Жылғы №1 басылым беттің беті 1 глоссарий агглютинация


Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары



бет58/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#24626
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95
Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары. Етістік – сөз таптарының ішіндегі грамматикалық категорияға ең бай сөз табы. Етістіктің грамматикалық категориялары лексика-грамматикалық категориялар және таза грамматикалық категориялар деп екіге бөлінеді. Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларына салттылық-сабақтылық, етіс және болымды-болымсыздық категориялары жатады. Ал сипат, шақ, рай, модаль категориялары етістіктің таза грамматикалық категориялары болып табылады.
Салттылық-сабақтылық, етіс және болымды-болымсыздық категорияларының лексика-грамматикалық категория деп танылуына осы категорияларды құрайтын грамматикалық мағыналардың тікелей лексикалық мағынамен байланысып жатуы, немесе осы категориялардың тұлғаларын етістікке қосқанда оның лексикалық мағынасына аз-кем өзгеріс енуі себеп болған. Ал таза граммаатикалық категориялардың мағыналары – лексикалық мағынаға тікелей байланысты емес, сөз табы ретіндегі грамматикалық мағынаның үстіне жамалатын мағыналар.
Етістіктің есімше, көсемше және қимыл есімі мен қимыл иесі тұлғалары жеке-жеке грамаатикалық категорияларды құрамайды, бұлар етістіктің ерекше түрлері деп танылады. Рас, есімше мен көсемше шақ категориясының грамматикалық мағыналарын білдіреді, сол категорияның формалық көрсеткіші деп танылады, бірақжеке өздері грамматикалық категория бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет