Әр кітап өз оқырманын, әр оқырман өз кітабын тапса бұл біз үшін үлкен қуаныш! 21- 28 сәуір аралығында С. Сейфуллин атындағы қалалық кітапханада, Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап сыйлау күні» атты науқан болып өтті. Бұл науқанның мақсаты: кітап пен оқуды насихаттау, кітапхана имиджінің оң түрін қалыптастыру және дамыту. Барлық заманда кітапты сыйға тарту ризашылық пен құрметтің белгісі болып табылған. Міне осындай құрмет пен ізеттілікті білдіру нышаны ретінде, біздің кітапхана пайдаланушыларымыз сөрелерде ұсынылған кітаптарды жазбасыз үйге немесе достарына оқуға алуға керемет мүмкіндік туды. Ұсынылған кітаптар арасынан Д.Досжановты, Ә.Таразиді, Ә.Сараевты, М.Лермонтовты, В.Шукшинді, Э.Хемингуэяны, Т.Драйзерді және т.б. ақын-жазушыларды кездестіруге болады. Фантастика, детектив және тарих әуесқойлары өздерін қызықтыратын керемет кітаптарды тапты. Әрбір кітап оқу үшін жазылған. Бұл өмірде оқырманы жоқ кітап жоқ шығар, сірә!
Жаз мезгілінде үлкендер де, жас жеткіншектер де өздерінің бос уақыттарының көп бөлігін далада өткізетіні айдан анық. С. Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана жыл сайынғы өзіндік дәстүрлері бойынша биыл да қала ортасындағы саябақта ашық аспан аясында көшпелі оқу залын ұйымдастырды. Себебі көптеген оқырмандарымыз ағаштың көлеңкесінде кітаптар оқып, гаджеттерде жоқ жаңа ақпараттармен танысқылары келеді емес пе? Бұл науқан жаз айларының әр сәрсенбісі мен жұмасы өткізіліп отырады. Кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарының назарына түрлі мерзімді басылымдар (газеттер, журналдар), жаңа көркем әдебиеттер, қала тұрғындарына арналған қызықты анықтамалық ақпараттар ұсынды. Балқаштықтар ашық аспан астындағы келесі көшпелі оқу залын асыға күтетіндіктерін айтты. Сонымен қатар, «Чтобы было интересно и тебе, и мне, и всем» жаздық алаңқайдағы ойындар (Ф№1), «Здравствуй, лето!» жаздық оқулар (Ф№3), «Лето с книгой веселей!» кітап алаңқайында кездесу (А.Гайдар атындағы ОҚБК)
Достарыңызбен бөлісу: |