Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
«5 және 6 сандары және цифрлары»
Мақсаты: 5 және 6 сандарымен және цифрларымен таныстыру, цифрды заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету, заттарды санау дағдысын жетілдіру; 5 және 6 цифрларын дұрыс тану мен бейнелеуге үйрету.
Құрастыру
«Менің үйім»
Мақсаты: Құрылыс материалдарынан өз үйін құрастыру, ойлануға, өздігінен шығармашылықпен әрекет етуге баулу, құрастыру, дағдыларын қалыптас-у. Өз үй іші, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбие-у.
Жаратылыстану
«Табиғатта не өзгерді?»
Мақсаты: Күзде табиғатта болатын маусымдық өзгерістерді бақылау, бір-бірінен айыру және атын атап беруге; себеп салдарлық байланыстарды анықтай білуге үйрету.
|
Сурет салу
«Атама арналған тымақ»
Мақсаты: Балаларды ер адамға арналған бас киімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, бас киімнің басқада киімдерден өзгешелігімен таныстыру.
Мүсіндеу
«Отбасы мүшелеріне арналған ыдыстар»
Мақсаты: Геометриялық фигураларға келтіре отырып, ыдыстарды мүсіндеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аппликация
«Әжемнің камзолы»
Мақсаты: Сәнді қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру; қиюдың түрлі тәсілдерін сәндік қолданбалы өнер элементтерін жапсыруда қолдана білуді үйрету; саусақ қимылдарын дамыту.
Музыка
Маман жетекшісінің жоспары бойынша
|