Жылғы оқу жылында 9 (10)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі НҰСҚаулық


Өткізу мерзімі: 13-17. 01. 2020 ж



бет2/3
Дата06.06.2022
өлшемі22,8 Kb.
#146068
1   2   3
Өткізу мерзімі: 13-17. 01. 2020 ж.
2. Білім басқармалары емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеу және сараптау бойынша жұмыс топтарын құрады. Тәжірибелі пән педагогтары қатарынан әзірлеушілер мен сарапшылар тобының жұмыс топтарының құрамы Білім басқармалары бұйрығымен бекітіледі.
Өткізу мерзімі: 01.02.2020 ж. дейін.
Оқу пәндері бойынша әзірлеушілер тобы қорытынды аттестаттау бойынша тапсырмалардың нұсқаларын дайындайды:
- жалпы білім беретін мектеп үшін - 2 нұсқа (негізгі) + 1 нұсқа (қосымша);
- гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған мектептер үшін - 2 нұсқа (негізгі) + 1 нұсқа (қосымша);
- арнайы ұйымдар, арнайы сыныптар мен топтар үшін -1 нұсқа.
- білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін - білім алушының жеке оқу жоспарына сәйкес нұсқа («Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы (ескерту - ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға арналған қорытынды аттестаттау бойынша оқу тапсырмаларын әзірлеуді білім беру ұйымдарының педагогтары жүзеге асырады және педагогикалық кеңесте бекітеді).
Әрбір оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау өткізілген күні әзірленген тапсырмалардың негізгі нұсқалары пайдаланылады.
Қорытынды аттестаттау тапсырмаларының қосымша нұсқалары білім алушы дәлелді себептермен қорытынды аттестаттау өткізілетін күні болмаған жағдайда пән бойынша қосымша емтиханда пайдаланылады.
3. Білім басқармалары білім беру ұйымдарына, пән мұғалімдеріне 9 (10) сынып оқушыларын даярлау үшін қорытынды аттестаттаудың оқу пәндері бойынша ерекшеліктерді жеткізеді.
Іске асыру мерзімі: 10.02.2020 ж. дейін.
4. Пән мұғалімдері 9 (10) сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындауды.
Мерзімі 15.02.2020 ж. бастап.
5. «Оқу пәндері бойынша жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» курсынан өткен тренерлер емтихан жұмыстарының материалдарын әзірлеушілер мен сарапшылар үшін өңірлік оқыту семинарларын өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет