Жылдық есеп 2015-2016 оқу жылы Мектептің өзекті тақырыбы


Үш серіктестік «Ата-ана», «Мектеп психологы» және «Мектеп инспекторларының» жұмыстарын жандандыру



бет9/14
Дата04.05.2017
өлшемі2,5 Mb.
#15569
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Үш серіктестік «Ата-ана», «Мектеп психологы» және «Мектеп инспекторларының» жұмыстарын жандандыру

Ата-аналарды мектеп өмірінің қоғамдық жұмыстарына /ата-аналар комитеті жұмыстарын жандардыру / белсене араластыру

Ата-аналар жауапкершілігі туралы Білім Заңында шара қолдану туралы ұсыныстар енгізу.

Тарих толқынында” дөңгелек үстел, “Сенің жетістігің – Қазақстан!” ақпарат орталықтарын өткізуді ұйымдастыру




Кәмелетке толмағандар арасында ұлтжандылықты дамыту және ұлы қайраткерлердің идеяларын насихаттау арқылы жеткізу



Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің 2015-2016 оқу жылында «Нашақорлық пен маскүнемдіктің, жұқпалы аурудардың алдын алу» бағытында атқарылған жұмыстардың есебі


Нормативтік құжаттар

Нашақорлық, есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында

атқарылған жұмыстар

Тиімді тұстары




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 784 Қаулысы
Қазақстан Республикасында

Нашақорлықтың және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы

ҚР президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы

1678 жарлығы


13.06.2005ж. №401 бұйрығымен бекітілген тәрбие жұмысының 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарлама.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 Қаулысымен қабылданған

2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі –салауатты өмір салтын насихаттау. Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы биік, күшті адам тәрбиелеу жалпы мемлекеттік ортақ міндет. Орта мектептер мен орта және бастауыш кәсіптік білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 «Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамыту және реформалау мемлекеттік бағдарламасының іс – шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, сонымен қатар Білім және Ғылым министрлігінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 401 «2006-2011 жылдарға арналған тәрбиенің Кешенді бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде және нашақорлық, наркобизнеспен күрес, ЖҚТБ індетіне қарсы күрес бағдарламаларына, салауатты өмір салтын насихаттау орталығымен жасалған іс-шаралар жоспарына сай жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан республикасы Президентінің №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2016 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп директоры К.К. Бимағамбетова «Денсаулық фестивалін» өткізу туралы мектепішілік бұйрық шығарып, іс-шаралар жоспары жасақталды. Жоспар бойынша 5-қыркүйек күні сағат 10.00-де сыныптар сапқа тұрғызылып, мектеп директоры шараны құттықтау сөздерімен ашты.

Ұйымдастырылған шараның бағдарламасын дене шынықтыру пәні бірлестігінің жетекшісі А.Даригулов таныстырды. Жоспар бойынша оқушылар жаттығулар жасады, шағын футбол,ролик,60метрге жүгіру,үстел теннисі,тоғызқұмалақтан, волейболдан жарыстар ұйымдастылды. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

«28қыркүйек-Халықаралық құтырмамен күрес күніне»орай іс-шаралар жоспары жасақталып,мектеп басшысымен бекітілді.

Қыркүйек айының 29-да 3-4 және 8-9 сынып оқушыларына жануарлардың \иттердің\қауіпі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

Қазан айының 14-де нашақорлықтың,темекі мен маскүнемдіктің алдын -алу мақсатында 8-11сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті.Кездесуге Р.Өтесінов атындағы спор кешенінің қызметкері,күрес және жүзу бойынша бапкер Боранбаев Сапар Жеткізгенұлы қатысты.

Қазан айының 12-17аралығында 2-4сынып оқушыларынан «Мен салауатты өмірді таңдаймын», «Тәні саудың -жаны сау»тақырыптарында диктанттар алынды.

Қараша айының 08-де 10 «а», «ә»сыныптарының жетекшілерінң ұйымдастыруымен «Нашақорлық ғасыр дерті»тақырыбында пікірталас өтті.

Қараша айында «1 желтоқсан – ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне» орай апталық өткізілді. Апталық тәлім сәтінде ашылып,Жас мамандардың жетекшісі М.Тәңірбергенова «ЖҚТБ туралы біз не білеміз?» атты баяндама оқыды. Кітапханашылар «Нашақорлық-жанға қорлық» тақырыбында көрме ұйымдастырды.«Сақтан ұрпақ есірткіден» тақырыбында шығарма алынды. «ЖИТС-әлемдік дерт», «Жаңаөзен есірткісіз қала», «Ғасыр індетінен сақтанайық» тақырыпта барлық сыныптарда тәрбие, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізді. Сонымен қатар 3-7 сыныптар арасында «АИТВ және ЖИТС дегеніміз не?», «Есірткісіз болашақ», «ЖИТС 21ғасыр дерті» тақырыбында сурет көрмесі, жоғары сынып оқушылары нарколог маманмен, «Рухани мирас» ҚБ-нің төрағасымен, жастар орталығының маманымен кездесу өткізілді.

Желтоқсан айында 21-25 күндері «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу»атты тақырыптарда апталық өтті.

«Тұмау және оның алдын алу»тақырыбында сынып сағаттары өткізілді,3 және 5сынып оқушыларына «Тұмауға қарсы күрес»атты тақырыбында мектеп медбикесі Б.Таджиев баяндама оқыды.6Ә,7Гсынып оқушыларынан «ЖРВИ және тұмау» тақырыбында диктант алынды.

Қаңтар айында жедел респираторлы вирусты инфекциялар (ЖРВИ)тарап кетпеуіне байланысты эпидемияға қарсы(профилақтикалық) іс-шара жоспары жасақталып, соған байланысты жұмыстар атқарылды. Мектеп медбикесі ЖРВИ туралы баяндама оқып, оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізді.

Қазақ тілі пәні мұғалімдері оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық диктанттар жаздырды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Жаны саудың-тәні сау» ұранымен спорттық сайыстар ұйымдастырды. Барлық сыныптарда ЖРВИ-дың алдын алу мақсатында сынып сағаттары өткізілді.Сонымен қатар қаңтар айының 19-да 8-10сыныптар аралығында «Ішімдіктің,нашақорлықтың,темекі шегудің адам өміріне зияны»тақырыбында Жаңаөзен қалалық жастар орталығының басшысы Е.Илиясұлымен кездесу

Ақпан айында «Тұмау қауіпті-дерт!»тақырыбында ЗОЖ бөлімінің маманы М.Жаманкуловамен кездесу өткізілді.Сонымен қатар «Арақ аздырады,темекі тоздырады»тақырыбында биология пәнінің мұғалімі Г.Атшыбаева тәрбие сағатын өткізді.

Наурыз айында туберкуллезбек күрес күніне байланысты онкүндік өткізілді. Апталықтың алғашқы күндері мектеп медбикесі Б.Таджиева «Туберкуллезден сақтанайық» тақырыбында баяндама оқыды.Барлық сыныптарда туберкуллез ауруына байланысты баяндама оқып, пікіралмасулар, сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларға таратпа материалдары таратылды.Учаскелік дәрігер Г.Садыковамен кездесу өткізілді. Сонымен қатар спорттық шаралар өтті.

Сәуір айында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» атты 8 -cыныптар арасында спорттық сайыс өтіп, жеңімпаздары марапатталды.

Мамыр айында «Баламды қалай шынықтырамын»тақырыбында ата аналарға психолог Ж.Наурызбайқызы тренинг өткізді.


Көрсетілген

іс-шаралар оқушылар үшін өте тиімді.

Кездесулер, тәрбие сағаттары, лекциялар, жазба жұмыстарынан оқушылар көптеген

жан-жақты түсінік, мәліметтер ала алады.
Бұл жұмыстар жастарға құнды бағыт-бағдар береді.

Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы білімдерін қалыптастыру
- Оқушылар арасында әлеуметтік нашақорлық пен басқа зиянды заттарды қолданудың алдын алу мақсатында ақпараттық насихаттау кеңістігінің жұмыстарын жүргізу


6 орта мектептің 2015/2016 оқу жылына арналған



тәрбие тұжырымдамасы бойынша жылдық есеп

/8 бағыт/

Тәрбие жұмысының мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.



Міндеттері:

1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.



8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

2015/2016 оқу жылында №6 орта мектепте тәрбие жұмысын 26 бастауыш, 32 жоғарғы сыныптармен бастап, тәрбие тұжырымдамасы бойынша 8 бағытпен бастадық. Оларға тоқталатын болсам:

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  2. Рухани-адамгершілік тәрбие

  3. Ұлттық тәрбие

  4. Отбасы тәрбиесі

  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында мектебімізде «1 қыркүйек-Білім күніне» орай «Алғашқы қоңырау-2015» салтанатты жиыны өткізілді. Жиын соңы 1 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан», 2-4 сыныптарда «Бейбітшілік пен келісім», 5-8 сыныптарда «Ерлік сабағы», 9-11 сыныптар арасында «Маңғыстау-татулық пен бірліктің Отаны» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары және 2-3 сыныптарда «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» толуына орай тәрбие сағаттары өтті. Осы айда ТЖО: А.Демиханова мен мектеп психологы: Ж.Наурызбайқызы профилактикалық кеңес отырысын өткізді. Қазан айында ТЖО: А.Иманкалиеваның және тәлімгер А.Байбарақованың ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай «Ұстаз болу жүректің батырлығы!» атты апталық өткізілді. Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары мектеп инспекторы Б.Абдуллаевпен кездесті. 3А сынып жетекшісі Н.Изимбергенова «Рәміздерім-мақтанышым!» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Желтоқсан айында «1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне» орай іс-шаралар ұйымдастырылып, онда «Елбасы күні-елдікке құрмет» атты сурет көрмесі, «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаттары, «Қазақтың тұңғыш Президенті» атты шығармалар байқауы, волейболдан жарыс өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Н.Мурзабекова 9 сынып оқушыларына «Бала құқығы туралы конвенцияны» түсіндірді. «16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне» байланысты іс-шаралар өткізілді. Ақпан айында «15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл» толуына байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары ауған соғысының ардагерлері А.Даригулов және Б.Клычевпен кездесті. Наурыз айында «1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» байланысты апталық өткізілді. Мамыр айында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» және «9 мамыр – Жеңіс күніне» орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рухани-адамгершілік тәрбие бағытында қыркүйек айында әлеуметтік педагог Ж.Ермағанбетова мектепішілік «Мектепке жол-2015» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, жиналған қаржыны мектептегі мүжәлсіз, тұлдыр жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға бөліп берді. Қазан айында «1 қазан - Қарттар күніне» орай «Ақылды қария - ағып жатқан дария!» атты іс-шаралар өткізілді. Бұл шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары К.Мензелеева, А.Салаватова және Р.Изимбергенова қонаққа шақырылып, оларға кәсіподақ ұйымы атынан естелік сыйлықтар тапсырылды. Тарих пәнінің мұғалімі 11А сыныбында Л.Бегдуллаева «Жемқорлық-бұл кертартпалық» тақырыбында пікірталас өткізді. Желтоқсан айында 8-9 сынып жетекшілері өз сыныптарында «Ислам дінінің адамгершілікке тәрбиелеу қағидалары» атты сынып сағаттарын өтті. Қаңтар айында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Кітапханашылар А.Тегісбаева мен Г.Құсайынова «Дін-тәрбиенің мәйегі, дамуымыздың демі» тақырыбында кітапханада бұрыш жасақтады. Ақпан айында 8-11 сынып оқушыларының арасында діни ахуалдың алдын алу бойынша мешіт имамыен кездесу ұйымдастырылды. Наурыз айында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне» орай апталық өткізілді. Сәуір айында әлеуметтік педагог Ж.Ермағанбетованың жетекшілігімен «Жылы жүрек-жомарт қол» акциясы ұйымдастырылды. ТЖО: А.Аминованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып ұлдары арасында «Қылмыс өміріңе қауіп» атты тақырыпта құқық қорғау органының қызметкерімен кездесу ұйымдастырылды.

Ұлттық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында 6Г сынып жетекшісі М. Шалмұқанова «Құрбан айт-қасиетті мереке» атты тақырыпта сынып сағаттын өткізді. «22 қыркүйек – тілдер мерекесіне» орай пән бірлестік жетекшілері іс-шаралар өткізді. Қараша айында 8Ә сынып жетекшісі А.Байбарақова өз сыныбына «Б.Момышұлының рухани-адамгершілік және әскери мұралары» тақырыбында баяндама оқыды. Ақпан айында мектеп кітапханашылары .Ф.Оңғарсыноваға арналған поэзиялық кеш ұйымдастырды. Наурыз айында еңбек пәнінің мұғалімі Ж.Булекбаева мектепішілік «Бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты қолөнер көрмесін өткізді. ТЖО: А.Иманкалиева мен тәлімгер А.Байбарақованың ұйымдастыруымен «14 наурыз-Амал күніне» және «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар барысында тәрбие сағаттары, қабырға газеттері, пән бірлестіктер арасында «Келіндер сайысы», «Бесікке салу» рәсімі ұйымдастырылды. Сәуір айында 9-10 сыныптарда «Ата салтым-асыл қазынам» атты сынып сағаттары өтті. Мамыр айында кітапханшылар «Мағжан-қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» тақырыбында кеш өткізді.

Отбасы тәрбиесі бағытында қыркүйек айында «Отбасы күніне» орай «Отбасы-бақыт мекені» атты апталық өткізіліп, іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтіп, ата-аналар комитетінің құрамы сайланды. Қараша айында «Баланың бас ұстазы-Ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы, желтоқсан айында мектеп психологы Ж.Наурызбайқызы қиын және қиынға бейім оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, тренинг өткізді. Қаңтар айында «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы, наурыз айында «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» мақсатында жиналыс өтті. Мамыр айында 2 сынып ата-аналары арасында «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаз ата-аналар мектеп әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, жылдық қорытынды жиналыс болып өтті.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағытында қыркүйек айында «Еңбек күні» мерекесіне орай мектепішілік іс-шаралар барысында тәрбие сағаттары, еңбек ардагерімен кездесу және де мектеп ауласына сенбілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектеп медбикесі Б.Таджиева үнемі мектеп тазалығын бақылауда ұстады. Қазан айында бейнелеу пәнінің мұғалімі А.Исаева 5-6 сыныптарда мектепішілік «ЭКСПО-2017» сурет көрмесін ұйымдастырды. Желтоқсан айында 9-10 сынып оқушылары арасында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай бөлімінің мамандарымен кездесу өткізілді. Ақпан айында мектеп психологы Ж.Наурызбайқызы 11 сынып оқушыларына «Кәсібім-мақтанышым» атты психологиялық тренинг өткізді. Наурыз айында еңбек пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен мектеп ауласын абаттандыру, көркейту жұмыстары жүргізілді. Сәуір айында 4 сынып жетекшілері оқушыларымен мұражайға саяхат жасады. 9 сынып оқушыларынан Ж.Наурызбайқызының жетекшілігімен «Менің таңдауым» атты сауалнама алынды. Сонымен қатар, кітапханашылар «Табиғат-алтын бесігім» тақырыбында көрме жасақтады.

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында мектебімізде ТЖО: А.Иманкалиеваның ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында «Маусымашар-2015» ұйымдастырылып, жеңімпаз сыныптар марапатталды. Қазан айында 9-10 сынып оқушыларының арасында «Алтын күз-2015» байқауы ұйымдастырылды. Желтоқсан айында дайындық топ пен 11 сыныптар арасында «Жаңа жыл-2016» мерекелік кеші өткізілді. Наурыз айында 2Г сынып жетекшісі Б.Хаирова мен 2Д сынып жетекшісі Г.Басқараева «Ана-біздің шырағымыз», «Аяулы анашым!» атты тақырыптарда тәрбие сағаттарын өтті. Сәуір айында 3 сыныптар арасында «Әнші балапан» байқауы ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаз сыныптар марапатталды. Мамыр айында 8 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны-2016» байқауы өткізілді. Сонымен қатар, «Соңғы қоңырау-2016» салтанатты жиын өтті. Жиынға қала әкімшілігінен және ҚБҮО-нан мамандар қатысты.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағытында қыркүйек айында 7А, 8А сыныптарында «Балалардың денсаулығы мен дамуына ұялы телефондар мен компьютердің тигізетін жағымсыз және оң әсерлері» тақырыбында сыныптарда сынып сағаттары өтті. Қараша айында 5-11 сынып оқушыларының арасында «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Ақпан айында 3-4 сыныптар арасында «Сөз мәйегі-ой түйіні» атты мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Наурыз айында 8 сыныптар арасында «Көктем аруы-2016» байқауы өтті. Сәуір айында 5-6 сынып жетекшілері «18 сәуір – тарихи ескерткіштер күніне» орай сынып сағаттарын өткізді. «Кітаптар елінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Сонымен қатар, мектеп тәлімгері А.Байбарақова оқушыларды қалалық «Жас жол инспекторлар слеті-2016» қатыстырып, 2 орынға ие болды. Мамыр айында «1 мамыр – Ынтымақ, бірлік күніне» байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды. \

Дене тәрбиесі, Тәрбие жұмысының мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.



Міндеттері

1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.



8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

2015/2016 оқу жылында №6 орта мектепте тәрбие жұмысын 26 бастауыш, 32 жоғарғы сыныптармен бастап, тәрбие тұжырымдамасы бойынша 8 бағытпен бастадық. Оларға тоқталатын болсам:

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  2. Рухани-адамгершілік тәрбие

  3. Ұлттық тәрбие

  4. Отбасы тәрбиесі

  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында мектебімізде «1 қыркүйек-Білім күніне» орай «Алғашқы қоңырау-2015» салтанатты жиыны өткізілді. Жиын соңы 1 сыныптарда «Менің Отаным-Қазақстан», 2-4 сыныптарда «Бейбітшілік пен келісім», 5-8 сыныптарда «Ерлік сабағы», 9-11 сыныптар арасында «Маңғыстау-татулық пен бірліктің Отаны» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары және 2-3 сыныптарда «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» толуына орай тәрбие сағаттары өтті. Осы айда ТЖО: А.Демиханова мен мектеп психологы: Ж.Наурызбайқызы профилактикалық кеңес отырысын өткізді. Қазан айында ТЖО: А.Иманкалиеваның және тәлімгер А.Байбарақованың ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай «Ұстаз болу жүректің батырлығы!» атты апталық өткізілді. Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары мектеп инспекторы Б.Абдуллаевпен кездесті. 3А сынып жетекшісі Н.Изимбергенова «Рәміздерім-мақтанышым!» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Желтоқсан айында «1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне» орай іс-шаралар ұйымдастырылып, онда «Елбасы күні-елдікке құрмет» атты сурет көрмесі, «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаттары, «Қазақтың тұңғыш Президенті» атты шығармалар байқауы, волейболдан жарыс өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Н.Мурзабекова 9 сынып оқушыларына «Бала құқығы туралы конвенцияны» түсіндірді. «16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне» байланысты іс-шаралар өткізілді. Ақпан айында «15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл» толуына байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары ауған соғысының ардагерлері А.Даригулов және Б.Клычевпен кездесті. Наурыз айында «1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» байланысты апталық өткізілді. Мамыр айында «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» және «9 мамыр – Жеңіс күніне» орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет