Жылдың басты оқИҒалары


Кітапхана имиджі. Кітап оқуды қолдау. Қоғамда кітап оқуға деген құштарлықты және оқырман мәртебесін арттыру



бет34/40
Дата29.03.2018
өлшемі6,02 Mb.
#39756
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40

Кітапхана имиджі. Кітап оқуды қолдау. Қоғамда кітап оқуға деген құштарлықты және оқырман мәртебесін арттыру.
Барлығына есте қалатын және қайталанбайтын имидж жасау үшін, біз әрдайым жеке стильді қалыптастыруға және қолдауға мұқтажбыз. Сондықтан кітапханалық жарнамалар – озық түрде біздің интелектуалды «азықтарымызды» - ресурстарымызды, қызметтерімізді белсенді түрде жылжытуда, бізді стратегиялық ойлауға, ұзақ мерзімді сипатты жоспарлауға, сапалы қызметтердің өзгеде түрлерін игеруде, функцияларды тереңдетуге және кеңейтуге мәжбүрлейді.

«Туған жер» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі «Оқитын ел» болып табылады. Оқырмандар тарту және кітаптарды жылжыту мақсатында біз тақырыптық экскурсиялар, акциялар, ашық есіктер күндерін өткіздік: «Білім әлемінде», «Все дороги ведут к книге», «Кітапхана – рухани қазына орталығы», «Біз – болашақ оқырманбыз», Балалар кітаптарының апталығы. Іс-шара барысында пайдаланушылар кітапханалар көрсететін қызметтер, олардың ресурстары жайында, қорлардағы жаңалықтармен, авторлар, әдеби кейіпкерлер жайында толық мағлұматтар алды.

Жаңа жылдың алғашқы күнінде А. Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасы "Жаңа Жыл оқырманы" атты дәстүрлі акциясын өткізді. Бұл құрметті атаққа және № 1 оқырман кітапшасын Абай атындағы №2 мектеп - лицейінің 6 сынып оқушысы Айтбайұлы Ғалымжан иеленіп, Жаңа Жылдық сыйлық алды. Келген оқырмандарды кәмпит, жаңғақ, шарлар ішінде жасырылған Жаңа жылға тілектер, жұмбақтар және басқа да қызықты тапсырмалар ілінген тілектер аққаласы қызықтырды.

С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана «Кітап әлеміне бірге барайық» атты әдеби рандевуде оқырмандарының басын қосты. Іс-шара мақсаты – оқырмандардың оқыған қызықты кітаптарымен бөлісуі, қазіргі таңда сұранысқа ие кітаптарға шолу жасау және өзара пікір алмасу болды. Кітап сүйер қауым әр түрлі сала мамандары болғанымен, барлығының басын біріктірген – кітапқа деген сүйіспеншілік. Аға буын оқырмандары мен жас буын оқырмандарының арасында сабақтастық орнатылып, рандеву қызықты өтті. Тұрақты оқырмандарымыз Мергенбаева Мағира Мұсаханқызы «Парасатты оқырман», Болғамбаев Асылхан Тусыпбаевич «Үздік оқырман», №2 Абай атындағы лицейдің кітапханашысы Булғанбай Хапура «Ойлы оқырман» номинациясымен марапатталды. Балқаш көпсалалы колледжінің студенттері мен ұстаздары белсене қатысып, өздеріне рухани азық алды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет