Жылдық есеп 2015-2016 оқу жылы Мектептің өзекті тақырыбы


Әріптестік қарым-қатынас сауалнамасы



бет11/14
Дата04.05.2017
өлшемі2,5 Mb.
#15569
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Әріптестік қарым-қатынас сауалнамасы. Адам бір жағдайдан екінші жағдайға ауысқанда яғни жаңа адамдар, жаңа іс-әрекет пайда болғанда психологияның тілімен айтқанда «адаптация» бейімделу жүреді. Сол жаңа адамдармен жақсы қарым-қатынаста болып, жаңа іс-әрекет қызықты болса бейімделу процесі сәтті аяқталып, тұрақтылық қалыпқа енеді. Біздің жағдайымыздағы жаңа адамдар ұжым мен оқушы болса жаңа іс-әрекет білім беру, тәрбиелеу ісі. Осы жаңа жағдайға бейімделу үстінде жүрген алдыңғы буыны 5 жылға жақындап қалған соңғы буыны биыл жұмысын бастаған «Жас мұғалімнің бейімделу проблемасына» байланысты сауалнама жүргізілді.

«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» Ата-аналар жиналысы.

Қыркүйек айының 14 күні Ағарту- алдын-алу жұмысы ретінде «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» түрінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 1 сыныптың қырық бестей ата-анасы қатысты. Ата –аналарға психологиялык кеңестер берілді нақты мән-жайы түсіндірілді. Әр сыныптың сынып жетекшісі ата-анаға айтарын айтып, жиналыс сонында жадынамалар таратылды.



5- сынып оқушыларының когнитивтік сферасымен тұлғааралық қарым-қатынасын диагностикалау(бейімделу)

Қазан айында 5-сынып оқушыларының когнитивтік сферасымен тұлғааралық қарым-қатынасын диагностикалау(бейімделу) жүргізілді. Когнитивті сфераның жекелеген бөлігі ретінде зейін мен есте сақтаудың деңгейі анықталды.

Зейінге байланысты «Мюнстенберг» әдістемесі жүргізілді. Зейіннің таңдамалылығын анықтауға арналған бұл әдістеме бойынша көптеген әріптер арасындағы бірнеше сөздер беріледі, оқушы осы әдістемеге көз жүгірте отырып сол сөздердің астын сызады. 2 минутқа сәйкестендірілген уақыт ішінде оқушының қанша сөзді табуына байланысты зейінінің таңдамалық қасиетін аңғаруға болады.

Нәтиже көрсеткендей 5«А» сынып оқушыларының зейінінің таңдамалылығы өте жоғары деңгейді көрсетіп отыр. 5«Ә», 5«Б», 5«В», 5«Г»

сынып оқушыларының саны 101 оқушыны құрайды, олардың 70-і «жақсы» деңгейді, 31-і «орта» деңгейді көрсетті. Зейінінің таңдамалылығы «төмен» деңгейдегі оқушы кездеспеді.

5-сынып оқушыларының есте сақтауын анықтау үшін «Түрлі түсті доптар» жаттығуы жүргізілді. Жалпы саны 117 оқушы болатын болса, арасында доптың көлемін, түсін, орнын шатастырған жағдайлар кездесті. Жаттығу «түрлі-түсті қарындаштармен», «кімнің есте сақтауы мықты» деген сияқты стимул тудыратын негізде жасалғандықтан жоғары нәтиже көрсетті деп білемін.



Қазан

Жасөспірімдік экстремизм және діни фанатизмнің алдын алу( 5-11 сынып оқушыларымен әңгімелесу)

Жасөспірімдік экстремизм және діни фанатизмнің алдын алу мақсатында мектептегі намаз оқитын 5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама алынған соң әңгімелесу әдісі арқылы оқушылардың ойы мен көзқарасы, ата-анасының қарсылығы немесе қолдайтыны туралы анықталды. 7-cынып оқушылары ата-анасының бағыт беруімен намаз оқып үйренгендігін, 8 сынып оқушылары өзіндік пікір қалыптастырмай, қызығушылықпен жұмаға баратынын айтса, жоғары 9-10 сынып оқушылары біршама өзіндік сана-сезіммен, ойлы шешіммен оқып жүргендігін білдірді. Намаз оқып жүрген оқушылардың басым бөлігі ата-анасының оқитындығын, қарсылық жоқ екендігін ашық айтты. Қоғам керек емес деп тапқан шешімдермен бұл оқушылар да келіседі (мысалы: мектеп оқушысына хиджаб киюдің қажеті жоқ деп біледі).

Мектеп тарапынан, ата-ана тарапынан бақылау болмаса жас жеткіншек адасып, өзге адамдардың жетегінде кетіп қалу қаупі бар екендігін ескерте келе, оларға өз бетімен шешім қабылдап, еріп кетпей ата-анаға жүріс-тұрысын хабардар етіп тұру қаперіне берілді.

5-11 сынып оқушыларының арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу(әңгімелесу, сауалнама жүргізу)

Бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Б.Абдуллаев сөз алды. Ол өз сөзінде оқушыларға жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршуіне ең біріншіден ұлдардың арасындағы келіспеушіліктің салдарынан туындаған дау, екіншіден жасөспірімдердің көпшілігі бос уақыттарын тиімді пайдалана алмауынан да әр түрлі келеңсіз жайттарға ұрынып жататындықтарын айтты. Осылардың бәрі қылмысқа ұласады. Бұл әр жасөспірімнің өзінің болашағына, алдына қойған мақсатына немқұрайлы қарау болып табылады. Қазір таңда кейбір мектептердегі және де арнайы оқу орындарында жүргізілген рейдтердің барысында суық қару қолданып жүрген оқушылар мен студенттер жиі кездесіп жатыр. Сол себептен суық қаруды пайдаланбауға және өзімен бірге ұстап жүруге қатаң тиым салынатынын, сонымен қатар мектеп формасын сақтауды, сабақтан қашып жалтармауды, егер сабақтан себепсіз қалып, 48 сағат жіберсе ҚР-ның ӘҚБтК-нің 127- бабы бойынша ата-аналары немесе заңды өкілдері әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейтіндіктерін айтып ескертті. Егерде өздеріне жоғары сынып оқушыларының немесе бөтен балалар қоқан-лоқы көрсетіп, бопсалау жағдайлары кездессе, дереу мектеп инспекторына келіп айтуларын сұрады. Егер алдыңғы өмірі толғандыратын бала бос уақытында спорттық үйірмелерге, кітапханаға т.б. тәлім-тәрбие алатын орындарға баруы керек деп сөзін аяқтады.

Екінші мәселе бойынша мектеп педагог-психологы Ж.Наурызбайқызы қылмыс жасауға бейім оқушылардың мінез-құлқы мен сырт бейнесіндегі ерекшеліктерге тоқталып өтті. Мұндай оқушының киім киісі мен өзін қоршаған ортада ұстауы да өзге оқушылардан ерекшелініп тұратындығын алдыға тартты. Әр түрлі мәселе бойынша оқушылар мектеп инспекторына сұрақтар қойып, жауап алып отырды.

5-11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізу, «Шылым шегуге қызығушылық деңгейін анықтау» .

Қазан айында 8-9 сынып оқушыларына «Шылым шегуге қызығушылық деңгейін анықтау» бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнама 127 оқушыны қамтыды. Сауалнамада «темекі, темекі шегущі» деген сөздер сен үшін(қалыпты жағдай, жағымсыз әсер туғызады, еш әсері жоқ) деген сұраққа жағымсыз әсер туғызады жауабы 89% көрсетті,қалыпты жағдай 7%, еш әсері жоқ 4% нәтижені көрсетті.

8-9 сыныптың ұл балалары шылым шегудің зиянын біліп, сол себептен қызығушылық танытпайды деген қорытынды шығаруға болады. Сауалнама 100% баланың шынайы пікірін білдірмейтінін ескере келе шылым шегетін оқушыларды, бақылау сұрастыру арқылы анықтау жұмыстары жүретін болады.

Қазан айында 11 сынып оқушыларынан ҰБТ-ға байланысты сауалнама алынды. Қорытындысы шығарылып, оқушылардың ҰБТ-ға көзқарастары туралы ақпарат алынды.



Қараша

9-шы сынып оқушыларының алғашқы кәсіби бағдарын анықтау(Е.А.Климовтың сауалнамасы).

Әдістеме Е.А.Климов классификациясымен сәйкескестікте түрлі мамандықтарға сұрыптау үшін арналған. Жасөспірімдердің және ересек адамдардың профбағдарлануы кезінде пайдалануға болады.

Әдістеме мазмұны: зерттелуші берілген қызмет түрлерінің 20 жұбынан бір ғана түрін таңдау керек және парақтың сәйкес торында «+» белгісін табу қажет .

Нұсқау: «Сіз қандай да бір оқуды бітірген соң, кез келген жұмысты орындай аласыз ба деп елестейік. Бірақ егер сізге тек екі мүмкіндіктің біреуін ғана таңдау керек болса, сіз қайсысын таңдайтын едіңіз». Мектептің 9 А, Ә, Б, В, Г, сыныптары бойынша сауалнама жүргізілді.



5-11 сыныптардан дарынды оқушыларды анықтау.

Оқушының дарындылығын анықтаудағы дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау жұмыстар жүргізілді. Қабілеті ашық көрінетін оқушылармен педагогикалық-психологиялық әдіс түрі әңгімелесу-сұхбаттар жүргізілді. Мұндай оқушылар үнемі мектепішілік, қалалық деңгейдегі іс-шараларға қатысып, қабілетін танытуда. Сынып жетекшілермен әңгімелесу арқылы да жасырын дарындылығы бар оқушылар белгілі болды. Төменде мектебіміздегі белгілі деңгейдегі өнерге оқу мен спортқа қабілеті бар оқушылардың тізімі жасақталды



11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау мақсатында сауалнамалар жүргізу.

«ҰБТ –ның өту барысы және ережелері» бойынша қараша айында 11-сынып оқушыларынан сауалнамалар алынды. Сауалнамаға екі 11 сыныптың тест тапсыруға баратын барлығы оқушы қатысты 38 оқушы қатысты. Сауалнамада төмендегідей 10 сұрақ қойылды. Емтихан үстінде пайдалануға болмайды... Емтиханға алып келу қажет...Емтихан кезінде тәртіп бұзған оқушы... Емтихан кезінде аудиториядан шығу үшін кімнен рұқсат сұрау керек ?Қате жібермеу үшін алдымен жауаптарды...Емтихан кезінде сұрақ туындаса...Жауап парағын немен толтырады? Емтихан кезіндегі сенің әрекетің...Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеунәтижелері жарияланғаннан кейін қай кезге дейін қабылданады? Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беруші өзімен бірге қандай құжаттар алып келу керек?

Аталған 10 сұрақ бойынша оқушылардың барлығы дерлік дұрыс жауапты белгілеген. Үш-төрт оқушы ғана соңғы тоғызыншы сұрақ бойынша қателік жіберген және белгілеусіз қалдырған. Бітіруші түлектердің ҰБТ-ны тапсыру ережелерін біледі деген қорытынды шығаруға болады.

Қараша айының 25 жұлдызы күні ата-аналар жиналысында «Баланың бас ұстазы ата-ана» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндамада бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің ықпалдастығы туралы сөз етілді. Ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты кеңестер слайд түрінде көрсетілді.

Биылғы оқу жылында мектепте ОЖСБ тапсыратын 9-сынып саны бесеу. Осы оқушылардың оқуға деген ынтасы мен оқу мотивін, оқудағы қиындықтарды немен байланыстыратынын анықтау мақсатында әр сыныптың сынып жетекшілерінен сауалнама алынды. Сауалнамада төмендегідей бес түрлі сұрақ қамтылды: 1. Оқушылар сабаққа қаншалықты көңіл бөледі?, 2. Оқудағы қиындықтарды жеңуіне оқушылардың қандай қасиеттері немес әдеттері кедергі келтіреді деп ойлайсыз?, 3. Оқушылар оқудағы қиындықтарын қалай қабылдап жүр, уайымдай ма? 4. Оқушылардың оқу мотивінің төмен болуының себебі неде деп ойлайсыз?, 5. Оқушыларға қандай көмек көрсетіп, қолдайсыз?

9А, 9Ә, 9Б, 9В, 9Г сынып жетекшілері әрқайсысы сауалдарға жекелей жауап берді.

Желтоқсан айында 9, 11-сынып оқушыларын ОЖСБ және ҰБТ-ға дайындау жұмыстары, тренингтер жүргізілді. Жоспарға сай жұмыстар жалғасу үстінде.

Қаңтар айының 27-жұлдызы күні жоспарға сай мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруін видео арқылы көрсету тақырыбына сәйкес 11 сынып оқушыларына өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге үйрету мақсатында австралиялық Ник Вуйчичтің өмірінен видео көрсетілді. Видео-фильм 5 минуттық уақытты құраса да оқушы санасына әсер қалдырарлықтай мазмұнға ие болды.Соңында сынып өз пікірін ортаға салып, талқылау жүргізілді.

Қаңтар айында 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ге дайындалудың тиімді жолдары тақырыбында психологиялық кеңес берілді. Психологиялық кеңес беруде келесідей бөлімдер қарастырылды:

Күн тәртібі; ҰБТ – ге дайындық барысында тамақтануға үлкен мән бер! Адам психологиясына түстің әсері туралы ешқашан есте шығарма! Өзіңнің дайындық бөлмеңде сары немесе күлгін түсті заттардың болуы адамның интеллектуалдық қабілеттілігің мен белсенділігінді көтеруге әсерін тигізеді; Көп материалды қалай есте сақтауға болады; Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады; Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары; Дайындалатын орын т.б.

Аталған бөлімдерге жеке-жеке тоқтала отырып, әрқайсысының ерекшелігі жөнінде нақты ақпарат берілді. 1-жарты жылдықты аяқтап отырған түлектер үшін пайдасы тиеді деген сенім бар.

Қаңтар айында тәрбиесі қиын балалардың сынып жетекшілерімен жұмыстар жүргізілді. Жұмыстың мақсаты эмоцияналды жағымды қатынас жасау, кәсіби әрекетті орындау ерекшелігімен танысу арқылы дағдылар қалыптастыру. Осы мақсатта 9Б сынып жетекшісі Балмағамбетова Аймекен, 9Г сынып жетекшісі Жылгелдиева Шолпан, 5Ә сынып жетекшісі Атшыбаева Гүлфия, 7Ә сынып жетекшісі Жұмағалиева Алмагүлмен мұғалімнің кәсіби бейімділігін жетілдіруге арналған “Қожайын”, “Тұсаукесер”, “Қозықиық”, “Сиқырлы орындық” жаттығулары жасалды.

Ақпан айында Мектептегі қиын, қиынға бейім оқушылардан қараша айында «Сынып жетекшіңмен қарым қатынасың қалай?» және «Сен өзіңді қаншалықты мықты сезінесің?» тақырыптарында сауалнама алынды.

Сауалнама сұрақтарына оқушылар еркін, ашық жауап бергені көрінді. Себебі сынып жетекшіңмен кикілжіңдер болып тұрады ма деген секілді сұрақтарға айқын «ия» деп берілген жауаптар да бар.

Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында жоғары сынып яғни 8 сынып оқушыларынан «Өмір сүре білу-әрбір адам үшін сынақ» атты шығармашылық жұмыс жүргізілді. Бұған 8Ә және 8Г сынып бойынша 45 оқушы қатысты. Шығармашылық жұмыс мазмұнын саралай келе, оқушылардың өмір туралы, өмірдің мәні туралы жазбаларын жақсы жазылған деп бағалауға болады. Оқушылар өмірдегі қиындықың бәрін өткінші нәрсе ретінде қабылдап, адам өз іс-әрекетіне сай өмірден қайтарымын алады деп біледі. Үлкен адамдарша ой қорытындысын жасап отырған жеткіншектердің өмірге жақсы көзқарасы байқалады.

Ақпан айында 11 сынып оқушыларына арнап «Сүйемін таза жүрегіңді» тақырыпта тренинг-сабақ өткізілді. Тренинг сабақ 11-сыныпты бітіргелі отырған жасөспірімдердің жан тазалығы, сезім сыры туралы түсініктерін кеңейту, ойларын ортаға салу мақсатында ұйымдастырылды.



Наурыз айында 4 Ә сынып оқушысы Кубешов Мейірбектің танымдық қабілеттерін зерттеу үшін бірнеше тапсырмалар берілді. Есте сақтаудың деңгейін, зейіннің шоғырлануын анықтайтын әдістемелермен жұмыстар жасалынды. Соның ішінде «бейнелік ес» әдістемесі арқылы Мейірбектің есте сақтауы қалыпты деңгейде екендігін көруге боглады.Оның материалды есте сақтап, қайта айтып беру қабілеті бар.

Зейіннің шоғырлдануына байланысты жүргізілген «Мюнстенберг» әдістемесі арқылы да оқушының зейіні нәрсе мен материалға тұрақтала алатыны көрінді.

Оқушының танымдық қасиеттері қалыпты деңгейде. Уақытында баламен сөйлесу-әңгімелесу, қызығушылығын ояту сияқты жұмыстар дұрыс жүргізілмеуі себепті оқушы өз қатарластарынан артта қалып келеді.

Наурыз айының аяғында 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша профилактикалық есепте тұрған оқушылардың салыстырмалы талдау актісі жүргізілді. Осы есеп бойынша қалалық қиын, қиынға бейім оқушылардың тізімінде 7(жеті) оқушы тіркеуде тұрған болатын.



Сәуір айында бір жыл толуына байланысты осы жеті оқушының 3(үшеуі) есептен шығарылады деп күтілуде, ал біреуі 5Ә сынып оқушысы Авезбаев Жасурбек есептен шығарылды. Мектепішілік есеп бойынша 4(төрт) оқушы 9Ә сынып оқушысы Дүйсенов Семсер, 9Б сынып оқушылары Айтбаев Нұржан мен Чалабаев Арнат, 9Г сынып оқушысы Жарасқанов Ермұқан есепте тұр.Есепте тұрған оқушылардың сабаққа қатысы, тәртібі үнемі бақылауда жүреді. Осы оқушылармен үнемі жоспарға сай жұмыстар жалғасу үстінде.

Сәуір айында мектептегі намаз оқитын оқушылар арасында қазақ қоғамындағы дәстүрлі діндердің әлеуеті, діннің рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеудегі орны жайлы ақпарат беру үшін «Дін және қоғам» тақырыбында баяндама оқылды. Оқушылардың пікірі ортаға салынып, тыңдалды.Осы бас қосуды пайдалана отырып, тақырыпты одан әрі аша түсу үшін «Дін-тазалық кепілі» тақырыбында танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Оқушылардың дінге байланысты көзқарастары ортаға салынды.

Сәуір айының 20-сы күні мектебіміздегі 9-сынып оқушыларынан «Менің таңдауым» атты сауалнама алынды. Сауалнаманың мақсаты негізгі орта мектепті бітіруші түлектердің таңдаған мамандықтарын анықтау болды. Сауалнамаға барлығы 118 оқушы қатысты. Мектепте қызығушылықпен оқитын пәнін, ата-анасының мамандықтарын, өзі таңдаған мамандықты таңдаудағы мақсатын т.б. анықтайтын сұрақтар қойылды.

Мамыр айында 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау мақсатында тренингтер жүргізілді. Тренинг түлектердің бойындағы қысымды арлтуға, күш-қуатын бір арнаға жұмылдыруға бағытталып ұйымдастырылды.

Мамыр айында 4 Ә сынып оқушысы Кубешов Мейірбекпен әңгімелесу барысында оқушының танымдық қызығушылығы қалыпты деңгейде екендігі белгілі болды. Оқушының есте сақтауы жақсы. Зейіні тұрақты. Алайда, бала қиялының ұшқырлы байқалмайды. Мейірбек ата-ана тарапынан, мұғалім тарапынан сабырлы түрде жеке жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Оқушымен жұмыстар жүргізу барысында оның ашыла қоймайтыны, қызықтырып сұрақтар қойсаң, әзіл-оспақ араластырып сөйлесең біртіндеп ашыла бастайтынын байқауға болады. Білмейді деп баса беру баланы ілгері бастырмайтындығын ескере отырып, байыппен, жұмсақ қарым-қатынаста жұмыстар жүргізілу керек. Басқа жағдайда оқушы қазіргі деңгейінен де тұйықталып, басылып қалады. Қазіргі таңда Мейірбек өзіне сенімсіз күйде. Арнайы қолдау мен кішкене еңбегін мақтау арқылы оның күлімсірегенін, еңсесін сәл де болса тіктегенін байқауға болады.

Мамыр айында діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар негізінде мектептегі намаз оқитын оқушылардың имаммен кездесуі ұйымдастырылды. Оқушыларға имам тарапынан қойылған сұрақтар нәтижесінде оқушыларымыздың дұрыс бағыттағы дәстүрлі дінді ұстанатыны анықталды.

Психологиялық қызметтің жұмысының нәтижелілігін тек мынадай жағдайда көруге болады: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту-тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен ұстаздың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса және ата-анамен байланыс болса жұмыс өз нәтижесін береді.

2014-2015 оқу жылының жылдық есебін қорытындылай келе, жоспар бойынша қойылған жұмыстар жүзеге асырылып, ақпарламалары мен хаттамалары жазылды.



2015/2016 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың

жылдық есебі

Әлеуметтік педагог мамандығының иесі гуманист, биік рухани және жоғарғы деңгейдегі мәдениетті педагог, психолог, баланың блім алуына, тәрбиесіне, дамуына байланысты, оны қорғауға өзіні белсенді роль атқаратынын түсіне алуы, тұрақты адамгершілік қағидасы, ұстанымы болуы тиіс. Белгілі бір нәтижеге жету үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа интенсивті әдістерін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білу қажет. Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес берп, отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.

1991 жылдың мамыр айының 20-да КСРО халыққа Білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитеті «Әлеуметтік педагог» мамандығын бекітті. Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Әлеуметтік педагог-ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші.

Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың негігі жұмыс нысаны балалар мен жасөспрімдер болып табылады. Ол-әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылармен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.

Мектебімізде 2015/2016 оқу жылында қыркүйек айынан бастап ыстық тамақпен қамтылған көмекке мұқтаж, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасы балаларының саны 171 болды. Оның ішінде 7-і тұлдыр жетім, мүжәлсіз, аз қамтылған отбасы балалары-40, көп балалы отбасынан шыққан 37 оқушы, 49-і жартылай жетім,34 бала некесі бұзылған отбасы балалары .

2015/2016 оқу жылының басында тамыз айының 1-інен бастап, қыркүйек айының 30-ына дейін Республикалық деңгейде «Мектепке жол» акциясы өтті. Бұл акцияға өз үлесін көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қосты. Бұл қайырымдылық акциясында ККС мекемесі ӨзенмұнайГаз өндірістік мекемесі, ҚазМұнайГаз өндірістік барлау мекемелеріне алғысымыз шексіз болды. Мектебіміздің жанында орналасқан дүкендер, шаштараздар мен банктерге сұраныстар жіберілді.Сұранысымызға тек Нұрғиса дүкені мен мектебіміздің асханасының жеке кәсіпкері Г.Аджибаева ақшалай көмек көрсетті.

Оқушылар шығармашылық үйінің «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына арнап ұйымдастырған концертін тамашалап, ӨзенМұнайГаз өндірістік мекемесінің арнайы дайындаған сыйлықтарын мектебіміздің 2 сынып оқушысы Құмарбек Жанәділ мен 6 сынып оқушысы Мәлік Ақниет деген оқушыларымыз алды.

КазМұнайГаз Б.Ө.А.Қ мекемесі оқушыларға арнайы дайындаған көмектерін мектебіміздің акт залында шағын концерттен соң, қолдарына табыстаған болатынбыз. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясынан мектебіміздің 29 оқушысы қаржылай, мектеп формасымен және мектеп құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

КазМұнайГаз Б.Ө.А.Қ мекемесінен көмек алған оқушылар тізімі





Оқушының аты-жөні

сыныбы


Туған жылы, айы, күні


Мекен жайы


телефоны

Қамқоршысы (қорғаншысы) туралы

мәлімет


Жұмыс

орны


Отбасы

жағдайы

1

Айтпанов Айбек



11.10.2000

3-19-19

87755407720

87783990218



Айтбанова Шырын

KMG-Caterihg, шебер

Тұлдыр жетім

2

Убенова Айдана



01.09.03

3-9-11

87053398241

Убенов Куват

УОС-1, машинист

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала

3

Убенова Айгерім



05.12.04

3-9-11

87053398241

Убенов Куват

УОС-1, машинист

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала

4

Тасжанова Үкілімай



08.04.06

3-21-15

87029116254

Тасжанова Ерке

Жұмыс жасамайды

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала

5

Чыңғыс Мадина



26.01.2006

3-4-47

87786404735

Джанаспаева Кансұлу

Казпочта, сұрыптаушы

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала

6

Мусырова Альбина



20.12.07

3-5-24

87786406770

Махамбетова Расхан

Жұмыс жасамайды

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала

7

Чыңғыс Диана



16.08.2008

3-4-47

87786404735

Джанаспаева Кансұлу

Казпочта, сұрыптаушы

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала

8

Хайтбай Нұрай



02.02.2005

4-18-37

87018127701

Жалғасова Зауре

Айтбаев Азамат



«Өзенэнергосервис»қоғ жұм Жұмыссыз

ажырасқан Мүжәлсіз

9

Айтбай Нұрасыл



21.12.2003

4-18-37

87018127701

Жалғасова Зауре

Айтбаев Азамат



«Өзенэнергосервис»қоғ жұм

жұмыссыз


ажырасқан Мүжәлсіз

10

Исатай Нұрай



04.01.2009

3-20-11

37536

87789945594



Айтуганова Айнаш

Кошджанов Бекбол



Жұмыссыз

Қайтыс болған



Ж/жетім көп балалы

11

Есмурзаева Айзада



23.06.2003

3-12-67

87027452078

Есмұрзаева Жанар


әлеуметтік жұмыста


Ф-4 мүжәлсіз

12

Садуақасов Серік



20.10.2000

3-13-34

87014529630

Садуақасова Соня

«Asset management group»-еден жуушы, жалғыз басты ана

Мүжәлсіз, аз қамтылған

13

Сагит Абдурахим



17.01.2009

3-37-36

87013791521

Сугиров Оңғар

Ишаханова Шынар



Жұмыссыз

балакүтімінде



Мүжәлсіз, ажырасқан

14

Сагит Алмат



30.01.2007

3-27-36

36434

Сугиров Онгар

Ишаханова Шынар



Жұмыссыз

Бала күтіиінде



Мүжәлсіз,

көп балалы,

ажырасқан


15

Агаев Гаджи



19.08.2002

6мкр

87754833781

Агаева Ниярханум

жұмыссыз

Мүжәлсіз, ажырасқан

16

Усерова Азима



07.01.2005

3-13-54

87021327479

Усеров Женис

Айдарханова Алтын



Жұмыссыз

Жұмыссыз, бала күтімінде



Мүжәлсіз

Көп балалы



17

Мәлік Әсем



20.05.2005

3-30-52

87782417671

Ермағанбет Спан

Дабытова Шолпан



Қайтыс болған

б/бақша, тәрбиеші



Жартылай жетім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет