Жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің «Тұжырымдамалық негіздерін»



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі66,91 Kb.
#89515
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
2020 тарбие

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.


Міндеттері:
1. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құрцуды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;
2. Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционоальдық сауаттылықты дамыту үшін жағдай жасауда өз етінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;
3. Қазақсан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез-келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;
4. Еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптастыру;
5. Отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу, мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;
6. Психологиялық-педагогикалық құзіреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтыннығайтуда саналы атсалысу;
7. Әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін даыту және қолдау;
8. Тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;
9. Бала тәрбиесінде жалпы және қосымша білім беру беру жүйесінің рөлін арттыру, сондай-ақ, дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
10. Бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
11. Балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Нәтижесінде: Жан - жақты дамыған, рухани адамгершгілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым - қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар,
«Қазақстан - 2050» стратегиясының басты мақсаты - Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет