бастауыш, толықтауыш қызметінде қолданылады. Мұндай есімдіктер мыналар: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар, ешкім, кім, не, өзі, ештеме, кейбір, әрбір, әркім, біреу, әлдене, әлдекім, бірдеме, кейбіреу, қайсыбір. Бұларды субстантивтікесімдіктер депте атайды. Мысалы, Тіптен жақсы, мен Рахмет Дәуірұлымын (С.Е.). Бұл мысалда мен есімдігі зат есім, Рахмет Дәуірұлы мәнінде қолданылған. Субстантивтік есімдіктер сөйлемде затесімнің парадигмаларымен түрленеді.
Белгі есімдіктері заттың нақты белгісін атамаса да, заттың белгісіне сілтейді де, қай? қайсы? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Белгі есімдіктері мыналар: бұл, сол, мына, ана, осы, мынау, анау, осынау, сонау, тонау, әне, міне, әнекей, мінекей. Бұларды аттрибутивтік есімдіктер деп те атайды. Мысалы, Темірбек сен менімен сонау үйге дейін бірге жүр(С.М.). Аттрибутивтік есімдіктер түрленбейді, Тек заттанғанда гана түрленіп қолданылады. Мысалы, мынаны ал, соны түсін т.б
Сандық есімдіктер сейлемде сандық ұғыммен байланысты қолданылады, олар: қанша, қаншама, бірнеше, біршама, бірқыдыру. Мысалы, Осыған бір қыдыру уақыт кетті (С.М.). Есімдіктердің бұл грамматикалық ерекшеліктері олардың қандай грамматикалық ұғымға қатысты сөздермен қолданылуына байланысты.
Есімдіктердің морфологиялық көрсеткіштер жағынан грамматикалық ерекшелігіне келгенде, есімдік грамматикалық категориясы жоқ сөз табы, сондықтан есімдікке ғана қатысты сөз түрлендіруші қосымшалар ссімдікте жоқ. Бірақ есімдіктер түрленбейтін сөз табы емес. Есімдіктер жоғарыда үш топқа жіктелді. Ол есімдіктің мағынасымен, ол қай соз табының орнына қолданылуымен байланысты. Сондықтан есімдіктердің түрлену мүмкіндігі де әртүрлі.
Заттық ұғымдағы субстантивтік есімдіктер зат есім сөздердің орнына қолданылатын болғандықтан, олар зат есімдер сияқты түрленеді, яғни септеледі, тәуелденеді, көптеледі. Мысалы, біздер, сіздер, әлдекімдер, кімге, бәріміз, бәрінде, әркімнің, ештемесі т.б.
Аттрибуттық, сандық есімдік өз мағынасында қолданылғанда, түрленбейді, бірақ заттанғанда түрленеді. Мысалы, анау бала, сол адам, қанша кітап, қандай әдемі.
Лексика-семантикалық тұрғыдан ссімдіктер бірнеше мағыналық топқа бөлінеді:
1. Жіктеу есімдіктері,
2. Сілтеу есімдіктері.
3. Сұрау есімдіктері.
4. Өздік есімдігі.
5. Жалпылау есімдіктері.
6. Белгісіздік есімдіктері.
7. Болымсыздық есімдіктері
Достарыңызбен бөлісу: |