Астана күні
Астана күні қарсаңында С.Сейфуллин атындағы ОҚК қалаға виртуалды саяхат жасалып, «Ел жүрегі – Астана» мерекелік сағат (Ф№6), «Астана айшықтары» кішкентай оқырмандар арасында сурет салу байқауы (Ф№5) және «Самый. Самая. Самое...» таңдану сағаты (А.Гайдар атындағы ОҚБК) қызықты сәттермен ерекшеленді.
10 желтоқсан күні ҚР Елордасының 20 жылдық мерейтойын республика бойынша мерекелеу бастау алды. Осыған орай, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздік тірегі» мерекелік фейерверк ұйымдастырылып, фейерверк шымылдығы «Астана – тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы» атты кітап көрмесімен ашылды. Әсем Астананың айшықты да көрікті жерлері, тарихы мен өркендеу жолы таныстырылып, көрермендер Астана туралы пікірлері мен алған әсерлерімен бөлісті. «Кәусар» әдеби жастар клубының жас таланттары өз арнаулары мен Астанаға қалам тартқан ақындардың өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыды. Достық пен татулықтың ордасы Елордамызға қаламыздағы «Возрождение» неміс халқы мәдениет орталығы өз лебіздерін білдіріп, әннен шашу шашты.
Достарыңызбен бөлісу: |