Жылдардағы қазақ мерзімді баспасөзі



Дата08.02.2022
өлшемі227,72 Kb.
#119931
Байланысты:
жаурналист (копия)

1905-1914 жылдардағы қазақ мерзімді баспасөзі.

Орындаған:Махаббатова Акниет жқ-211

«Қазақ» деген атаумен қазақ газетін шығаруға ресми рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы желтоқсанның 9-ы берілген. Ал апталық «Қазақ» газетінің алғашқы саны 1913 жылғы ақпанның 2-сінде жарық көрді де, 1915 жылдан аптасына екі рет шығатын болды. Газет қолдан қолға, ауылдан ауылға өтіп, тозып жетіп жыртылғанша оқылды. Оны сол заманда Дала және Түркістан уалаяттарына немесе 9 облыс және 1 губернияға бөлінген (Қыр баласы. Қазақ. «Қазақ» газеті, 1913 жыл, № 8) Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жұрт жаздырып алды.

Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ»деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Серке» газеті - 1907 жылы Петербордататардың «Улфат» (қазақша мағынасы - бірлесу, келісім) атты газстіне қосымша шыққан газет. Ғылыми әдебиеттерде оның бір ғана саны шыққан делінеді. Татар ғалымы И. Рәмидің зерттеуіне қарағанда, жалпы бұл газеттің 87 саны ғана шығып, патша цензурасының күшімен 1907 жылы 9 маусымда жабылып калған. 1906 жылдан бастап шыккан. Редакторы - Ғабдрашид Ибраһимов ныспылы татар қайраткері. Газет мақсаты - исламдүниесін біріктіру, діни білікті көтеру, оқу-білімді насихаттау, ұлттық автономиялар кұрудың негізін қалау болған. 

 «Серке» газетінің шығуы туралы 1911 жылы Мұхамеджан Серлиннің оқырманға арнап жазған бас мақаласында: «1907 жылы ІІ мемлекеттік думаның мүшесі Шаһмардан Қосшығұловтың іжтиһаты менен Петербурда «Серке» есімді журналы шыға бастап еді, ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды» 

1905 жылы 27 қарашада Орал қаласында жарық көрді. Мерзімді баспасөздің редакторы әрі шығарушысы татар халқының аяулы перзенті Камиль Муттығұлұлы Тухфатуллин болды. "Фикир"' газеті түңғыш санынан бастап бірнеше нөмірін казақ тілінде жариялады. Бүл басылымға казақ оқығандары көптеп тартылды. Оншақты саны шыққан соң ғана газет дәуір тыныс-тіршілігін татар, башқүрт тілдерінде бейнелеуге ойысты.

Қазак баспасөзі тарихынан "Фикир" газетінің лайықты орынын алмауына басты себеп - кеңес өкіметінің түркі тілдес үлт пен үлыс арасын алшақтатуға жүргізген пәрменді идеологиялық ықпал-әсерінен қалыптасқан. Сондықтан өз топырағымызда жарық көрген отандық басылымды тереңірек зерделеуге мүмкіндік туды

«Қазақстан» – газет. 1911 жылғы 10 наурыздан 1913 жылғы шілдеге дейін Орда қаласында, 1913 жылғы 15 қарашадан жыл аяғына дейін Оралда шығып тұрған. Мақалалар қазақ, орыс, татар тіліндежарияланған. Газет демократиялық бағыт ұстанды.

Негізінен отырықшылық, оқу-ағарту, өнер-білім, мәдениет, тұтынушылар коперациясын құру мәселелерін көтерген. Редакторы - Елеусін Бұйрин.Газет білім, мәдениет, отырықшылықмәселесін жиі қозғаған. Мұнда Е.Бұйрин, Б.Қаратаев, Ғ.Қараш, Ш.Бөкейұлы, Ғ.Мұсағалиев, А.Мәметов, Ғ.Көпжасаров т.б.-лардың мақалалары жарияланған. Бұл газет те ұлттың оянуына, саяси қозғалыстарға жіті қарауына себепші болды.

ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық және сая­си мәселелерін шешуде мерзімді баспасөздің атқарар қызметі маңыздылығын Ш.Бөкеев, Ғ.Қараш, Б.Қаратаев, С.Меңдешев, М.Шомбалов сынды бөкейлік қазақ зиялылары жақсы түсінді. Сондықтан да олар шын мәніндегі жалпы ұлттық газет шығару ісіне көп күш жұмсап, газет редакторлығы қызметіне Астраханда мұғалімдік қызметте жүрген Е.Бұйринды шақырады.

«Қазақстан» газетін ұлтты оятудың құралы деп санаған Е.Бұйрин басылымның алғашқы санында: «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – газет! Сол себепті газет – біздің басшымыз! Дұшпандарға қарсы құралымыз! Газет – біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз! Газет – біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз!» – деп баспасөздің ағартушылық және ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызын айқындап береді. 

«Правда» газетінің алғашқы саны 1912 жылы 5 мамырда шыққан. Осыған орай бұл күнді Кеңес Одағында кеңестік баспа күні ретінде белгілеген. 1991 жылы ол мерекені алып тастап, жаңа орыс баспа күні мерекесін бекіткен. Ол мереке13 қаңтарға бекітілген.

«Правда» газетімен байланысты бір қызықты аңыз да бар. 1935 жылы шахтер Стаханов көмір өндірудің мөлшерін бір ауысым ішінде 14 есеге асырған. Бұл туралы мемлекеттің орталық газетінде арнайы мақала жазылған. Алайда бір ағаттықпен шахтердің аты Андрей емес Алексей деп жазылып кетеді. Бұл туралы В. И. Сталинге жеткізгенде, ол «Правда» газетінде өтірік жазылуы мүмкін емес», - деп шешім шығарып, Андрей Стаханов атын Алексейге ауыстырған көрінеді.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет