«Менің Елордам – менің мақтанышым» аталымы бойынша Балқаш қаласының ОКЖ қызметкерлері Бозова Бибінұр мен Мұстафина Алина қатысты. Бозова Бибінұр аталым бойынша І дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды, Мұстафина А. Алғыс хатына ие болды.
Қ ыркүйек айының 13-14 жұлдызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында (Алматы қаласы) өткен «Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» тақырыбындағы Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезіне делегат ретінде қатысқан Балқаш қаласы ОКЖ директоры Власова Л.В. «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2018 жылғы 15 қыркүйекте кітапхана жүйесінің жас мамандары ҚР Бірінші Президенті сынамаларына қатысты. Жарыс көрсеткіші бойынша 24-39 жас аралығындағы қатысушылар ішінен Сақтағанова Несібелі оза шауып, ІІІ орынды қанжығалады. ОКЖ атынан бақтарын сынаған кітапханашылар Иешова Гүлнұр, Мұстафина Алина және Мағауова Ая тест сынамаларын үздік орындағаны үшін арнайы төсбелгіге ие болды.
2 018 жылғы 26-27 қыркүйекте Балқаш қаласы «Жібек жолындағы сұхбат-2018» халықаралық мәдени жобасы аясында қаламызға атбасын тіреген мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Әуезов М.М. мен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Прокопенко Л.А. бастаған жоба жетекшілері мен Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай елдерінен жиналған қатысушыларды құшақ жая қарсы алды. Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі және «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының ұйымдастыруымен қала мәдениеті мен тарихына арналған
Достарыңызбен бөлісу: |