Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің есебіне жазылған табыстар мен СҚ –ң 89 бабына сәйкес айқындалған басқа төлемдер бойынша туындаған күнінен бастап 3 жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады, табысқа ҚҚС жатқызылмайды.
Өтеусіз алынған мүлік СК 96 бабына сәйкес Салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны оның табысы болып табылады.
Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысының салық есебі
Корпоративтік табыс салығының төлеушілері:
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.