Қазақтың халық жазушысы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына орай С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана «Қазақ әдебиетінің майталманы» атты әдеби рандеву ұйымдастырды. Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы баяндалып, аналар тақырыбына арналған әңгімелерінен кең мағлұмат берілді. Балқаш қаласы №15 мектеп-лицейінің оқушылары Ғ.Мүсіреповтың М.Горькийден аударған «Өлімді жеңген ана» әңгімесін сахналады. Рандевуден ерекше әсер алған қала колледждерінің студенттері аналарына тілектерін жазып, ана туралы әсем әннің әуенімен кеш қорытындыланды. Қазақ халқының жүрегі мен жадында халқының адал ұлы ретінде Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиетінің талантты тұлғаларының бірі ретінде мәңгі қалады.
Мұхтар Әуезовтың 120 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ұлттың ұлы жазушысы» әдеби сағаты (ОҚК), «Величие таланта Мухтара Ауэзова» әдеби сағаты (Ф№1), «Мұхтар Әуезов – көркем сөздің пірі» ақпарат сағаты (Ф№2), «Сезімі сергек, ойы ұшқыр» әдеби сағаты (Ф№3), «Ұмытылмас ұлы тұлға» әдеби версинаж (Ф№5) болып өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |