60-80 жылдардағы қазақ поэзиясы Әдеби сынның тарихы
Бұл кезеңдегі өзіндік үні, өзіндік ізденістерімен әдебиетімізге енген ақындар Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Зейнолла Шүкіров, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Қайрат Жұмағалиев, Сабырхан Асанов, Өтеген Күмісбаев, Сәкен Иманасов, Марфуға Айтқожина, Өтежан Нұрғалиев, Ақұштап Бақтыкереева, Фариза Оңғарсынова, Меңдекеш Сатыбалдиев, Мұхтар Шаханов т.б. ақындар творчествосы көркемдік жағынан да, эстетикалық әсер тұрғысынан да айқын қолтаңбамен әдебиетімізге өз соқпағын салуға ұмтылды.
Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы – адамның рухани дүниесімен астасқан гуманистік, адамгершілік мұраттар. - Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы – адамның рухани дүниесімен астасқан гуманистік, адамгершілік мұраттар.
- Ақын не жазса да, қалай жазса да, ең бастысы өмірді сүйіп жазады, адамға деген ізгілікті махаббатпен жазады. Тағдырдың талай тауқыметін, тіршіліктің көңілге қаяу салар көлеңкесін өлеңге арқау еткенде, ақын оған ашынудан гөрі, не қаһар төгіп айтудан гөрі, сәби маңдайын сипап отырып, кемшілігін мойындатқандай сезіммен төгіліп, елжірей жазады. Сол сырлардың аржағында үлкен жүрек дүрсілі естіліп тұрады.
- Жетім қозы бар қозыдан жасқаншақ, Көзінде оның тұрады ылғи жас моншақ, Ол да бірге жүгіреді ауылға, Барлық қозы жүгіргенде аттан сап, –дейді ақын «Жетім қозы» деген өлеңінде.
Т.Молдағалиев
Ақынның қаламынан туған «Студент дәптері», - Ақынның қаламынан туған «Студент дәптері»,
«Кәмила», «Құралай», «Алатау қызы», «Зулайды күндер», «Жаңа дәптер», «Шақырады жаз мені», «Қош, көктем», «Жүрек ояу қашанда», «Хаттар, хаттар», «Махаббат оты сөнбейді», «Мен де жиырма жаста едім», «Құстар қайтып келеді», «Таудан түскен сәуле», «Жиырма бесінші көктем», «Жүректегі жазулар», «Тынық мұхит дәптері», «Сарыала күз келгенде», «Туған елім — тірегім», «Сағындырған көктемдер», «Шыңдағы гүлдер», «Қар жауып тұр», «Ұмытпа мені» сияқты жыр жинақтары – ондаған ғасырлық тарихы бар қазақ жырына олжа салған, оқырман қауымның жүрегіне жол тапқан, әдебиетіміздің алтын қазынасына айналған өлмес шығармалар Өмір маған кейде бір тау сияқты Өмір маған кейде бір тау сияқты Өмір маған кейде бір тау сияқты, Шыңына шыққым келеді. Өмір маған кейде бір жау сияқты, Аяққа жыққым келеді. Гүлдерін тергім келеді. Өмір маған кейде бір шөл сияқты, Сусын бергім келеді. Өмір маған кейде бір от сияқты, Жылынып алғым келеді. Мен үшін кейде бақыт жоқ сияқты, Өліп қалғым келеді.
Өмір маған үлкен керуен көш сияқты,
Жетектегім келеді.
Өмір маған кейде адал жар сияқты,
Еркелеткім келеді.
Мені күткен бір бақыт бар сияқты,
Ерте жеткім келеді.
Өмір маған кейде сұлу қыз сияқты,
Құшақтап сүйгім келеді.
Өмір маған кейде, апа, сіз сияқты,
Қуаныш үйгім келеді.
Өмір маған шаттық сезім сияқты,
Мәз боп күлгім келеді.
Өмір маған кейде өзім сияқты,
Өмір сүргім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |