Жылдың басты оқИҒалары



бет36/40
Дата29.03.2018
өлшемі6,02 Mb.
#39756
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40


Балалардың күзгі демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «33 ойлар» шеберлік үйірмесі өз жалғасын тапты. Аталмыш үйірмеде балалар қолөнер және тұрмыстық бұйымдар жасаудың қыр-сырын біліп, өздері де түрлі бұйымдар жасайды, туған өлкенің тарихынан сыр шертетін танымдық материалдармен танысады және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап ала алады. Үйірменің мақсаты: баланың ақыл-ойын дамытып, адамгершілікке, іскерлікке баулу, жастайынан іспен айналысқанды ұнататын балаларға қолөнер үйрету. Балалар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады. Ең бастысы, бұл үйірме – балаға қызығушылықтарын, бейімділіктерін және қабілеттерін дамытуға, өзін және әлемді тануға көмектеседі.

Қысқы, көктемгі, жазғы демалыстар кезінде жастармен бірігіп спорттық , танымдық, ойын-сауықтар өткізіледі. Кітаптармен бірге кездесуге № 1,2,4,5,8,10,15 ОМ жазғы лагерлері, балалар үйі, студенттер қатысты, ал талапкерлер үшін «Талапкер-2017» тақырыптық сөрелер ұйымдастырылды.

Кітапханалық іс-шаралар туралы жарнамалық афишалар кітапханадағы бұқаралық іс-шаралар туралы толық ақпараттар береді.

Кітапхананың жеке сайты жарнамалық қызметтің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Ол кейде пайдаланушалармен қарым-қатынас жасайтын құрал ретінде болса, бірде кәсіби қоғамдастық орта болады.

ОКЖ кітапханаларының имиджін қолдау үшін:

- БАҚ- мен үнемі өзара әрекет жасау, кітапхана өміріндегі мәдени

оқиғаларды көрсету мақсатында, оларды іс-шараларға шақыру; кітапханаларды ақпарат орталығы ретінде , кітапханалар туралы ақпараттар беру, мәдени-ойын-сауық іс-шаралары жергілікті гезет беттері мен телеарналарда жарияланады; журналистердің мақалалары мен репортаждары кітапхананың өсуіне, танымалдылығы мен маңыздылығына ықпал етеді.

- Қаланың оқу орындарымен тығыз байланыста болу;

- Қаланың іс-шараларына белсене атсалысу;

- Кітапхананың қызметі, өткізілетін іс-шаралары жайлы оқырмандарды



- ОКЖ сайтында хабардар ету, шақыру билеттерін тарату, СМС –хабарламалар жіберу және т.б.
Кітапхана – бұл қазіргі заманғы бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасалатын, көпфункционалды ақпарат және қарым-қатынас орталығы. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде қызығушылықтарға байланысты барлық санаттағы оқырмандарды қамтитын, әртүрлі клубтар жұмыс жасайды, олар: «Қаламгер», «Кәусар», «Достық», «Шаг навстречу», «Рауан» және «Атамекен», «Күншуақ». Негізгі міндеттері —жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
«Қаламгер» әдеби бірлестігінің (С. Сейфуллин атындағы ОКЖ) үлкен тарихы бар, міне бұл клубтың жұмыс жасап келе жатқанына 13 жыл болды. Клуб мүшелері өздерін кәсіби жақтан дамытты, көптеген жаңа туындылар пайда болды, олар жергілікті басылымдарда шығарылып отырады, өздерінің кітаптарын шығарды. «Қаламгер» ақындар клубы көптеген әдеби іс-шаралардың қатысушылары болды, соның ішінде облыстық деңгейде жүзеге асырылған республикалық іс-шараларға қатысты. 2017 жылы

клуб мүшелері жергілікті ақындар Мөлдір Бөлекова мен сазгер Қуандық Сәденовтың қатысуымен «Туған күніңмен, Балқаш!» әдеби сағаты ұйымдастырылды. С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада «Қаламгер» клубының, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Қабір үстіндегі зұлмат» кітабының авторы Жанболат Башармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Балқаш қаласының 80 жылдығына аясында «Балқашым, саған арнаймын!» жергілікті ақындар байқауы ұйымдастырылып, қатысушылар өлеңдерін қамтыған жинақ шығарылды. Аталмыш жинаққа «Қаламгер» клубы мүшелері М.Нұртазаұлы, П.Кушниров, М.Бөлекова, Қ.Сәденовтердің шығармалары енді.



Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет